2023-2024 арнайы маманның жылдық есебі
«Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі»
«І.ЖансүгіровСредняя школа имени -мектепке дейінгі шағын орталығымен және Базаркелді бастауыш мектебімен» КММ-сі
Арнайы маманның жылдық
ЕСЕБІ.
2023-2024 оқу жылы
Қыркүйек айына арналған анықтама
Мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық даму ерекшеліктері туралы диагностикалық іс-құжаттарын жинақталды;Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға мінездеме толтырылып,әр оқушының үйлеріне жекелей барып психолог,соц.педагогпен бірлесіп акт толтырылды.
Мектепте мүмкіндігі шектеулі 6 оқушы бар:
- 2 А Айтқазы Саят
- 6 А Пазылжан Инабат
- 2 Б Павлов Демид
- 6 Б Иванов Виктор
- 6 В Османова Шырын
- 7 Б Плахин Владимир
Инклюзивті білім беру бойынша 1 оқушы бекітілді.
5 Б сынып оқушысы Нуртаев Диар (ата-анасының ОПМПК мамандарына өтініші бойынша)
Оқушылардың сабақтағы іс әрекетін бақылау формалары /1а,б.2а,б.3а,б,в,г.4.5.6.7/толтырылды.
Оқушылардың ата-аналарының құжаттары,оқушылардың құжаттары жинақталды. Сынып жетекшілерімен танысып,керек жарағы түгенделді.Мүмкіндігі шектеулі,үйде оқитын 6 оқушың әр қайсысының үйне барып психологиялық жай күйін қарап,мінезедеме толтырылды.
Мүмкіндігі шектеулі балаға медициналық, педагогикалық мағлуматтар жинақталды. ВКК справка,ОПМПК справкалары алынып жинақталды.Арнайы маман мектеп бағдарламасын сәтті меңгеруге кедергі болатын ерекше білім беруді қажет ететін балаларды түзету-дамыту сабақтарына тіркелді. ДОЖТІЖО және ата-анамен бірлесіп сабақ кестесі құрылды.
Жаңа оқу жылына кабинетті жабдықталып, оқушылар тізімі құрылды, жылдық, кешенді жоспар құрылып,бекітілді.
Дамуында кемістігі бар оқушылардың ата-аналарына кеңес берілді.Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мақсатында мұғалімдерге кеңес берілді;

Қазан айына арналған анықтама
Бастауыш сынып оқушыларының тіл кемістігі бар баларды анықталып,директормен бекітілді.Кемістігі анықталған оқушыларға дефектологқа келу кестесін құрылды.
Үйден оқитын оқушылармен түзету- дамыту жұмыстары жүргізілді.Ерекше білім берудіқажет ететін балалардың әлеуметтік қызметтерді меңгеру тәсілдері қалыптасты.«Бояуыштар» жаттығуы жасалды. Әр түрлі бояу түрлерін атап сонымен жұмыс жасалды;«Уақытты анықтау» жаттығуы жасалды.
Оқушымен жүргізетін жеке даму жұмысының әдістемелік бағдарламасын әзірленді. Тәжірибе алмасу мақсатында аудан дефектологтарының әдістемелік бірлестік семинарларына қатыстым.
Оқушыларды сабақ барысында бақылау жүргізілді;Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мен тәрбиелеу мақсатында ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізілді; Үйден оқытын оқушылар:


Қараша айына арналған анықтама
Кемістігі анықталған оқушыларды топқа және жеке дара жұмыс жасау тобына жинақтап жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.
1- сынып оқушыларының сөйлеу мәнеріндегі дыбыстың дұрыс шығуы қадағаланып,дыбыс артикуляциясы,логопедиялық тілге арналған жаттығулар жасалды. Сонымен қатар оқушылармен нейропсихиканы жақсарту мақсатында әр түрлі саусаққа арналған,ойдың даму жүйріктігіне арналған жаттығулар жасалды.
Арнайы білімді қажет ететін баланың психикасы мен қызметін дамытудағы компенсаторлық механизмерін дамытуға көп көңіл бөлінді. Түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.Оқушының заттарды сипаттау және нақты ажырата білу мақсатында « Көлем.Пішін.Қатты.Жұмсақ » жаттығулары жасалды. Ұсақ қол маторикасын жақсарту және жылдамдыққа қарай жұмыс жасау мақсатында «Дәнді дақыл»мен жұмыс яғни аралас дәндерді ажырату,дәндерден жануарлар бейнелері жасалды.Берілген дыбыстарды мысалы:жануарлардың,аңдардың және де әр түрлі заттардың дыбысталуын қайталау арқылы жақ, тіл,ауыз қуысы артикуляцисы мен жұмыс барысында «Қалай дыбыстайды»жаттығулары жасалды.«Артикуляциялық жаттығулар»/тілге арналған жаттығулар үнемі сабақ барысында жасалып отырды.
Преподавателидің ашық сабақтарына, семинарларына және т.б. іс –шараларға қатыстым.«Инклюзивті білім берудің мақсаты мен міндеттері» тақырыбында үйден оқитын оқушыларға сабақ беретін мұғалімдермен сұхбаттар жүргізіліп баяндама оқылды.
Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына дефектолог маманын кеңес берілді.Тіл кемістігі анықталған оқушылардың ата-аналарына «Саусаққа арналған жаттығулар» ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар ұсынылды.


Желтоқсан айына арналған анықтама
Тіл кемістігі анықталған оқушылармен түзету-дамыту,артикуляциялық жаттығулар жасалды.Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәнеріндегі дыбыстың дұрыс шығуы қадағаланып,сынып жетекшілер ұсынған оқушылармен жалпы диагностика жасалды.Әр тоқсан сайын түзету-педагогикалық жұмысқа түзетулер енгізілді.
Бірінші жарты жылдыққа қорытындысы жасалды.
Школьникам жеке дара түзету-дамыту сабақтары жоспар бойынша өткізілді.
Білім алушылардың жалпы тұлға болып қалыптасуында,танымдық қызметтерінің дамуын дағы екінші реттік ауытқушылықтардың пайда болуы ескертіліп алдын алынды.
« Қыс» мезгіліне байланысты бояуыштар мен сурет салынып,ермексазбен жұмыстар жасалды.
Үйден оқитын қушыларға жеке дара түзету-дамыту сабақтарына түзетулер енгізілді.
Білім алушылардың жалпы тұлға болып қалыптасуында, танымдық қызметтерінің дамуындағы екінші реттік ауытқушылықтардың пайда болуы ескеріліп және алдын алу жұмыстары жүргізілді.
- «Ермек сазбен жұмыс» жаңа жылдық шырша және оған асылатын ойыншықтар тақырыбындағы қол өнерлерін жасалды.
- «Ертегі құрастырамыз»/берілген жануарлар бейнесі арқылы ертегі құрастыру/
- «Пазл»/пазлды деңгейлеріне қарай құрастыру.
Жұмыстары жүргізілді.
Жалпы мектепішілік және сыныптық ата-аналар жиналыстарына қатысып жалпы және жекелей кеңестер берілді. Үйден оқитын оқушылардың ата-аналарымен диагноздарына және өтіліп жатқан сабақтардың тақырыптарына қарай кеңестер берілді. Психологпен бірлесіп әр түрлі тақырыптарда сауалнамалар жүргізілді.
Дамуында кемістігі бар оқушылардың ата-аналарына кеңестер берілді;
Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мақсатында мұғалімдерге кеңес беріліп.Үйден оқитын оқушылардың жетістіктері талқыланды.




Қаңтар айына арналған анықтама
Үйде оқитын әр баланың психикалық даму ерекшеліктеріне жекелей көңіл бөліп диагностикалық тексеруден өткізілді.Әлеуметтік,психологиялық және оқу-білім дағдыларының статусын жіктеу мақсатында ерекше білім беруді қажет ететін әр оқушының кешенді психолоиялық –педагогикалық зерттеулері жүргізіліп тақырыптар бойынша қайталау сабақтары өтілді.Оқушылардың даму динамикасының ерекшеліктерін анықтау мақсатында сабақ барысында бақыланды.
Көру ,есту, сөйлеу қабілеті бұзылған, сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға психологиялық көмек көрсету арқылы үйретілді.Қоршаған ортаны бағдарлауын қалыптастырылып,айналасын қоршаған өзі отырған жерді.баратын жерін дұрыс бағдарлау үйретілді.Қажетті психофизикалық қызметтің деңгейін дамыту бойынша .Нейро гимнастикалық жаттығулар жасалды. Артикуляциялық жаттығулар жасалып нейро жаттығулар жасалды.«Сіріңкемен немесе санау таяқшаларымен санау арқылы әр түрлі пішімдер жасау »жаттығулары жасалды.
Жалпы мектепішілік және сыныптық ата-аналар жиналыстарына қатысып ата-аналардың жекелей сұрақтарына жауаптар берілді.
Дамуында кемістігі бар оқушылардың ата-аналарына кеңестер берілді.Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мақсатында мұғалімдерге кеңес берілді.Оқушылар сабақ барысында бақыланды.Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мен тәрбиелеу мақсатында әкімшілікпен бірлесіп ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.МАД, бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына кеңестер берілді.
Ақпан айына арналған анықтама
Үйде оқитын әр баланың психикалық даму ерекшеліктері анықтау мақсатында диагностикалық психологпен бірлескен тексеруден өткізілді.Әлеуметтік,психологиялық және оқу-білім дағдыларының статусын жіктеу мақсатында ерекше білім беруді қажет ететін әр оқушының кешенді психолоиялық –педагогикалық көмектер тұрақты түрде . Баланың жасаған жұмысын кешенді түрде зерттеу қажеттіліктерін бағалау арқылы түзету-дамыту,сенсорлы дамыту жұмыстары жүргізілді.
Баланың жасаған жұмысын кешенді түрде зерттеу қажеттіліктерін бағалау арқылы анықтау бойынша әр түрлі жаттығулар жасалды.0-1 сынып оқушыларымен «Қайшымен жұмыс істеу дағдыларын жаттықтыру» жаттығу жұмысы жасалды. «Күн» /қысқыш арқылы күн бейнесін жасау/ жаттығуы үйден оқитын оқушылар мен және 0,1 ші сынып оқушыларымен жүргізіледі. «Жыл мезгілдері»/берілген суреттерге қарай жыл мезгілдерінің белгілерін анықтау/ оқушыларға жыл мезгілдерінің суреттерін салдырып,ерекшеліктерін ажыратып суреттер салынды.Ұсақ қол маторикасын дамыту мақсатында үйден оқитын оқушылар мен және 0,1 сынып оқушылармен «Саусақ жаттығулары» жасалды.
Педагогтармен,психологпен,мектеп медбикесімен тіл кемістігі бар балаларға ортақ көмек көрсетуілді. Сұраныс бойынша ата-аналарға кеңес берілді. Өзін-өзі дамыту. Интернет желісінде арнайы мамандар тәжірибесімен алмасып,қажет мағұлыматтар алынды. Аудандық,облыстық семинарларда тәжірибе алмастық. №1 «Облыстық арнайы мектеп интернаты» КММ. «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар мен жұмыс барысындағы педагогтер ынтымақтастығы»тақырыбында ауданның арнайы мамандарына арналған семинар ұйымдастырды.
Родителям сұраныс бойынша сұрақарына жауаптар беріліп,кеңестер берілді.
Наурыз айына арналған анықтама
Үйде оқитын әр баланың психикалық даму ерекшеліктері анықтау мақсатында диагностикалық тексеруден өткілді.Әлеуметтік,психологиялық және оқу-білім дағдыларының статусын жіктеу мақсатында ерекше білім беруді қажет ететін әр оқушының кешенді психолоиялық –педагогикалық зерттеуін жүргізіп жоспар бойынша түзету дамыту жұмыстары жүргізілді.
Жеке және бейімделген оқу бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша мектеп мұғалімдеріне кеңестер беріліп (талқылау, талдау, олқылықтармен жұмыс) сол бойынша жұмыс жасау ұсынылды.Жеке жұмыс жасауды қажет ететін балалармен жекелей жұмыстар атқарылды.Мектептегі ЕББҚ бар оқушылар мектепішілік өткізілген іс-шараларға қатыстырылды («22-наурыз –Ұлыстың ұлы күні»).Нормативные документымен жұмыстар толықтырылды.
Бала дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып , жеке дамыту бағдарламалары жүргізілді.
- «Тәні саудың - жаны сау » жаттығуы жасалды.Адам дене мүшелерімен танысып және олардың қызметтері туралы айтылды.
- «Мыйдың екі жарты шары»/берілген сызбаларды екі қолмен теңдей сызу арқылы нейро жаттығулар жасалды/
- «Сақина»жаттығуы/сақина домалақтарын дұрыс құрастыру,көлеміне қарай орналастыру /жасалды.
- «Көлеңкесін тап»жаттығу/жануарланды көлеңкесіне қарай орналастыр/жасалды
Педагогтармен,психологпен,мектеп медбикесімен үйден оқитын оқцшыларға ортақ көмек көрсетілді. Үйден оқитын оқушыларға сабақ беретін жас мамандарға кеңестер беріліп,сабақ жоспарын оқушы диагноздарына қарай ұйымдастыру ұсынылды.
Сәуір айына арналған анықтама
Ерекше білім беруді қажет ететін әр оқушының қабілеттерін зерттеп өтіліп жатқан сабақтардан қандай нәтижелер шығарып жатырмыз соның барлығын мектеп психологымен диагностикалап, жоспар бойынша төртінші тоқсанда өтілетін сабақтардың тақырыптары мен түзету дамыту әдістеріне назар аударылды.Әр тоқсан сайынғы түзету-педагогикалық жұмысқа түзетулер енгізілді.Отбасы жағдайында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарына кеңестер берілді.
«Апплекация»/әр мейрамға байланысты апплекация жасау/оқушылардың даму ерекшеліктеріне қарай әр түрлі апплециялық жұмыстар жүргізілді.
«Адамның дене мүшелері»/адамның дене мүшелері мен танысу және олардың қызметі.Карточкалармен жұмыс. Адам дене мүшелерінің қызметін жекелей түсіндіріп өмірдегі мәні,денсаулықты қалай күту керектегі туралы түсініктер берілді. Денсаулыққа зиянды тамақтардан тыйылу,салауатты өмір салтын ұстану туралы толық мәліметтер берілді.
«Пішімдерді аяқта»жаттығу/берілген пішімдерді аяқтау/баланың деңгейіне қарай әр келкі пішімдер ұсынылды қосымша сол пішімдерді аяқтау ,ұқсас пішімдерді табу және пішімдерді дұрыс сыза білу үлгілерімен жұмыстар жасалды.
Үйден оқитын оқушылардың бейімделген оқу бағдарламасының үлгісін дайындау.Сұраныс бойынша мектеп мұғалімдеріне кеңестер берілді.. Жеке оқу бағдарламалары бойынша мұғалімдерге жеке кеңестер берілді. Оқушыларды сабақта бақылау хаттамалары толтырылып (форма 2а,2 б)формалары толтырылды. Оқу бағдарламаларына сәйкес дидактикалық материалдарды жинақталды. Сұраныс бойынша ата-аналарға кеңестер берілді.
Мамыр айына арналған анықтама
Даму динамикасын және жыл бойы жүргізілген жұмыстың нәтижелілігін анықтау мақсатында тіл кемістігібар оқушылар және үйден оқитын оқушылар диагностикалық тексеруден өткізілді. Тіл кемістігіне байланысты оқушылар диагностикасы жасалып,ата-аналарына кеңестер берілді.
Үйден оқитын оқушыларға ПМПК мамандарының қорытындыларының негізінде ата-аналарға жазғы демалыстарға кеңестер берілді.Былтырғы жылмен салыстырмалы түрде мінездеме толтырылды..Жыл бойы жүргізілген жұмыстың нәтижелілігін анықтау арқылы балаларға педагогикалық-психологиялық көмек көрсетілді.Үйденоқитын оқушылар және МАД топтары мен «Бағдаршам»ойын.суретін салу. «Қайталап сыз»/сызбаны нүстені санау түзету-дамыту ойындары жүргізілді.
Үйден оқитын оқушыларға сабақ беретін мұғалімдергеде кеіестер берілді.Үйденоқитын оқушылармен өтілген тақырыптар бойынша аналитикалық отчет жасалды.2 ші жарты жылдық,жылдық есептер өткізілді. Атқарылған жұмыстар бойынша суреттер:




