Жалпы қыздар жиналыс » І.Жансүгіров атындағы орта мектепө МДШО
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
май
2024

Жалпы қыздар жиналыс

«І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен және Базаркелді бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жалпы қыздар жиналысы Анықтамасы Қыркүйек айында жалпы қыздар жиналысы 5-11 сынып оқушыларына өткізілді. Мақсаты: қыздарды тәрбиелі, білімді, өнерлі боп өсуге, қыз баланың гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, инабатты болып өсуге баулу. Жиналыста педагог ұйымдастырушы М.Раисова қыздар тәрбиесіне байланысты ақыл-кеңестер берді. Қыздардың бойына тән инабаттылық пен тазалық туралы сөз қозғады, тақырыпқа сай слайд көрсетті. Мектеп медбикесі қыздар гигиенасы, тазалықты қалай ұстану керектігі туралы, қыз балалар бойындағы жыныстық өзгерулер, сол кездерде өздеріне қалай қарау керектігі жөнінде түсіндіріп өтті. Мектеп психологы Э.Алмабек қыз балаларға гигиена дәптерлерін таратты. Қыз балалар көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, пікір алмасты. Инабат қыздар ұйымының 2023-2024 оқу жылындағы жұмыс жоспарымен таныстыру,бекіту анықтамасы Қыркүйек айында «Инабат» қыздар ұйымының 2023-2024 оқу жылындағы жұмыс жоспарымен таныстырылып,бекітілді.Жиналысқа 5-11 сынып оқушылары толығымен қатысты. Жалпы қыздар жиналысын өткізу- Тоқсанына бір рет «Қыз тәрбиесі –ұлттық тәрбие» - Қазан айында «Қыздарға әсемдік жарасады»- Қараша «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» - Қараша «Жеке бас гигиенасы»-Желтоқсан «Әдептілік -әдемілік»- Қаңтар «Қыз бала –ұлттың ұяты,халықтың шырайы»- Ақпан «Жасөспірім және зиянды әдеттер»- Наурыз «ЖҚТБ-туралы түсінік,алдын алу шаралары»-Сәуір «Ерте жыныстық қатынаастың алдын алу»-Мамыр Өткізілген іс шараларды иқорытындылау- Мамыр «Қыз тәрбиесі-ұлттық тәрбие» анықтамасы Мақсаты:Қыз балаларға адамгершілік,адалдық,іс-қимыл,жүріс-тұрыс дағдысы,қыз намысы,сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік,әдептілік,сыпайлық, тиянақтылық,имандылық,тазалық қасиеттерді дамыту.Жеке бас гигиенасын сақтауға,әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі:интерактивті-мультимедиялық кабинет жабдықтары пайдаланылды. Әдісі:пікірлесу,әңгімелесу,сұрақ-жауап,салыстыру Формасы:Дебат сабақ 8-11 сынып оқушылары қатысты. Бүгін мектебімізде осынау нәзік жандар,әсем арулар тақырыбына арналған «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Халқымыз «қыз- қонақ» деп,төрінен орын беріп,қыздарды алтынның сынығына балап өсірген.Жалпы бала тәрбиесіне,соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген.Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю,қала берсе қара күңнен тыю»деген мақалға қанша ой сыйғызған.Яғни қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы жауапты емес,бүкіл ауыл,ел жауапты болып отыр. Қазақ қыздарын бала күнінен еркелетіп,бетін қақпай өсірген.Бұл қыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгендігін аңғартады.Сондықтан да,тәрбиелі,инабатты,намысты,ибалы арулар қазақ отбасында тәрбиеленіп шығады.Жастықтың өзі –сұлулықтың,нәзіктіктің белгісі.Қыз балалардың көрікті болып өсуіне ертеде аналары ерекше көңіл бөлген. «Аттың көркіжалы,арудың көркі -шашы» деп ұққан аналар қыздың шашын дұрыстап күтіп-өсіруді өнер санаған. Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген: Әдемі қыз-баппен сөйлеп,биязы күліп,жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын.Көрікті қыз-істі үйіріп,сөйлесе бұйырып,баурап алатын,бірден көзге түсе қоймайтын,Шырайлы қыз-көз жанары өткір,бет-әлпеті балбұл жанған,тәні шымыр.Сұлу қыз-сөзі өткір,өзі пысық,өрескелдікті сүймейтін,болмашыға пісіп-күймейтін,келбетті.Ару қыз-бет пішіні,дене мүсіні келіскен,сөзі сыпайы,өзі әдепті,сұңғақ бойлы,терең ойлы.Ажарлы қыз-дене бітімі жинақы,тығыршықтай,сөзі салмақты,ісі тиянақты.Әсем қыз-жүзі жылы,өзі ұяң,тәні нәзік. Қыз бала тәрбиесі тақырыбына байланысты бейнекөрініс көрсетілді. Қыздарымызға сұрақтар қойылды:Қыздарымыздың барлығы жауаптарын айтып шықты. Жасөспірім шақта отбасында сааналы тәрбие,мектепте сапалы білім алып,қоғамның жеке дербес тұлғасы ретінде қалыптасып,келешекте білікті маман болып,елінің дамуына өз үлесін қосатын азаматшалары атанулары тиіс қой деген қорытынды пікірге келіп бүгінгі «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстелімізді келесі бір бейнероликпен аяқтады. «Қыздарға әсемдік жарасады» анықтамасы Қараша айында мектебімізде 6-11 – сынып оқушы қыздары арасында мектепішілік «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Мақсаты: қыздармен әңгімелесе отырып, ар – намысын, тазалығын, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой – өрісін дамыту, зиянды әректтерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. «Жаңа заманда сырғалалылардың әдемі болып көрінуіне мүмкіндік көп. Бояу мен иісмайдың, әшекей мен сәнді киімдердің түр-түріне оңай қол жеткізуге болады. Бірақ, әсемдік бұйымдарын орынды пайдаланып жүрміз бе?! Немесе сұлу болып көріну үшін не істеп жүрміз?» -деп тақырыпты сауалмен бастады. Қыз-бойжеткен, әйел, ана туралы ұлылардан қалған ұлы сөздер мен қанатты сөз, мақалмәтелдерді мұғалімдер мен оқушылар мағынасын ашып, талдау жасады. «Сүйкімді дүниенің сұлулықта» ертегісі оқушылар назарына ұсынылып, «Әсемдіктің адам өміріндегі маңызы қаншалықты терең деп ойлайсыздар? Қыздарға әсемдік жарасады дегенді қалай түсінесіздер? Әдеп әріден басталады дегенді қалай түсінесіз?» сынды сұрақтарға жауап берді. Қызу талқылаудан кейін, интербелсенді тақтадан «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбындағы бейнематериал оқушылар назарына ұсынылып «Қазақ қызы» деп бетке ұстар аты аңызға айналған тарихтағы апаларымызды еске түсіріп, «қызға қырық үйден тыйымды» назарға ала отырып, білімді де тәрбиелі қырдың қызғалдағындай жайнап өсе беріңдер деп, сынып жетекшілері бүгінгі жиналыстың қорытындылап тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасады Сонымен қорытындылай келе, әсемдік адам өмірінің сәні болып қана табылмайды, ол оның мәні десек те қателеспейміз. Өйткені еңбек – адамды адам еткен болса, сұлулық - адам бойын қуаныш, әсем сезімге бөлей отырып, сол еңбекке деген талпынысты, құштарлықты оятады, сұлу қимылдар мен әсем де әдемі қылықтарды, әдеттерді қалыптастырады. «Жеке бас гигиенасы» анықтамасы Желтоқсан айында «Жеке бас гигиенасы» тақырыбында 7-8 сынып оқушы қыздарымен жиналыс өткізілді. Мақсаты: «Тазалық – саулық негізі» мақалының мәнін түсіндіре отырып әр қыз балалардың ұқыпты болуына, жеке бас тазалығын, орта тазалығын сақтауына, салауатты өмір салтын ұстануына тәрбиелеу. Әр қыз балалардың күн тәртібін дұрыс, тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Қыз балалардың денесінің дамуы, гигиенасы туралы түсінік. Жиналыста мектеп медбикесі В.Розбакиева «Жеке бас гигиенасы» туралы түсінік беріп өтті. Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазды: o Мен нені үйрендім? o Маған не қызықты болды? o Маған не түсініксіз болып көрінді? Қыз қылығымен сымбатты. Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын, Көрінер толған айдай жүзі жарқын. Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес, Халқының сақтай білген ізгі салтын «Әдеп
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2020-2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru