Педагог-дефектологтың І-жартыжылдықта жүргізген жұмыстарының ЕСЕБІ. » І.Жансүгіров атындағы орта мектепө МДШО
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагог-дефектологтың І-жартыжылдықта жүргізген жұмыстарының ЕСЕБІ.
15
июнь
2022

Педагог-дефектологтың І-жартыжылдықта жүргізген жұмыстарының ЕСЕБІ.



«Алматы облысы білім басқармасының
 Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі»
 «І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен және Базаркелді бастауыш мектебімен»КММ-сі






 
 
  Педагог-дефектологтың  
І-жартыжылдықта жүргізген жұмыстарының

ЕСЕБІ.















2021-2022 оқу жылы



       Мектептегі дефектологиялық қызметтің негізгі мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың интеллектуалдық және сенсорлық дамуындағы ауытқулардың алдын алу, түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу арқылы білім беру. Міндеті: Дамуында ауытқушылығы бар  балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзеу жөніндегі шешімдерді жас ерекшелігіне  байланысты қолдану.Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте коррекциялық көмек көрсету.Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта  құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру.

      Мектептегі дефектолог жұмысының негізгі бағыттары: диагностика, коррекция және дамыту, ағарту және кеңес, алдын-алу жұмыстары бойынша жүргізіледі. Қыркүйек  айында 1-ші сынып оқушыларының мектепке дайындығын анықтау және 5-ші сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін анықтау мақсатында жұмыстар жүргізілді.

 Әр сыныптың сабақтарына жекелей қатысып оқу үлгерімі жағынан,тіл кемістігі жағынан, оқушылардың жалпы психологиялық ахуалы қадағаланды. Жалпы жылдық,айлық,апталық жоспарлар құрылды. Дефектолог жұмысының цыклограммасы жасалды. Осы жүргізілген зерттеулер қортындысы әр сыныптың ата аналар жиналысында талқыланды. 5а 5б сынып оқушыларының 10-11 жастағы балалардың жеткіншектік даму кезеңіне түскенін ескеру, қарым қатынастың дамуындағы психологиялық даму деңгейінің жоғарлауы, оқушылардың пәндік бейімделуіне назар аударып жағдай жасау , орта буынға бейімделуі, жаңа мұғалімдерге бейімделуін анықтау мақсатында психологпен бірлескен жұмыстар жүргізілді.

Жұмыстың негізгі бағыттары: 

Диагностикалық бағыт. Мақсаты: Тұлғаның жеке және психикалық даму ерекшеліктерін, сондай-ақ даму динамикасын зерттеу. 

Түзету және дамыту бағыты. Мақсаты: Оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды түзету, жалпы оқу дағдысы мен біліктілікті дамыту.

Ағартушылық,әдістемелік бағыт.Мақсаты:Бала дамуының даму ерекшеліктері ,түзету-дамыту жұмысы бойынша ағарту.

Психологиялық консультация,  кеңес жүргізу бағыты.Мақсаты: Педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмек көрсету.





Қыркүйек айына 

Анықтама

Диагностикалық бағыт бойынша :


  • Мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық даму ерекшеліктері туралы диагностикалық  іс-құжаттарын жинақтады.

Мектепте мүмкіндігі шектеулі 4 оқушы бар: 

4А Пазылжан. И

4Б Иванов. В

5Б Плахин. В

4Б Воронов.В

Оқушылардың ата-аналарының құжаттары,оқушылардың құжаттары жинақталды. Сынып жетекшілерімен танысты.

  • Мүмкіндігі шектеулі,үйде оқитын 3 оқушың әр қайсысының үйне барып психологиялық жай күйін қарап,мінезедеме толтырды.


Түзету-дамыту бағыты бойынша:

  • Мүмкіндігі шектеулі балаға медициналық, педагогикалық мағлуматтар жинады.
  • Бастауыш сынып оқушыларымен зейінін дамыту мақсатында     «Дүкенге саяхат»  жаттығуларын жасады.


Ағартушылық , әдістемелік бағыт бойынша :


  • Жаңа оқу жылына кабинетті жабдықтады, жылдық,кешенді жоспар құрды, сабақ кестесін құрды .

Психологиялық кеңес беру бағыты:

  • Дамуында кемістігі бар оқушылардың  ата-аналарына кеңес берді.
  • Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мақсатында мұғалімдерге кеңес берді.
  • Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес берді.

Дефектологтың жұмыс бөліктері : 

  • оқушылармен жұмыс
  • оқытушылармен жұмыс
  • ата-аналармен жұмыс






Қазан айы

Анықтама

Диагностикалық бағыт бойынша :

  • Бастауыш сынып оқушыларының тіл кемістігі бар баларды анықталды.

Түзету-дамыту бағыты бойынша:

  • Үйден оқитын оқушылармен түзету- дамыту жұмыстарын жүргізілуде.
  • Бастауыш сынып оқушыларымен «Жемістер»  жаттығуын жасалды.


Ағартушылық , әдістемелік бағыт бойынша :

  • Оқушымен жүргізетін жеке даму жұмысының әдістемелік бағдарламасын әзірленді.


Психологиялық кеңес беру бағыты:

  • Оқушылар сабақ барысында бақыланды;


  • Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мен тәрбиелеу мақсатында ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізілді;






















Қараша айына

Анықтама

Диагностикалық бағыт бойынша :


 Кемістігі анықталған оқушыларды топқа және жеке дара жұмыс жасау тобына жинақталды;

 1- сынып оқушыларының сөйлеу мәнеріндегі дыбыстың дұрыс шығуы қадағаланды .


Түзету-дамыту бағыты бойынша:

«Жыл мезгілдерін анықтау» жаттығуы бастауыш сынып оқушыларымен өткізілді.


Ағартушылық , әдістемелік бағыт бойынша :


Мұғалімдердің ашық сабақтарына, семинарларына және т.б. қатысып тәжірибе жинақталды.


Психологиялық кеңес беру бағыты:

Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына дефектолог маманын кеңес берілді.


















Желтоқсан айына

Анықтама

Диагностикалық бағыт бойынша :


Әр тоқсан сайын түзету-педагогикалық жұмысқа түзетулер енгізу.


Түзету-дамыту бағыты бойынша:

Оқушыларға жеке дара түзету-дамыту сабақтарын өткізу.

- «Құрастыру ойыны» жаттығу.


Ағартушылық , әдістемелік бағыт бойынша :


Біліктілікті арттыру курстарына, семинарларға және т.б. қатысу.


Психологиялық кеңес беру бағыты:

Жеке  кеңес беру;

Дамуында кемістігі бар оқушылардың  ата-аналарына кеңес беру;

-Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мақсатында мұғалімдерге кеңес беру;









Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2020-2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru