Тәрбие жұмысының 2021 – 2022 оқу жылындағы атқарылған жұмысының есебі. » І.Жансүгіров атындағы орта мектепө МДШО
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тәрбие жұмысының 2021 – 2022 оқу жылындағы атқарылған жұмысының есебі.
17
июнь
2022

Тәрбие жұмысының 2021 – 2022 оқу жылындағы атқарылған жұмысының есебі.

Тәрбие жұмысының 2021 – 2022 оқу жылындағы

атқарылған жұмысының есебі.


«І.Жансүгіров  атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен және Базаркелді бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбие  жұмысының жылдық жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін» басшылыққа алынып  жасалған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылдың 15 сәуірдегі №145 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес және Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері» әдістемелік ұсынымдарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 525 бұйрығы жүзеге  асырырылатындығымен ерекшеленеді. 

Мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жанжақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері: 

  1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
  2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
  3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
  4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету. 
  5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық  ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту. 
  6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды
  7. Білім беру ұйымында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
  8. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

2021-2022 оқу жылына арналған жоспарда тәрбие саласы бойынша біршама жұмыстар атқарылды.

Онда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары, облыстық білім департаменті, аудандық білім бөлімінің нұсқаулары, еңбек заңдылықтары мен нормативтік құқықтық актілері, мектеп ережесі мен жарғысы басшылыққа алынды. 

Жыл басында тәрбие саласына қатысты қазақстандық және халықаралық мерекелер мен атаулы күндер сынып жетекшілерге бөлінді. Оның мақсаты: жұмысты жүйелеу, жауапкершілікті нығайту, әдістемелік материалдарды жинақтау. 

Сонымен қатар жол қауіпсіздік ережелерін насихаттау, балалар жарақатын болдырмаудың алдын алу шаралары, өрт қауіпсіздігіне арналған шаралар, ҚР мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану бағдарламасы бойынша іс-шаралар, діни экстремистік көзқарасқа қарсы жүргізілетін іс-шаралар кенінен жоспарланды. Мектеп әкімшілігімен «Мектепке жол» акция аясында бірлесіп атқаратын жұмыстардың көлемі бекітілді. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру шаралары бірлесіп жасалды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30  бабы және Қазақстан республикасы Үкіметінің 1998 жылғы  28 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралары туралы» № 812 Қаулысын және Алматы облысының білім басқармасының  2018 жылдың  15 қаңтарындағы №  29-н бұйрығын орындау мақсатында және аудандық білім бөлімінің   2018 жылдың  16 қаңтарындағы № 9-1- ө бұйрығы, мектепішілік 22.01.2018 жылғы № 611-07  бұйрық   негізінде «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы  өткізілді.

Акция мақсаты - әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасының балаларына, жетім балалар мен ата аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.

«І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен және Базаркелді бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жалпы  426  оқушы білім алады.

Барлық өткізілген рейдтік іс-шаралар бойынша бала еңбегін пайдалану фактілері анықталмады. 


   «1 қыркүйек – Білім күні» мерекесіне арналған мектепте  «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында 1 сынып оқушыларына арналып өткізілді. Биылғы оқу жылында санитарлық талаптарға сай, 1-сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттады.

Мерекелік салтанатты жиын сағат 09.00-де басталды. Жиынымыз Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылды.

Мектеп директоры Сагидуллаева Римма Смагуловна құттықтау сөз сөйлеп, бүлдіршіндерді бүгінгі мерекелерімен құттықтап, жиын қонақтарымен бірге 1 сынып оқушыларына Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы, әліппенің атасы Ахмет Байтұрсынұлының тұңғыш «Әліппе» оқулығын тапсырды.

Директордың оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарлары мектеп оқушыларын, ата-аналарды және ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап жылы лебіздерін білдірді.

2-11 сыныптарда «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында сынып жетекшілері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл аясында «Тәуелсіздік жетістіктері» атты маңызды оқиғаларға шолу жасап, Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең екенін, Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз екенін айтып өтті.


 












Алғашқы қоңырау салтанатты жиын және «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағаттары сәтінен


         Мектебімізде «Әдеп-ғұрпымыз жазылмаған заңымыз» тақырыбында 5 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі А.Искакова көрініс өткізді.  Көріністің мақсаты оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру; баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету; ата-аналармен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор. «Жер астында жатқанды қазбай қарап тіл табар» деп саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, ұлттық құндылықтарымызды асыл қоймасындай сақтады. Өнерлі халық - өміршең халық. Қазақтың әдет-ғұрпына, салт-дәстүрлеріне бағытталған «Әдет-ғұрпымыз жазылмаған заңымыз» атты көрініс өте жақсы деңгейде өткізілді. Өткізілген көріністе тәрбиелік мәні мен мазмұны бар. 

Алдағы уақытта тәртіпті де, тәрбиелі ұл - қыз болып, адамгершілік қасиеттерді биік ұстап, мектеп ішінде, үйде, қоғамдық жерлерде өздеріңді де, өзгені де сыйлайды және әдеп-ғұрпымызды сақтайды деп сенеміз.






5 қыркүйек күні еліміздің елеулі мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні.

Осыдан тура 24 жыл бұрын - 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев 2017 жылдың 31 қазаны күні «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды. Бір қуантарлығы айтулы мерекелердің арасында Қазақстан Халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланатын болды.

Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады. Қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Сарытүбек ауылында дүниеге келген болатын . "...Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді" деп Сәкен Сейфуллин баға берген қазақтың асыл ұлы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні Тіл мерекесімен қоса тойланатыны қалың қазақ үшін өте қуанышты жағдай болмақ.

Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны. 

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.


Қазақстанның әрбір азаматын Тілдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!


Ұстаз – әлемдегі ең қызықты әрі ең қиын мамандық. Бұл саланы таңдаған әр адамға қырық атанға татырлық жүк қоса беріледі. Сол жауапкершілік жүгін қайыспай көтере білу – міндет.

Төрткүл дүниенің бүгінгі көрінісі, қазіргі ахуалы – ұстаздар еңбегінің нәтижесі. Себебі, Президент мен министр, депутат пен әкім, өнер адамы мен спорт майталманы, кәсіпкер мен құрылысшы, дәрігер мен мұғалім – барлығы да ұстаздың тәлім тәрбиесін алған жандар. Балабақшада, мектеп пен университет қабырғасында ұстаздар сусындатқан білімнің арқасында әрқайсысы жетістікке жетіп, еліміздің дамуына өз үлесін қосуда. Тарыдай болып келген бүлдіршіндердің қолына қалам ұстатып, әріп жазу мен есеп –қисаптың қыр сырын үйретіп, он бір жыл бойы оқытып, таудай азаматтарды алтын ұядан ұшыратын ұстаздардың еңбегі өлшеусіз. Бұл ретте шәкірттерге білім беруші адам қоғамға бірінші кезекте азаматты, содан кейін ғана белгілі бір кәсіп иесін сыйлайды.

Осынау Ұстаздар күніне орай мектебімізде «Ұстаз – ұлы қызмет» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шара барысында кішкентай бүлдіршіндер ұстаздарға арналған өлең шумақтарын айтып, би билеп, ән шырқап өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар 5-8 сынып оқушылары Ұстаздар күніне арналған газеттер шығарып, ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтап жылы лебіздерін білдірді.

Арада қанша күн, ай, жылдар өтседе, ұстаздың бейнесін ұмытпай, ілтипат пен ізеттілік танытатын шәкірттердің болуы – зор мәртебе, еңбегінің бағалануы. Ендеше, балғындардың зейінін ашатын, балалардың санасына барлық игі ұғымды сіңдіретін, оқу додаларында озат болуы үшін барын салатын, шәкірттерінің өз елін, жерін сүйетін елеулі азамат атануы үшін аянбайтын ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтаймыз.

9-11 Сынып ОҚУШЫЛАРымен өткізілген «Әлемде қанша мамандық бар?»  ТАҚЫРЫБЫНДА өткізілген іс-шара

Мамандық  таңдау  кезінде  әркімнің  психологиялық  ерекшеліктерімен қатар  олардың  моральдық  көзқарасы,  ерік  жігері,  борыш  пен  жауапкершілігі,  тәуекелге  бел  байлағыштығы  тәрізді  қасиеттерді  ескермеске  болмайды.   Кейбір   мамандық  түрлері  оймен  еңбек  етуді, алғырлықты,  тез  шешім  қабылдауды  қажет  етеді.  Міне,  мамандық  таңдау  кезінде  оның  осындай  ерекшеліктерін ескеріп,   отыру  қажет  екенін  өмір тәжірбиесін   көрсетіп  жүр.  Осындай маңызды шешім қабылдау оңай емес. Кейбір жағдайларда жасөспірімдерге ата-ананың жағынан қысым көрсетілуі де мүмкін. Кейде шын мәнінде не қалайтыныңды түсіну өте қиын.

Сонымен мамандықты қалай таңдау керек?

Бейімділігіңізді ескеріңіз. Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқыңыз келеді? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көптеген нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.

Дұрыс шешім қабылдауға тырысыңыз. Бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – тек сіздің тағдырыңыз.

Мамандық таңдауда өзіңіздің физикалық ерекшеліктеріңізді, кемшіліктеріңізді ескеріңіз.

Денсаулық жағдайларына байланысты тыйым салынған мамандықтар болуы мүмкін. Мұндай мамандықтар көп емес, оларға негізінде қандай да бір физиологиялық жүйеге ұзақ ауыртпалықты талап ететін мамандықтар жатады. Компьютер мамандары көздеріне, ал ұшқыштар – жүректеріне ауыртпалық түсіреді.
           Мамандық таңдағанда оның болашағын да ескергеніңіз жөн. Себебі, технология тез дамып келе жатыр, соның салдарынан бүгін керек мамандық ертең қажетсіз болып та қалуы мүмкін. Сол себепті болашағы бар саланы таңдауға кеңес береміз. 

Мамандардың көмегіне жүгініңіз! Егер сізде күмән туындаса, мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Бұл ретте не мектеп психологымен, психологиялық кеңсе маманымен ақылдасуға болады.

      Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.







Мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектепішілік «Табиғаттың сыйлықтары» атты күзгі көрме ұйымдастырылды. Көрмеге барлық 1-8 сынып оқушылары әр түрлі жұмыстарын қойып, күздің кереметін көрсетуге ат салысты. 1-8 сынып "Күз-молшылық мезгілі" атауына сай көкөніс пен жемістерден әр түрлі бұйымдар жасады. 9-10 сыныптар көрме тақырыбына сай қабырға газеттерін әзірледі. Мектеп ұжымы мен оқушылар көрмені қызыға тамашалап, ерекше әсер алды. Әділқазылар алқасы Лабузова Н.В., Винтерфельд С.Ф., Гаитова Е.М., Арыстангалиева М.Н., Адыбаева С.С., Кабдуллина А.А. жасалған бұйымдарды тамашалай келе бағаларын берді. Мектеп директоры Р.Сагидуллаева, директоордың ТЖО К.Абдуваитов және педагог-ұйымдастырушы М.арыстангалиева Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектепішілік «Табиғаттың сыйлықтары» атты көрмеге белсенді қатысқан сыныптар мен оқушыларды марапаттау қағазымен марапаттап шықты.


Кәмелетке толмағандар арасындағы 

құқық бұзушылықтың алдын алу жайында


Кәмелетке толмағандар  арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы кызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Бұл «Неке және отбасы туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар деревнялары және жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңдары, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және т.б. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтын қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тулғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің кезделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда түрған және ерекше қорғау мен колдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тэрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор.

Осыған орай мемлекеттіміз отбасының, соның  ішінде кеңейтілген отбасының түтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету эрекеттері сәтсіз болған жағдайда, тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет.Баланың келешегіне кері эсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында мектебімізде денсаулық күніне орай «Спорт – денсаулық кепілі» атты мектепішілік іс-шара өткізілді. 

Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы, басты байлық екендігін ұғындыру, денесін шыңдауға, шымыр да шапсаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.

5-6 сыныптардың қатысуымен өткен іс-шара алаңда бір мезетте басталды. Мерекелік шараның алғашқы ойынын ұзындыққа секіріп бастады. Бүгінгі ойын қатысушылар арасында барлық сақтық шаралары қатаң сақталған. Ойыншылар бір жерде шоғырланбас үшін, бір алаңда ұзындыққа секірсе, келесі алаңда турникке тартылды және 3 ші алаңда жүгіріп, ойындар ұйымдастырылды. Бүгінгі шарамыз Қазақстан Республикасының 30 жылдығына Денсаулық күніне орай ұйымдастырылды. Іс-шараның соңында балаларға педагог-психолог тарапынан би қойылымы қойылды және де флешмоб билетілді. Өскелең ұрпаққа үлгі көрсетуде және мақсатымыз халық арасында спортты, дене шынықтырумен айналысуды насихаттау.

Тема: Хроника афганской войны 33 годовщина вывода Советских войск из Демократической Республики Афганистан


Цели и задачи: Воспитать учащихся к патриотизму, расширить и углубить знания детей о патриотическом воспитании любить свою Родину. Знать своих героев.

Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2020-2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru