Білім күні "Аяулы менің мектебім" » І.Жансүгіров Средняя школа имени ө МДШО
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"І.ЖансүгіровСредняя школа имени -мектепке дейінгі шағын орталығымен"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Білім күні "Аяулы менің мектебім"
02
сентябрь
2019

Білім күні "Аяулы менің мектебім"

«І.ЖансүгіровСредняя школа имени – МДШО» КММ
2 – қыркүйек Білім күніне арналған «Аяулы менің мектебім!» атты салтанатты мерекенің өткізілгендігі жайындағы ақпарат

Салтанатты мерекенің мақсаты: оқушыларға «Білім күні» мерекесі жөнінде түсінік беру. Қазақстан Республика Конституциясы туралы білім қалыптастыру. Оқушылардың ой – өрістерін кеңейту, таным белсенділіктерін арттыру, білімге құштарлығын туғызу, тілдерін дамыту. Өз Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
«Білім күні» мерекесімен құттықтау сөз мектебіміздің директоры Азимбаева Алтын Төленқызына берілді. Әр адам өмірге келген соң, есейген сайын білімге, өнерге құштар болады. Ал білімді тек мектепте толық, жан – жақты алуға мүмкіндік бар.
Осы қуанышты мереке Қазақстан Республикасы Конституциясының туған күнімен сәйкес келіп отыр. Конституция – саяси тұрақтылық пен азаматтар әл – ауқатының артуының кепілі – деді Алтын Төленқызы.
Төл мерекемізге Жаңашар селолық округінің әкімінің орынбасары Надиров Тимур Сулейменович, ауылымыздың құрметті ұстаздары Джунуспекова Н.К, Оразгалина А.О, Қожабекова С.Т. қатысып сөз сөйлеп, 1 – 11 –ші сынып оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтады.
Биыл 1а сыныбында – 20 оқушы, сынып жетекшісі Тебенова Ж.А, 1б сыныбында – 20 оқушы, сынып жетекшісі Отынтаева С. оқушыларына тақпақтарын айтқызды. 11 – сынып оқушылары гүл шоқтары мен сыйлықтарын берді.
Жиынның соңында 11- ші сынып оқушылары, 1 – ші сынып оқушыларын мектепке алып кірді.







Орынд: ДТЖ орынбасары
Қ.Абдуваитов

Похожие публикации:

10 апрель 2017 ЕНТ туралы
10 апрель 2017 Сабақ кестесі
Наш адрес
Еңбекшіқазақ ауданы, улица, дом

©2020-2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "І.ЖансүгіровСредняя школа имени -мектепке дейінгі шағын орталығымен" отдела образования Шуского района
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru