Тарихқа көз жіберсек » І.Жансүгіров атындағы орта мектепө МДШО
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
февраль
2022

Тарихқа көз жіберсек

ТАРИХҚА КӨЗ ЖІБЕРСЕ



1933 жылдан бастап шағын ауылымыз саяси қылмыскерлер мен арнайы жер аударылушы әр түрлі ұлт өкілдерінің мекеніне айналды. Сол жылдары осы жерде жеті жылдық мектеп ашылды. Мектеп үш кішкентай сыныптан тұратын баракта орналасқан еді. Бара-бара мектеп кішкентай ауылдың рухани-мәдени орталығына айналды.
Бұрынғы Октябрь совхозы соғысқа дейін НКВД деп аталды. Кейіндері МГБ, КГБ, МВД деп өзгерді. Жеті жылдық мектепте жер аударылғандардың балалары оқыды. Мектеп барак сияқты болды. Таң жаңа атысымен еден жуғыштар келіп, пешті қураймен жағып қояды. Мектепте үйде сияқты жылы әрі жайлы болды. Бұл баракта үш сыныптық бөлмелер, кейінірек екі бөлме салынып қосылды. Қыстың суық күндері клубтың бір бөлмесін жалға алып, денешынықтыру сабағы өтілді. Сабақ 2 ауысымда жүрді. Мектептің алдында кішкене спорт алаңы болды. Оқу жылының алғашқы жылы күндері оқушылар волейбол ойнады. Ал қыс басталысымен дене шынықтыру жетекшісі – Будаев Григорий Константинұлы балалармен шаңғы тебу дағдылы ісіне айналды. Әр жылы күзде совхоздың егістік даласында жұмыс істеді. Бір атты арбалармен оқушылар өлең айтып баратын.
Соғыс жылдарында үйде тамақ болмағандықтан, ата-аналары аш балаларын мектепке жіберетін. Өйткені, мектепте 1 стақан тәтті шай мен бір жапырақ нан беретін.
Соғыстан кейінгі жылдары бидайдың масақтарын жинау өте жауапты іс болды. Жүгері, қызылша жинау қарқын алды. Жоғарғы сынып оқушылары (6-7 сынып) дәрілік шөптердің тамырын жинады. Совхоз мектебінде көрші ауылдың балалары да оқыды. Олар қысы-жазы 5 шақырым жерден жаяу келетін. Оларды көлікпен тасу болған жоқ. 50-жылдары интернат салынып, оқушылар сол жерде жатып оқыды. Мұғалімдер ұжымы шағын болатын.
Ауыл тұрғындары ұрпақ тәрбиелеуде маңдай терін аямаған көптеген ұстаздарды әлі күнге естерінде сақтауда. Кейбіреулерінің жансыз фотосуреттері, кейбіреулерінің есімдері халық жадында сақталған. Сол бір 30-шы, 40-шы жылдардың ауыр кезеңдерінде ұрпақ тәрбиелеп, халқы үшін қызмет еткен аяулы
жандардың атын айтпай кету мүмкін емес. Олар: Харьковская К.Т., Камынин А.Д. Зубкова, Козлова З.С.,Хальзев, 40-шы жылдың аяғында мектепке Будаев Г.К., Будаева М.С., Белянин П.Д. қызметке келді.
Белянин Павел Данилович
40-шы жылдың соңында Белянин Павел Данилович мектеп директоры болып тағайындалды. Талапшыл, қатал мінезінің арқасында мектепті жоғарғы деңгейге көтере білді. Мектепте соғыс уақытында оқи алмай қалған ересек балалар көп еді. Солардың барлығы өз директорына сыйластықпен қарайтын. 30-жылдай уақыт Павел Данилович мектепті басқарып, 70-жылдардың ортасына таман зейнеткерлікке шықты.
Харьковская Клавдия Гавриловна
Ленинградтың Герцен атындағы педагогикалық институтын бітірген. Клавдия Гавриловна алғашында Сібірде жұмыс жасады. Соғыс жылдары ол өзінің күйеуі Камынин Андрей Дмитриевичпен бірге біздің ауылға көшіп келді. Ол мектепте тарихтан және Кеңестер одағының Конституциясынан сабақ берді. 1948 жылы қайтыс болды.
Камынин Андрей Дмитриевич
Бұл азамат жан-жақты талантты еді. Ол өлең жазатын, гитара мен мандалинде тамаша ойнайтын, суретті де тамаша салатын, өзінің әріптестеріне бірнеше портреттер естелікке қалдырған. Сонымен қатар ол өз бетінше неміс тілін оқып меңгерген. Қысқа мерзімнің ішінде, ол әріптестерінің арасында үлкен беделге ие болды. 50-шы жылдардың оқушыларының есінде қатыгездер мен екіжүзділер туралы фильмдер жақсы сақталып қалыпты. Бұл фильмдер клубта көрсетілетін, оқушылар ол туралы көп айтатын. Ол өзі музыкалық аспаптармен сүйемелдеп көркемөнерпаздармен жеке номерлер дайындайтын. Оның жан-жақты білімділігін неміс тілін, орыс тілін, математиканы жетік меңгергенін көпшілік әлі күнге дейін айтып отырады. Ол 1953 жылы қайтыс болған кезде, оқушылар үш күн мектепке бармай қайғырып, сүйікті ұстаздарының үйінің қасында тұрды. Бұл жағдайдан ұстаздың оқушылар үшін өте қадірлі адам болғанын көруге болады. 
       Соғыс аяқтала салысымен Хользев мектеп директоры болды. Бертін келе 1951 жылдан 1975 жылға дейін Белянин Павел Данилович директорлық қызметін атқарды. Пәндер бойынша мамандар жетіспегендіктен бір мұғалім 2-3 пәнді жүргізді. Директордың орынбасарлық қызметін орыс тілі пәнінің мұғалімі Козлова Зоя Сергеевна атқарды. Барлық оқытушылар медальмен марапатталды. Бастауыш сыныптарында: Будаева Мария Семеновна, Зибарова Мария Николаевна, Неведрова Нина Ефимовна сабақ жүргізді. 50-жылдардың соңында жас мұғалімдер қосылды. Олар: Складчикова Галина Семеновна, Декань Зоя Ильинична т.б.

Декань Зоя Ильинична
Біздің мектепке 1956 жылы келді. Оқу жылының бірінші күнінен бастап ол оқушылардың сүйікті ұстазына айналды. Ол алғашқыда бастауыш сыныптарға сабақ берді. 1964 жылы Зоя Ильинична Абай атындағы педагогикалық институттың орыс тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түседі. Барлық оқу жылында ол өзінің ұстаздық жолын қоғамдық жұмыспен қатар алып жүрді. Ол өзінің әдемі дауысымен, музыкалық қабілетімен мектепке хор және ән үйірмесін жүргізді. Ол кезде оқушылармен қатар, ұстаздар да көркемөнерпаздар байқауына белсене қатысатын. Зоя Ильинична өз мамандығын жетік меңгерген, өзі дәріс беретін орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жоғары білім сапасын көрсетті. Оның еңбегі ескеріліп, аудандық, облыстық оқу бөлімдерінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Оған «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» деген жоғары атақ берілді. 
Әр жылы тамыз айындағы пед. кеңеске Есік қаласына арбамен барды. 50-жылдардың ортасында мектепке неміс тілінің мұғалімі Майер Ядвига Фридриховна келді. Ол өзінің аса көңілді жүрегімен мектептің ізгі жетістіктерінің иесі болды. Олар Декань З.И. екеуі балаларды көркем өнерпаздар сахналық көріністерге дайындады. Оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Көрсетілімдер Есік қаласында өтетін. 50-жылдардың соңында арбаның орнына екі жүк машинасы жүретін болды. Балалар кузовтың үстінде арнайы орындықтарға отырып, өлең айтып аудан орталығына қатынайтын.
Пионервожатый жетекшісі Дашкевич Анна Михайлқызының жетекшілігімен әр жылы 19 мамыр пионерлер күні мереке ұйымдастыратын. Отряд кеңесшілері қызыл алау от жағып, соның төңірегіне жиналып, ән айтып, өлеңдер оқиды. Жаңа жыл мерекесі де өте қызықты өтетін.
Дашкевич Анна Михайловна
1951 жылы МВД – подхозының жетіжылдық мектебіне Тургень пед.училищесінің түлегі. Дашкевич Анна Михайловна ұстаз болып келді. Ол алғаш аға пионервожатый болып істеді. Оның басшылығымен ұмытылмас Костерлер өтіп, оның жанында үздік белсенділер мен жақсы оқушылар марапатталатын. Ол бастауыш сынып оқушыларымен ертегі әлеміне саяхат жасап, тосын сый жасауды, бүлдіршіндерді қуантуды жақсы көретін. Кейінірек ол Алматы қаласына мұғалімдік қызметке ауысып кетті.
    70-жылдары интернат балабақша қарауына өтті. Базаркелдіден келетін балаларды автобуспен таситын болды. Мектепте жиі-жиі КВН-дар өткізілді.
Бір жылдан кейін мектеп директоры Темирғалиев Қ.М., содан кейін Қайсенов Қ.Қ. болды. 1987 жылы 15 тамызда Қайсеновтың қажырлы еңбегінің арқасында жаңа 640 орынды мектеп ғимараты есігін айқара ашты. Бұл кісінің орнына физик Пономарев В.А. ауысқанда мектептің техникалық базасы мықты бекіді.
Білікті маман Пономаревтың нұсқауымен мектеп кабинеттеріндегі парталарға бұрыштамалар жасалды, бұл мектеп мүлкінің ұзақ уақыт сақталуының таптырмайтын әдіс-тәсілі. Кезінде ол жасаған физика кабинеті автоматтандырылды. Сол кабинетте Пономарев В.А. өзінің аудандық және облыстық семинарларын берді. Физика пәнінен Поляков С., Ивашко Т. аудан, облыс, республикалық көлемінде олимпиадада жүлделі орындарға ие болды.
1991-2002 жылдар арасында Тұрысбеков Б.К. мектеп директоры болды. Тұрысбеков Б.К.-тің тұсында мектепке І.Жансүгіров аты берілді. Орынбасары Нестеренко Н.Ф. мектептің пед. әдіскерлік жұмыстарын жақсартты. Сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастырушысы Турусбекова Л.И. Мектепте 36 мұғалім, олардың жоғарғы санатты 8 мұғалім, бірінші санатты 7 мұғалім, 2 санатты – 16 мұғалім, 5 жас мамандар жұмыс істеді. Дене шынықтыру жетекшісі Максимов Саутжан Аутовұлы өз қызметіне шын беріле атқарды. Ол оқушыларды олимпиадалық жарыстарға, ойындарға дайындап, аудандық, облыстық сайыстарға қатыстырды. Жетістіктері де аз емес. Жақсы істердің арқасында мектепте жиі-жиі аудандық, облыстық семинарлар өткізіліп тұрды.
1993 жылы 27 қыркүйекте Космос ауылында тұңғыш қазақ сыныбы ашылды. Қазақ сыныбында 12 оқушы болды. Бірінші, екінші сынып балалары қосылып оқыды (аз комплектілі). Бірінші сыныпта 5 оқушы, екінші сыныпта 7 оқушы оқыды.
Тұңғыш қазақ сыныбын ашқан директор Тұрұсбеков Болат Каметұлы. Алғашқы қазақ сыныбының ұстазы Джунусбекова Нұрсәуле Құрманәліқызы болды. 
   

