Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі
«І.ЖансүгіровСредняя школа имени -мектепке дейінгі шағын орталығымен
және Базаркелді бастауыш мектебімен» КММ
2023-2024 оқу жылындағы мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жылдық жұмысы бойынша анықтама.
Жыл басында мектеп әкімшілігі,педагог-психолог,арнайы маман және әлмеуттік педагог пен бірлесе ЕББҚ бар оқушылар мен және олардың ата-аналары,отбасымен танысып акт толтырылды. Ата-аналармен бірлесіп сабақ кестелері құрылды. Жұмыс кабинеттері арнайы дидактикалық – әдістемелік құралдармен толтырылды. Оқушыларды толық кітаппен қамту қадағаланды.Родителям сауалнамалар таратылып сауалнама жауаптары негізінде мектеп психологы мен арнайы маманы ата-аналарға кеңестер берді. ЕББҚ оқушыларының құжаттарының көшірмелері алынды. Коммуникативті төлқұжаттар (1а,1б,1в формалары) толтырылды. Жыл бойы өткізілген іс-шараларға ЕББҚ оқушыларын ата-ана рұқсатымен қатыстырылды.
ЕББҚ оқушылардың сабаққа деген зейінін мектептің арнайы маманы бақылады. Оқушылардың сабақ үстіндегі бақылау хаттамалары (2а,2б формалары) толтырылды.Оқу жылының басында және аяғында ЕББҚ оқушылардың негізгі пәндер бойынша оқу жетістіктері карталары толтырылды (3 форма). Жыл бойы ЕББҚ оқушылар психолог пен арнайы маманның бақылауында болды. Мектеп психологы ЕББҚ оқушыларының ата-аналарымен әр түрлі тақырыптарда тренингтар жүргізді және оқушылармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізді.Арнайы маман сөйлеу тілін дамыту,қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру,айналамен танысу,қолдың ұсақ және ірі моторикасын дамыту,ойын әрекетіне белсенділігін қалыптастыру бойынша жұмыстары жүргізілді. Сөйлеу картасы,психологиялық бақылау хаттамалары толтырылды. Жыл соңында жоспар бойынша атқарылған іс шаралар және өтілген сабақтар бойынша анықтамалар,жылдық есептер және пәндер бойынша аналитикалық есептер өткізілді.

