«Білім туралы ақпарат» атты жаңа цифрлық құжаты » І.Жансүгіров атындағы орта мектепө МДШО
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім туралы ақпарат» атты жаңа цифрлық құжаты
11
декабрь
2023

«Білім туралы ақпарат» атты жаңа цифрлық құжаты


Мемлекеттік органдарға

(тізім бойынша)



Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Egov Mobile мобильді қосымшасында «Білім туралы ақпарат» атты жаңа цифрлық құжатын іске қосылғандығын хабарлайды.

«Білім туралы ақпаратты» Egov электрондық үкімет қосымшасы орнатылған смартфон арқылы электронды түрде пайдалануға болады.

Барлық ақпарат Egov Mobile қосымшасының цифрлық құжаттарының «Отбасы» бөлімінде қолжетімді. Ол балабақшада, мектепте немесе колледжде оқу фактісін растайтын білім туралы ақпаратты көрсетеді.

Білім туралы ақпаратта баланың тегі, аты, әкесінің аты, жеке идентификациялық нөмірі, туған күні, білім беру ұйымының атауы мен мекенжайы, жас тобы, сынып немесе тобы, сондай-ақ балабақшаға арналған топтың атауы, мектеп үшін сыныбы және колледж үшін топ коды сияқты деректерді көрсетеді.

Енді ата-аналарға оқу орнынан қағаз түріндегі анықтама алудың қажеті жоқ, олар жеке куәлікке ұқсас Egov Mobile қосымшасынан білім туралы ақпаратты ұсынуы жеткілікті.

Осыған байланысты, 2023 жылдың 27 желтоқсанынан бастап оқу орнынан қағаз түріндегі анықтамаларды талап ету және алу тоқтатылғандығын назарларыңызға жеткізеді.



Вице-министр                                                                      А. Ілиясов



Орынд. Р.Жанарбекұлы

Тел: 74-15-33


 


Мемлекеттік органдар:


  1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
  3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
  4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі;
  5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
  6. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі;
  7. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
  8. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
  9. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі;
  10. Абай облысының әкімдігі;
  11.  Ақтөбе облысының әкімдігі;
  12.  Ақмола облысының әкімдігі;
  13.  Алматы облысының әкімдігі;
  14.  Атырау облысының әкімдігі;
  15.  Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі;
  16.  Алматы қаласының әкімдігі;
  17.  Астана қаласының әкімдігі;
  18.  Шымкент қаласының әкімдігі;
  19.  Жамбыл облысының әкімдігі;
  20.  Жетісу облысының әкімдігі;
  21.  Батыс Қазақстан облысының әкімдігі;
  22.  Қарағанды облысының әкімдігі;
  23.  Қостанай облысының әкімдігі;
  24. Қызылорда облысының әкімдігі;
  25.  Маңғыстау облысының әкімдігі;
  26.  Павлодар облысының әкімдігі;
  27.  Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі;
  28.  Түркістан облысының әкімдігі;
  29.  Ұлытау облысының әкімдігі.



Похожие публикации:

14 август 2023 Хабарландыру
24 август 2022 Хабарландыру
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2020-2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru