«Бастауышым - балбұлағым» атты бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің апталық есебі
«І. Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен және Базаркелді бастауыш мектебімен» отдела образования Шуского района
20.01.-24.01.2025 аралығында «Бастауышым - балбұлағым» атты бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің апталық есебі
Мақсаты: Интеллектуалды білім беру платформалар аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру, сабақта алған білімдерін дамыту. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;
Күтілетін нәтиже: Цифрлық платформаларды сабақта қолдана отырып, оқушылардың сабаққадеген қызығушылықтары артады, ойлау қабілеттері дамиды.
Шығармашылықпен жұмыс жүргізеді.

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің апталық жоспары
№ | Тақырыбы | Өткізу түрі | Жауапты мұғалім | Мерзімі | Жауапты сыныптар |
1 | Апталықтың ашылуы. | Салтанатты ашылуы | Бастауыш сынып жетекшілері | 20.01.2025 сағ10:00 | 1-4 сыныптар |
2 | Математика «Внетабличное умножение и деление. Закрепление. Графика» | Ашық сабақ. | Солодкая Н.С | 20.01.2025 сағ 12:50 | 3 «Б» сынып |
3 | Естествознание «Какие бывают животные?» | Ашық сабақ. | Жилко Н.А. | 21.01.2025 сағ 08:50 | 1 «Б» сынып |
4 | Қазақ тілі «Атау септік» | Ашық сабақ. | Халитова Ф.Н. | 21.01.2025 сағ 08:00 | 4 «А» сынып |
5 | Русский язык «Тайны русского языка» | Сыныптан тыс сабақ | Солодкая Н.С | 22.01.2025 сағ 12:50 | 3 «Б» сынып |
6 | Математика «Қарапайым мысалдарды шығару» | Ашық сабақ | Ажиева Г.А | 22.01.2025 сағ 12:30 | 0 «А» сынып |
7 | Математика «Есептер шығару» | Ашық сабақ. | Көшербай Қ.К | 23.01.2025 сағ 08:50 | 1 «А» сынып |
8 | Математика «Адамдар уақытты қалай өлшеген?» | Сыныптан тыс сабақ | Халитова Ф.Н. | 23.01.2025 сағ 09:50 | 4 «А» сынып |
9 | Әдебиеттік оқу, ана тілі «Үйшік» | Сыныптан тыс сабақ | Көшербай Қ.К. | 24.01.2025 сағ10:50 | 1-2 сыныптар |
10 | Познание мира «Родной край» | Сыныптан тыс сабақ | Жилко Н.А | 24.01.2025 сағ 11:40 | 1 «Б» сынып |
11 | Апталықтың жабылуы Марапаттау | Қорытындылау Марапаттау | Бастауыш сынып жетекшілері | 24.01.2025 сағ 10:00 | 1-4 сыныптар |
Бастауыш сынып апталығына бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды. Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып мектеп директоры Сагидуллаева Р.С. бекітті.Апталық қарсаңында бастауыш сынып оқушылары оқитын мектептің бөлмесін тақырыпқа, мерекеге сай шарлармен, апталықтың түсті қағаз бетіне басылған атымен, түрлі әдемі суреттермен, қабырға газеттерімен, гүлдермен безендірілді.Бастауыш сынып апталығы 20 қаңтар күні 3 сабақтан кейін болатын үзілісте апталықтың ашылуын өткізуден басталды. Ашылу салтанатына барлық бастауыш сынып оқушылары қатысып, өнерлерін көрсетті. 1-4сынып оқушылары оқу-білім туралы жаттаған өлең жолдарын айтып апталықты ашты.Көптеген қызықты ұлттық ойындар көрсетті.
Ашылу салтанатының соңы «Қазақ елі» әнімен аяқталды.
Апталық ашық сабақтармен жалғасын тапты.
20 қаңтарда 3 «Б» сыныбында математика пәнінен «Внетабличное умножение и деление. Закрепление.Графика» «» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сынып жетекшісі: Солодкая Н.С.

Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай жоғары деңгейде құрылған. Сабақта функционалды сауаттылығын арттыру бойынша әдіс-тәсілдер қолданылды. Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай жоғары деңгейде құрылған. Сабақта оқыту платформалар қолданылды. Сабақта тіл мәдениетіне, сөйлеу дағдыларына, тәрбиелік кезеңдеріне көңіл бөлінді.Жұппен жұмыс,қарқын оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді.Топтық жұмыс жүргізілді. Топ бірін-бірі бағалады. Бағалау кезеңінде мұғалім бағдаршам түстерін қолданды.
21 қаңтар 4 «А» сыныбында қазақ тілі сабағы «Атау септік» тақырыбында ашық сабақ болды.
Сынып жетекшісі: Халитова Ф.Н.


.
Мұғалім сабақта функционалды сауаттылығын арттыру бойынша әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдана отырып,сабақты «Wordwall » платформасын қызықты, ойынмен өткізілді. (сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру) тапсырмалар арқылы теориялық білімдерін практикалық жолмен дәлелдеп бере алады. Сөзжұмбақ, пазл, викториналық сұрақтар, суреттерді іріктеу қызықты ойындар өткізілді Оқушылар сабақта белсенді қатысып отырды.Цифрлық оқу сауаттылығы сабақтарымен байланысты болды. Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай жоғары деңгейде құрылған. Сабақта «Буллинг», «Бәйге», «Көбелекті гүлге қондыр» әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабақта тіл мәдениетіне, сөйлеу дағдыларына, тәрбиелік кезеңдеріне көңіл бөлінді. Жұптық жұмыс қабілетті оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді.Топтық жұмыс жүргізілдіОқушылар домбырамен өздеріне балл жинап ,бағаланды.Обратная связь «Білім қоржыны» қолданды. Оқушылар сары, жасыл ,қызыл түсті асыққа сабақта алған білімдерін ортаға салды.
21 қаңтар 1 «Б» сыныбында естествознание пәнінен « Какие бывают животные» тақырыбында ашық сабақ өтті.Сынып жетекшісі: Жилко Н.С.

Мұғалімнің сабақ жоспары жас ерекшелігіне байланысты әдістемелік талап тұрғысына сай деңгейде құрылған. Сабақта функционалды сауаттылығын арттыру бойынша әдіс-тәсілдерді сабақ кезеңдеріне сай ұтымды пайдалана білді. Соның ішінде оқушының атмосферасын көтеру мақсатында шаттық шеңбері аясында тілек айту арқылы бір-біріне көтеріңкі көңіл, жағымды атмосфера туғызды. Сөзжұмбақ, пазл, викториналық сұрақтар, суреттерді іріктеу қызықты ойындар өткізілді . Тақырыпты ашу мақсатында видеоның көмегімен оқушыларға сыни тұрғыдан ойландыратын өз бетінше шешім шығаруға, өз ойын ортада еркін түрде білдіруге бағыт берді. Әдістерде: Джиксо әдісін қолданды .Қол шапалақ, басбармақпен бағаланды.Топтық жұмыс жүргізілді. Топ бірін-бірі , топ ішінде бағалар алды. Бағалау кезеңінде мұғалім бағдаршам түстерін қолданды. Сабақ өз мақсатына жетті.
22 қаңтарда 3«Б» сыныбында « Тайны русского языка» сыныптан тыс сабағы өттілді.
Сынып жетекшісі: Солодкая Н.С.
. Сабақтың мақсаты: ойлау қабілетін дамыту, ойын түсінікті етіп жеткізе білуге баулу, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, топтық жұмысқа бейімдеу, өзін-өзі реттеу. Сабақта функционалды сауаттылығын арттыру әдіс-тәсілдерді: «Жедел ойлау стратегиясы», «Поезд вагон» қолданды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін бірінші ынтымақтастық атмосферасын құрудан бастады. Сөзжұмбақ, пазл, викториналық сұрақтар, суреттерді іріктеу қызықты ойындар өткізілді Оқытуды басқару және көшбасшылық модулін басшылыққа ала отырып, топ ішінен белсенді ұйымдастыру қабілеті жоғары жауапкершілігі мол оқушыларды шығару мақсатында топтарға өз ішінде қызметтерін бөліп берді. Топ басшыларын бес саусақ арқылы бөліп алды. Қол шапалақ, басбармақ бағаланды Бағалау кезеңінде баллмен қолданды. Кері байланыс Поезд вагондармен сабақта алған білімдерін ортаға салды.
22 қаңтарда 0 «А» сыныбында математика пәнінен «»тақырыбында ашық сабақ өтті. Сынып жетекшісі: Ажиева Г.А.

Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылық танытып, белсене қатысты. Мұғалім сабақта функционалды сауаттылығын арттыру әдіс-тәсілдерді әрі тиімді ,сабақтың мақсатына сай болды.Мұғалімнің сабаққа дайындаған көрнекі құралдары эстетикалық талғамға сай болды. «Телефонмен сөйлеу» әдіс –тәсілдер арқылы цифрларды ажырата білуге ұмтылды. «Буллинг» әдіс-тәсілдер арқылы жылдамдыққа бейімделді. Мұғалім сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістеріне сүйене отырып жүргізді. Сабақ кезінде ойын элементтері орынды қолданылды.
23 қаңтар 4«А» сыныбында «Адамдар уақытты қалай өлшеген?» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өтті. Сынып жетекшісі: Халитова Ф.Н.

Мұғалім өз сабағына «Wordwoll» цифрлық платформа арқылы сабақта «Колесо фортуны» ойынды қызықты етіп өткізді. Сөзжұмбақ, пазл, викториналық сұрақтар, суреттерді іріктеу қызықты ойындар өткізілді Сабақта функционалды сауаттылығын арттыру бойынша әдіс-тәсілдерді сабақ кезеңдеріне сай ұтымды пайдалана білді. Соның ішінде оқушының атмосферасын көтеру мақсатында шаттық шеңбері аясында тілек айту арқылы бір-біріне көтеріңкі көңіл, жағымды атмосфера туғызды. Сабақта балалар белсене қатысты. Сабақта жұппен, топпен жұмыс өтілді. Бағалау кезеңінде мұғалім балл қолданды. «Білім қоржыны» арқылы үш түрлі асыққа сабақта алған білімдерін кері байланыс береді.
23 қаңтар 1 «А» сыныбында математика пәнінен «Есептерді шығару» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сынып жетекшісі: Көшербай Қ.К

Мұғалімнің сабаққа дайындаған көрнекі құралдары эстетикалық талғамға сай болды. Мұғалім сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістеріне сүйене отырып жүргізді. Сабақ кезінде ойын элементтері орынды қолданылды. Балалар 10 цифрлармен есеп шығаруға үйретілді. Балалар пішіндердің айырмашылығын және ұқсастығын ажырата біледі. Ұйымдастыру кезені көңілді сандар сол сандарды таңдау арқылы көңіл күйлерін көрсету және сабаққа сәттілік тілейді. Айдаһар»Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «айдаһардың басы», соңындағы оқушы «құйрығы». Басы құйрықты ұстап алады.Пазл ойыны жұптық ойын берілген есепті пазл арқылы құрастырып шығады.Кім жылдам?сандар құрамын жазып шығады.Есептің шешуін жауабын жазады. Сабақта топтық жұмыс , жеке жұмыс, жұптық жұмыс болды. Обратная связь алма ағашы кызыл, жасыл, сары алмалардың бірін таңдап бүгінгі өтілген сабаққа кері байланыс берді.
24 қаңтар 1 «А» сыныбында «Ертегілер елінде саяхат» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өтті. Сынып жетекшісі: Көшербай Қ.К

«Үйшік ертегі» балалар қоян, қасқыр,тышқан,түлкі,аю кейіпкерлер рөлінде ойнады.Кейіпкерлер рөлінде қимылдар жасайды. Кім бірінші үйшікке келеді.Үйшікке бірінші келген кейіпкерді мадақтайды. Ойынға деген қызығушылықтары артады. Балалардың сөз байлығы артады.
24 қаңтар 1 «Б» сыныбында «Родной край» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өтті.
Сынып жетекшісі: Жилко Н.А



Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай жоғары деңгейде құрылған. Сабақта функционалды сауаттылығын арттыру бойынша әдіс-тәсілдер қолданылды. Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай жоғары деңгейде құрылған. Сабақта оқыту платформалар қолданылды. Сөзжұмбақ, пазл, викториналық сұрақтар, суреттерді іріктеу қызықты ойындар өткізілді. Сабақта тіл мәдениетіне, сөйлеу дағдыларына, тәрбиелік кезеңдеріне көңіл бөлінді.Жұппен жұмыс,қарқын оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді.Топтық жұмыс жүргізілді. Топ бірін-бірі бағалады. Бағалау кезеңінде мұғалім бағдаршам түстерін қолданды
.
24 қаңтар күні апталықтың жабылу салтанаты өтті.Апталықты жабу салтанатын бастауыш сынып апталық
кезінде оқушыларды марапаттады және апталықты қорытындылады. Әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Ф.Н. Халитова жүргізді.






Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Халитова Ф.Н.