Атақты адамдар туралы мәлімет

Өткен тарихымызға бүгінгі күнге үңілсек, біздің мектебімізден де тамаша адамдар шыққан. Олар: Социалистік Еңбек Ері Вустин К., Вьетнамның Халықтық Армиясының штабында Кеңес Одағының әскери кеңесшісі қызметін атқарған подполковник Дорохин В., Ішкі Істер Министрлігінің подполковнигі Хомутовский Н., суретші Тохаренко М. Біздің мектептен білім алып тәрбиеленген Восман А. бір кездері осы ауылда совхоз директоры болып қызмет атқарып, ауылдың көркеюіне, гүлденуіне өз үлесін қосты.
Қаншама оқушыларымыз ғылым жолына түсіп, Отанымыздың алдыңғы қатарлы мемлекеттер құрамына кіруіне өз еңбектерін арнады. Атап айтқанда, Восман Н., Кем В., Макарей Г., Бабықбаева Ақмарал, Бабықбаев Арыстан және журналист Хомутовская Н.

Нестеренко Михаил – отставкадағы полковник, Саратов облысында Вольск қаласында тұрады.

Ким Виктор – Абай атындағы пед.институттың физика/матем. аспирантурасын бітірген, математика оқулығының құрастырушылардың бірі.

Хомутовский Николай Григорьевич – Заречныйдағы колонияның бастығының орынбасары қызметін атқарған. Москвадағы МВД –ның академиясын бітірген, қазаргі уақытта зейнеткер.

Красильникова Наталья Владимировна – Москвадағы академияны бітіріп, қазіргі таңда кәсіпкер.

Юст Андрей – Алматыдағы «Столичный» гострономының директоры.

Бейсенбаева Сәуле Есимбековна – Алматыда банк саласында қызмет істейді.

Пономарев Юрий Викторович – 2008 жылы Москва қаласындағы «Военно-воздушная инженерная академия имени профессора Н.Е.Жукувского» Министерства обороны Российской Федераций үздік аяқтап, екінші «Московский государственный технический университет им. Н.Э. Баумана» үздік аяқтап Қазақстан Қарулы күштер құрамында қызмет атқаруда.

Нестеренко Дима Юрьевич – Алматы қаласындағы «Военный инженерный институт радио-электроники и связи» үздік бітіріп, сол институтта сабақ береді. Қазіргі уақытта капитан.

Ким Наталья – АТУ «биотехнолог в пищевом производстве» факультетін үздік бітіріп, аспирантурадан кейін осы университетте сабақ береді.

М Е К Т Е П  Ө М І Р І Н Е Н

І.Жансүгіров атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен
Космоc ауылы

Мектеп ғимараты: 3 қабатты 1987 жылы салынған. Жыл сайын ағымды жөндеу жұмыстары өтеді. 3 қабатты типті қабырғалары кірпіштен өрілген. Төбесі таттанбайтын темір шатырмен жабылған. Санитарлық талаптарға сай. Жылу жүйесі ғимарат ішінде орналасқан. Салаяркамен жылытылады. 1 қазанның қуаты 320-380 Квт. Ғимараттың жалпы көлемі 1 386,6 м 3. Мектептің жалпы ауданы 3141,4 м2. Мектеп 640 орынға арналған.
Мекемеде асхана, кір жуатын, азық-түлік сақтайтын бөлмелері бар. Мектеп аумағы маталды қоршаумен қоршалған, балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалған (футбол, волейбол, баскетбол алаңы).
2010 жылы 25 орынды «Балдырған» шағын орталығы ашылды. Шағын орталық бөлмелері жұмсақ жиһазбен жабдықталған. Тамақ дайындау бөлмесі және асханамен қамтылған. Тамақ әзірлеу бөлмесінде 1 тоңазытқыш және тез бұзылатын азық-түліктерді сақтауға арналған орын бар.
Медициналық бөлме мектептің 2 қабатында орналасқан, 1 бөлмеден тұрады. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету негізінен мектеп медбикелерімен жүргізіледі. Мед. кабинет жұмыс үстелімен, кушеткамен, медициналық шкафпен, бойын өлшегіш таразымен, тоңазытқышпен қамтылған. Оқушыларға екпе ауылдық амбулаторияның балалар консультация бөлімі арқылы жасалады. Алғашқы көмек көрсету үшін «Шұғыл көмек бұрышы» жасалынған.
Мектепте 24 сынып бөлмесі, 23 сынып комплектісі бар.
 
    

Похожие публикации:

10 апрель 2017 Мектеп ұжымы
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2020-2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru