496 » І.Жансүгіров атындағы орта мектепө МДШО
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
октябрь
2023

496

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра образования и науки Республики Казахстан

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 ноября 2020 года No 496. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 ноября 2020 года No 21688

Примечание от ZKAI!
Порядок введения в действие настоящего приказа рассмотрим в пункте 5.

ПРИКАЗЫВАЮ:

1, Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 3 апреля 2013 года No 115 "Об утверждении типовых учебных планов общеобразовательных предметов, элективных курсов и факультативов для организаций общего образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан No 8424, газета "Егемен Қазақстан" от 12 июня 2013 года No 198-199 (27472-27473) входить:

В пункте 1:

подпункты 1), 2) и 3) исключить;

подпункт 4) изложить в следующей редакции:

"4) примерные учебные планы элективных курсов и факультетов основного среднего и общего среднего образования согласно приложениям 109-113-2 к настоящему приказу;";

 подпункт 13) изложить в следующей редакции:

"13) типовой учебный план общеобразовательных предметов начального образования по обновленному содержанию для обучающихся с особыми образовательными потребностями согласно приложениям 546-609 к настоящему приказу;";

дополнить подпунктом 14) следующего содержания:

"14) утвердить типовые учебные планы с сокращенной учебной нагрузкой начального, основного и общего среднего образования согласно приложениям 610-637 к настоящему приказу.";

 көрсетілген бұйрыққа 175, 175-1, 176 және 176-1 қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

 "Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы" 188-2-қосымшасында:


 тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

 "Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы";

 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 "2. Цифрлық сауаттылық" оқу пәнін оқыту мақсаты – білім алушыларды компьютер құрылғысы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, Интернет желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау, робототехника мәселелері бойынша заманауи ақпараттық технологияларды практикада пайдалану үшін базалық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.";

 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

 "2-тарау. "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру;

 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 "8. "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнін оқытудағы негізгі талап – компьютерлік жүйелерге қолжетімділік. "Цифрлық сауаттылық" оқу пәні бойынша сабақтарды тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі:

 1) гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар);

 2) мұғалімдер мен білім алушылардың құрылғылары мен қарым-қатынасы арасында деректермен алмасуды қамтамасыз ететін кең жолақты Интернетке жоғары сапалы ашық қатынас желісі;

 3) перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта;

 4) робототехникаға арналған жиынтықтар.";

 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 "19. 4-сыныпқа арналған "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің базалық мазмұны:

 1) "Компьютер": компьютер құрылғылары: ғылыми-техникалық прогрестің компьютерлік және мобильді техниканың ескіруіне әсері.

 Қауіпсіздік: сенімді пароль өлшемшарттары;

 2) "Ақпаратты ұсыну және өңдеу".

 Мәтін: мәтіндегі кестелер.

 Презентациялар: слайдтың макеті; объектілердің анимациясы; бейне мен дыбысты орналастыру.

 Мультимедиа: бейнеролик жасау.

 3) "Интернет желісіндегі жұмыс".

 Ақпарат іздеу: компьютерде файл мен бумаларды іздеу.

 Ақпарат алмасу: браузерді реттеу (бетбелгі, журнал мен жүктеу).

 Электрондық пошта: хабарлама қабылдау және жіберу, файлдары қоса берілген хабарлама.

 4) "Есептей білу".

 Алгоритмдер: енгізілген циклдер, логикалық операторлар, салыстыру операторлары.

 Программалау: программалау ойын алаңында айнымалыларды қолдану; өз жеке сценарийі бойынша ойын әзірлеу.

 5) "Робототехника": түс датчигі; ультрадыбыс датчигі.";

 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 "22. Осы оқу бағдарламасы бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған "Цифрлық сауаттылық" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес осы оқу бағдарламасының қосымшасына сәйкес іске асырылады.";

 тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

 "Бастауыш білім деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған "Цифрлық сауаттылық" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар";

 2. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19105 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 08 қазанда Нормативтік құқықтық актілердің электронды түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

 "Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнінен жаңартылған мазмұны бойынша үлгілік оқу бағдарламасы" 4-қосымшасында:

 қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

 "Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған "Цифрлық сауаттылық" пәнінен жаңартылған мазмұны бойынша үлгілік оқу бағдарламасы";

 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 "7. "Цифрлық сауаттылық" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:

 1) 1-сыныпта, аптасына 0,5 сағатты, оқу жылында 17 сағатты;

 2) 2-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;

 3) 3-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;

 4) 4-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.";

 15-16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 "15. 1-сыныпқа арналған "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің базалық мазмұны:

 1) "Компьютер": Информатика кабинетінде жүріс-тұрыс ережелері; Интернет желісінде жұмыс істеу қауіпсіздігі;

 2) "Интернет желісіндегі жұмыс": желіде орналастырылған ақпараттың сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері;

 3) "Есептей білу": алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; программалау ойын алаңынының интерфейсі (Scratch (сретч)); программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу;

 4) "Робототехника": білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген бұрышта қозғалысы (90, 180 градус).";

 "16. 2-сыныпқа арналған "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің базалық мазмұны:

 1) "Компьютер": компьютер құрылғылары; енгізу (тінтуір, пернетақта, микрофон) және шығыс (монитор, принтер, динамиктер/ құлаққаптар) құрылғылары.

 Программалық қамтамасыз ету: файл және бума туралы түсінік; файл мен буманы құру, көшіру, орнын ауыстыру және жою; контекстік мәзірді пайдалану.

 Қауіпсіздік: цифрлық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелері;

 2) "Ақпаратты ұсыну және өңдеу": 

 Мәтіндер: пернетақта симуляторы мен мәтін редакторында сөйлемдерді теру;

 Графика: суретті өңдеу, суретті кесу, айналдыру, өлшемін өзгерту, сурет фрагментін көшіру және көрсету.

 Мультимедиа: дыбысты жазу және ойнату, аудиофайлдарды өңдеу;

 3) "Интернет желісіндегі жұмыс": берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану, қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу;

 4) "Есептей білу": алгоритмдер: тармақталған алгоритм, алгоритмнің ауызша түрі. Программалау: программалау ойын алаңының кірістірілген графикалық редакторында жеке өзінің кейіпкерін жасау, пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру, кейіпкерлер арасындағы мәтіндік диалогті ұйымдастыру;

 5) "Робототехника": ауызша түрінде берілген алгоритм бойынша роботтың қозғалысын ұйымдастыру, жанап өтетін датчикті қолдану, роботқа арналған аудиофайлды жүктеу, роботқа арналған программаны әзірлеуде дыбысты қолдану, құрылған роботты аудиторияға ұсыну.";

 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 "18. 3-сыныпқа арналған "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің базалық мазмұны:

 1) "Компьютер": компьютер құрылғылары: таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгертуге арналған пернетақталар. Программалық қамтамасыз ету: қолданбалы программаларда "қызу" пернетақталарді пайдалану. Қауіпсіздік: Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелері;

 2) "Ақпаратты ұсыну және өңдеу": мәтіндер: мәтінді теру ережелері, маркіленген және нөмірленген тізімдер, мәтінді өңдеу, шрифт пен абзацты пішімдеу (жазылуы, түсі, тегістеу), кесу, көшіру, белгіленген мәтінді құжатқа қою, мәтінге суретті қою және орналастыруын реттеу, Презентациялар: презентация конструкторы, программа мәзірі, презентацияның ашылуы мен сақталуы, мәтінді және суреттерді слайдқа орналастыру, слайдтар арасында ауысу, презентация дизайны. Графика: фотосуреттерді өңдеуге арналған программа (жарықтық, контраст, жиектеме);

 3) "Интернет желісіндегі жұмыс": ақпарат іздеу: құжаттан мәтін үзіндісін іздеу. Ақпарат алмасу: желідегі ақпарат алмасу жолдары, жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді пайдалану;

 4) "Есептей білу".

 Алгоритмдер: цикл; циклдік алгоритмді іске асыру кезінде орындаушының командалар жүйесі.

 Программалау: программалау ойын алаңын құру барысында алгоритмді жүзеге асыру, дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу, программалау ойын алаңында бірнеше көріністер және кейіпкерлермен жұмыс істеу;

 5) "Робототехника": орта мотордың жылдамдығы мен айналымның санын күйге келтіру, робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді қолдану.";

 5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 "2) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1-сыныптар үшін, 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2 сыныптар үшін, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 3 сыныптар үшін, 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап 4 сыныптар үшін қолданысқа енгізілетін көрсетілген қосымшаға қосымшада бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспардың 7 және 21-тармақтары;

 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-тармақ;

 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 16 және 18-тармақтар;

 2019-2020 және 2020-2021 оқу жылдарындағы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 17-тармақ;

 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 19-тармақ;";

 осы бұйрыққа 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37 және 38-қосымшаларға сәйкес 113-1 ,113-2, 192-1, 193-1, 392-1, 395-1, 610, 611, 612, 613, 614, 615, 616, 617, 618, 619, 620, 621, 622, 623, 624, 625, 626, 627, 628, 629, 630, 631, 632, 633, 634, 635, 636 және 637-қосымшалармен толықтырылсын.

 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

 5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтарда күшіне енетін 710, 11, 12, 14, 16, 17, 18, 24, 40, 42, 45, 46, 48, 54, 55, 60, 71, 72, 80 және 81-абзацтарды қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


 Қазақстан Республикасының
 Білім және ғылым министрі

А. Аймагамбетов



Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2020 жылғы 27 қарашасы
 № 496 бұйрығына
 1-қосымша


Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2013 жылғы 3 сәуірдегі
 № 115 бұйрығына
 175-қосымша





 Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Әліппе" пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)

 1-тарау. Жалпы ережелер

       1. "Әліппе"пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны А.Байтұрсынұлының мынадай ұстанымдары негізінде айқындалды, олар оқулық жазуда басшылыққа алынады:

      1) дыбыспен жаттығу;

      2) әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу;

      3) оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту;

      4) білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.

       3. Әріп таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды. 

      4. "Әліппе" пәнінің мақсаты – дыбыспен жаттығу, әріп таныту, оқуға, жазуға, ауызша және жазба мәтін құрауға үйрету арқылы білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

       5. Оқу бағдарламасының міндеттері білім алушының мынадай дағдыларын қалыптастыруды көздейді: 

       1) оқу әрекетіне бейімдеу; 

      2) дыбыс, буын, сөз, сөйлем, сөйлеу (мәтін) туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;

      3) мәтіннен/сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу арқылы жаңа дыбыс пен әріпті таныту;

      4) дыбысты әріппен таңбалап, әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;

      5) дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға үйрету;

      6) сөзді буындап оқуға, тұтас оқуға, мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға машықтандыру;

      7) жазу дағдысын (қатесіз, көркем жазу) қалыптастыру;

      8) сөздік қорын байыту;

      9) коммуникативтік дағдыларын (өз ойын толық жеткізе білу, өзгенің пікірімен санаса білу, әңгімелесу, сөйлеу әдебін сақтау) қалыптастыру;

      10) тілдік бірліктерді (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) ажырату, салыстыру, топтастыру, талдауға үйрету;

       11) тілдік білімі мен дағдыларын тәжірибеде қолдана алу; 

      12) танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту;

      13) ана тіліне, Отанына, туған еліне, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;

      14) жеке тұлғалық қасиеті мен әлеуетін ашу;

      15) тұрақты зейіні мен есте сақтауын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастыру;

      16) физиологиялық ерекшеліктерін ескеру және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.

 2-тарау. "Әліппе" пәнінің мазмұны

      6. "Әліппе" пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.

       7. Оқу пәнінің мазмұны: 

      1) қазақ тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен;

      2) негізгі тілдік бірліктерден (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс);

      3) қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;

       4) орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен құралады. 

       8. "Әліппе" пәнін оқыту екі кезең бойынша (әліппеге дейінгі кезең – 12 сағат, әліппе кезеңі – 84 сағат) ұйымдастырылады. 

      9. "Әліппе" пәнінің мазмұны І жартыжылдықта "Әліппе" оқулығы (әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдері) арқылы жүзеге асырылады.

       10. Әліпбидегі әріптер мен әрбір әріптің дыбыстық мәнін, қарапайым тілдік ұғым мен түсініктерді меңгертудің реті мен көлемі: 

       1) 1-тоқсан: тілдік ұғымдар туралы қарапайым түсінік (сөйлеу дағдылары) (әліппеге дейінгі кезең) – 12 сағат; 

       а, р, л, у, н, бекіту (2 сағ) – 12 сағат; 

 с, о, т, қ, ы, з, м, е, д, ш, ұ, бекіту (2 сағ) – 24 сағат; 

 2) 2-тоқсан: б, й, к, і, ң, ғ, ж, ә, п, ү, бекіту (3 сағ) – 24 сағат; 

 ө, г, и, я, ю, х, h, щ, в, э, Ұ, ц, ф, ч, ь-ъ, әліпби – 2 сағ, бекіту (4 сағ) –24 сағат.

 Ескерту: ң – 3 сағат, я, ю, х, һ, щ, в, э, Ұ, ц, ф, ч, ь-ъ 1 сағаттан; қалған дыбыс пен әріпке 2 сағаттан беріледі.

 11. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:

 1) оқу әрекетіне қызығушылығын ояту; 

 2) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, туралы қарапайым түсінік қалыптастыру; 

 3) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс сызба-модельдерін ажырату және қолдану дағдыларын қалыптастыру;

 4) дыбыспен жаттығу: сөзге дыбыстық талдау жасау, сөзді созып айту арқылы неше буын бар екенін анықтау, сөздерді буынға бөлуге дағдыландыру,сөз ішіндегі және екі, үш буынды сөз ішіндегі дыбыстарды айыру, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, дыбыстарды, буындарды қосып, сөз айтуға дағдыландыру;

 5) жазуға даярлау (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлба сызу, әріп элементтерін жазу); 

 6) қабылдау, елестету, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, зейінін тұрақтандыру; 

 7) байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру.

 Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттерін айқындауда А. Байтұрсынұлының шағын сөзді әдісі, дыбыспен жаттығу әдісі негізге алынды. 

 Ескерту: тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы керек.

 12. Әліппе кезеңінің міндеттері: 

 1) дыбысты әдіс арқылы жаңа дыбыс пен әріпті таныту;

 2) дыбыстық талдау дағдыларын дамыту: мәтіннен/сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу;

 3) дыбысты дұрыс айтуға жаттықтыру;

 4) естілген дыбыстардың типтерін, яғни фонемаларды ажырата білуге үйрету;

 5) жеке дыбыстарды әріптермен таңбалау: әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;

 6) дыбыстық жинақтау дағдыларын дамыту: дыбыстардан буын, буындардан сөз, сөздерден сөйлем құрап оқуға, жазуға үйрету.

 7) оқу әрекеттерін дамыта отырып, тілдік дағдыларын жетілдіру;

 8) сөзді біртіндеп тұтас, дұрыс, түсініп оқуға дағдыландыру; 

 9) көркем жазу дағдыларын қалыптастыру;

 10) сөздік қорын байыту;

 11) өз ойын жеткізе білуге үйрету.

 Әліппе кезеңінің міндеттерін айқындауда А.Байтұрсынұлының дыбысты әдісі, жалқылаулы-жалпылау әдісі, жазу-оқу әдісі негізге алынды.

 Ескерту:

 І-жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант – 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант –3-12 сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.

 13. "Әліппе"пәнінің базалық білім мазмұны. 

 Тыңдалым мен айтылым:

 1) мұғалімнің, өзге білім алушылардың сөзін тыңдау; тыңдалым материалының мазмұнын түсіну; сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беру; сөз мағынасын түсіну; сөзді дұрыс қолдана білу; сөз әдебін сақтай отырып, өз ойын айта алу;

 2) сөйлеу барысында ым-ишара, қимылды қолдану; сөз сазын (ырғақ, екпін, әуен, қарқын, кідіріс) сақтау; ертегі айту; өлең, санамақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақты жатқа айту; 

 3) фонетика: дауысты дыбыстар; дауыссыз дыбыстар; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып жіктелуі; буын, сөздің буынға бөлінуі; дауысты дыбыстардың буын құрауы; сөздің дыбыс, әріп құрамын анықтау; сөздің дыбыс құрылымы туралы алғашқы білімдерді игеру;

 4) орфоэпия: сөзді үндестік заңына сәйкес айта білу; жаңылтпаш айта білу, ойын жаттығуларын орындай алу;

 5) сөздік қорын байыту, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден шағын мәтін құрау; 

 6) тыңдалым материалын мазмұндау, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау; көрген-білгені, естігені туралы әңгімелеу;

 7) сөйлеу барысында (әңгімелесу, әңгімелеу, пікір алмасу, сахналау,рөлдік ойындар) сөз әдебіне үйрену; 

 Ескерту: тыңдалым материалының көлемі: 30 сек-1мин.

 14. Оқылым:

 1) сөздегі дыбыс саны мен ретін анықтау, дыбыстық талдау жасау;

 2) дыбыстардың мағына ажыратушы қызметін түсіну;

 3) сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білуі (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау);

 4) сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну; 

 5) дыбыс пен әріпті ажырату, дыбыстың айтылу ерекшелігін, әріппен таңбаланатынын білу, жазылған сөздің әріптік құрылымын тану;

 6) қазақ тіліндегі жұп дыбыстардың (а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і, л-р, н-ң, с-з, с-ш, ж-ш, п-б, к-қ, г-ғ) ерекшеліктерін тану, өзге тілден енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға дағдылану;

 7) сөйлемді (2-6 сөз), мәтінді (4-10 сөйлем) дауыстап оқу; түсініп оқу;

 8) сөздерді оқу барысында дыбыс үндестігін сақтау; 

 9) мәтін туралы жалпы түсінік қалыптастыру. 

 10) сурет, сызба түрінде берілген ақпаратты түсіну;

 Ескерту: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі сөз саны 2-6-ден аспауы керек.

 15. Жазылым:

 1) тілдік бірліктерді (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) сызбалар арқылы модельдеу;

 2) жазу жұмысына дайындық (денені дұрыс ұстау, қолды дұрыс қойып отыру, дәптерді дұрыс қою, қарындашты, қаламды дұрыс ұстау); кеңістікте бағдарлау дағдысы (жазу жолы, жоларалық кеңістік, жолдың жоғарғы және төменгі сызығы, босаралық, көлбеу, тік); сурет салу, үзік сызықтар, ирек сызықтар, әріп элементтерін жазу; 

 3) бас әріп пен кіші әріптерді талапқа сай көркем жазу; дыбыстардан буын, буындардан сөз құрап, әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі үзбей (ырғақты) жазу;

 4) әр сөйлемнің бас әріптен басталатынын, сөйлем ішіндегі сөздердің бөлек жазылатынын, сөйлемнің соңына тыныс белгі қойылатынын білу, қолдану;

 5) көшіріп жазу, есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз), жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу, жазғанын үлгіге қарап тексеру; 

 6) сөздерден сөйлем құрау; 

 7) қатесіз және көркем жазуға дағдылану;

 8) бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына арнайы қойылған аттар) ажырату, дұрыс жазу;

 9) сөйлеу барысында жалғауларды қолдана білу.

 3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі

 16. Бағдарламада оқу мақсаттары кодпен берілген. Кодтың бірінші саны сыныпты, екінші және үшінші саны негізгі дағдылардың ретін, төртінші саны оқу мақсатының ретін көрсетеді. 1.2.1.1 кодында: "1" – сынып, "2.1" – негізгі дағдылар, "1" – оқу мақсатының реті.

 17. Оқу мақсаттары күтілетін нәтиже түрінде айқындалған:

Тыңдалым мен айтылым

Негізгі дағдылар

Оқу мақсаттары

1.1 Тыңдалым материалы арқылы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіну

1.1.1.1 сөйлеу (мәтін), сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіну

1.2 Тыңдаған материалды мазмұндау

1.1.2.1 көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

1.3 Оқиғаны болжау

1.1.3.1 тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

1.4 Коммуникативтік қатынаста тілдік нормаларды дұрыс қолдану 

1.1.4.1 коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдану

1.5 Тыңдаушының назарын аудару

1.1.5.1 заттар мен құбылыстарды сипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолдану
 1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу

1.6 Тыңдаған материал бойынша өз ойын айту

1.1.6.1 тыңдалым материалына қатысты өз ойын білдіру

1.7 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

1.1.7.1 сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау

1.8 Сөздерді орфоэпиялық нормаға сәйкес айту

1.1.8.1 сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айту

Оқылым

Негізгі дағдылар

Оқу мақсаттары

2.1 Оқу түрлерін қолдану

 1.2.1.1 сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын "оқу" 

 1.2.1.2 оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану 

2.5 Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қою, жауап беру

1.2.5.1 мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру

2.8 Дыбыс пен әріпті тану, ажырату

1.2.8.1 дыбыстың таңбасы – әріпті тану, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажырату

1.2.8.2 дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну;
 1.2.8.3 дыбыстың мағына ажыратудағы қызметін түсіну;
 1.2.8.4 Ұ, я, ю әріптері мен ь, ъ таңбаларының ерекшеліктерін түсіну

2.9 Сөзді буынға бөлу

1.2.9.1 дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау

Жазылым

Негізгі дағдылар

Оқу мақсаттары

 3.3 Шағын мәтін құрастыру. 

 1.3.3.1 сызба, сурет, белгілер арқылы шағын мәтін құрастыру 

 3.5 Қатені табу, түзету 

1.3.5.1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қатені түзету

 3.6 Көркем жазу талаптарын сақтау 

1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркемжазу талаптарына сай жазу

Тілдік норманың қолданысы

 4.1 Орфографиялық дағдылар 

1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазу

4.2 Грамматикалық дағдылар

 1.4.2.2 сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолдану 

4.3 Пунктуациялық дағдылар

1.4.3.1 сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қою

      18. Осы оқу бағдарламасы қосымшада келтірілген Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Әліппе"пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының ұзақмерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      19. Бөлімдер мен тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.































Бастауыш білім беру деңгейінің
 1-сыныбына арналған "Әліппе"
 пәнінің үлгілік оқу
 бағдарламасына қосымша

 Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Әліппе"пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асырудың ұзақмерзімді жоспары (оқыту қазақ тілінде)

1-тоқсан

Кезең

Тыңдалым мен айтылым

Оқылым

Жазылым

Тілдік норманың қолданысы

Әліппеге дейінгі кезең

1. 1. 1. 1* сөйлеу (мәтін), сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіну;
 1. 1. 2. 1* көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау;
 1. 1. 3. 1* тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
 1. 1. 4. 1* коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдану;
 1. 1. 5. 1* заттар мен құбылыстарды сипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолдану;
 1. 1. 5. 2 сөйлеу барысындадауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;
 1. 1. 8. 1 сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айту

1. 2. 1. 1* сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын "оқу";
 1. 2. 9. 1 дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау

1. 3. 6. 1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу


 
 

Әліппе кезеңі

1. 1. 2. 1* көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау;
 1. 1. 3. 1* тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
 1. 1. 4. 1* коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдану;
 1. 1. 5. 1* заттар мен құбылыстарды сипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолдану;
 1. 1. 5. 2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;
 1. 1. 7. 1 сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау;
 1. 1. 8. 1 сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айту

1. 2. 1. 2* оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
 1. 2. 5. 1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;
 1. 2. 8. 1 дыбыстың таңбасы – әріпті тану, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажырату;
 1. 2. 8. 2 дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну;
 1. 2. 8. 3 дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсіну;
 1. 2. 9. 1 дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау

1. 3. 3. 1* сызба, сурет, белгілер арқылы шағын мәтін құрастыру;
 1. 3. 5. 1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қатені түзету;
 1. 3. 6. 1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу

1. 4. 1. 1* айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазу;
 1. 4. 2. 2 сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолдану;
 1. 4. 3. 1 сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қою

2-тоқсан

Әліппе кезеңі

1. 1. 2. 1* көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау;
 1. 1. 3. 1* тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
 1. 1. 4. 1* коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) сақтай білу;
 1. 1. 5. 2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;
 1. 1. 6. 1 тыңдалым материалына өз ойын білдіру;
 1. 1. 7. 1 сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау;
 1. 1. 8. 1 сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айту

1. 2. 1. 1* сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын "оқу";
 1. 2. 1. 2* оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
 1. 2. 5. 1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;
 1. 2. 8. 1 дыбыстың таңбасы – әріпті тану, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажырату;
 1. 2. 8. 2 дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну;
 1. 2. 8. 3 дыбыстың мағына ажыратудағы қызметін түсіну;
 1. 2. 8. 4* Ұ, я, ю әріптері мен ь, ъ таңбаларының ерекшеліктерін түсіну;
 1. 2. 9. 1 дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау

1. 3. 3. 1* сызба, сурет, белгілер арқылы шағын мәтін құрастыру;
 1. 3. 5. 1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қатені түзету;
 1. 3. 6. 1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу

1. 4. 1. 1* айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазу;
 1. 4. 2. 2 сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолдану;

      Ескерту:

      - білім алушылардың қажеттілігін ескере отырып, әр сабаққа 3-4 оқу мақсаты, оның ішінде біреуі жетекші мақсат ретінде алынады;

      - "*" белгісімен көрсетілген оқу мақсатының бөлігін таңдап жүзеге асыруға болады.

      Жазылым дәптерлердің (№1, №2, №3) көмегімен жүзеге асырылады.


Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2020 жылғы 27 қарашасы
 № 496 бұйрығына
 2-қосымша


Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2013 жылғы 3 сәуірдегі
 № 115 бұйрығына
 175-1-қосымша

 Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Ана тілі"пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)

 1-тарау. Жалпы ережелер

       1. "Ана тілі" пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны А.Байтұрсынұлының мынадай ұстанымдары негізінде айқындалды, олар оқулық жазуда басшылыққа алынады:

      1) оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту;

       2) білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу. 

      3. "Ана тілі" пәнінің мақсаты – білім алушының оқу-жазу дағдыларын жетілдіру және тілін дамыту.

       4. Оқу бағдарламасының міндеттері білім алушының мынадай дағдыларын қалыптастыруды көздейді: 

      1) сөзді тұтас оқуға, мәтінді түсініп оқуға, мәнерлеп оқуға және шапшаң оқуға машықтандыру;

      2) жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, көркем жазу) қалыптастыру;

      3) сөздік қорын байыту;

      4) коммуникативтік дағдыларын (өз ойын толық жеткізе білу, өзгенің пікірімен санаса білу, әңгімелесу, сөйлеу әдебін сақтау) қалыптастыру;

      5) тілдік бірліктерді (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) ажырату, салыстыру, топтастыру, талдау дағдыларын дамыту;

       6) тілдік білімі мен дағдыларын тәжірибеде қолдана алу; 

      7) кітап оқуға қызығушылығын ояту, сөз өнеріне баулу;

      8) танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту;

      9) ана тіліне, Отанына, туған еліне, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;

      10) жеке тұлғалық қасиеті мен әлеуетін ашу;

      11) тұрақты зейіні мен есте сақтауын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастыру;

      12) физиологиялық ерекшеліктерін ескеру және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.

 2-тарау. "Ана тілі"пәнінің мазмұны

      5. "Ана тілі" пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы ІІ жартыжылдықта 102 сағатты құрайды.

       6. Оқу пәнінің мазмұны: 

      1) негізгі тілдік бірліктерден (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс);

      2) қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;

      3) орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен;

       4) балалар әдебиетінен (ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет) құралады. 

       7. "Ана тілі" пәнін оқыту әліппеден кейінгі кезең бойынша ІІ жартыжылдықта "Ана тілі" оқулығы арқылы жүзеге асырылады. 

      8. Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері:

      1) тыңдалым, айтылым әрекеттері арқылы сөз өнеріне баулу;

       2) ауызша тіл мен жазба тілін дұрыс дамыту; 

      3) мәтінді дұрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу, шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру;

      4) ауыз әдебиет үлгілері мен көркем шығармалар арқылы ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу;

      5) тілдік білімнің алғашқы негіздерін меңгерту;

      6) бастапқы жазу нормаларын сақтап, сауатты жазуға дағдыландыру;

      7) көркем жазу дағдыларын дамыту;

      8) мәтінмен жұмыста дереккөздерді пайдалана білуге машықтандыру.

      Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттерін жүзеге асыруда А.Байтұрсынұлының жалқылаулы-жалпылау әдісі, тұтас сөзді әдісі, жазу-оқу әдісі басшылыққа алынды.

       9. "Ана тілі" пәнінің базалық білім мазмұны. 

      Тыңдалым мен айтылым:

      1) тыңдалым материалының мазмұнын түсіну; сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беру; сөз мағынасын түсіну; сөзді дұрыс қолдана білу; сөз әдебін сақтай отырып, өз ойын айта алу;

       2) сөйлеу барысында ым-ишара, қимылды қолдану; сөз сазын (ырғақ, екпін, әуен, қарқын, кідіріс) сақтау; ертегі айту; өлең, санамақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақты жатқа айту; 

      3) орфоэпия: сөзді үндестік заңына сәйкес айта білу; жаңылтпаш айта білу, ойын жаттығуларын орындай алу;

       4) сөздік қорын байыту, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден шағын мәтін құрау; 

      5) тыңдалым материалын мазмұндау, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау; көрген-білгені, естігені туралы әңгімелеу;

       6) сөйлеу барысында (әңгімелесу, әңгімелеу, пікір алмасу, сахналау, рөлдік ойындар) сөз әдебіне үйрену; 

      10. Оқылым:

       1) сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну; 

      2) сөйлемді, мәтінді дауыстап оқу; мәнерлеп, түсініп оқу, мұғалімнің қолдауымен мәтіннен қажет ақпаратты тауып оқу;

      3) айтылу мақсатына қарай сөйлемнің интонациясын (хабарлы, лепті, сұраулы) сақтап оқу;

       4) сөздерді оқу барысында дыбыс үндестігін сақтау; 

       5) сөздердің мағынасын (мәндес; мағынасы қарама-қарсы; айтылуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздер) ажырату, сөздік қорын байыту; 

      6) мәтін тақырыбын "Кім (не) туралы?" деген сауалдар арқылы анықтау, оқылған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру;

      7) оқыған мәтіні бойынша өз ойын, алған әсерін білдіру;

      8) әліпби ретімен құрылған дереккөздерден (суретті кітап, сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мұғалімнің қолдауымен қажетті ақпараттарды табу;

      9) сурет, сызба түрінде берілген ақпаратты түсіну;

      Ескерту: көркем шығарма көлемі – 45-65 сөз, ғылыми-танымдық мәтін көлемі – 20-30 сөз.

      ІІ жартыжылдықтың соңында оқу жылдамдығының нормасы: минутына 25-30 сөз; шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.

       11. Балалар әдебиетінен (ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет) тілі жеңіл, Отан, туған жер, табиғат, жан-жануарлар, отбасы, еңбек, денсаулық туралы мәтіндер беріледі. 

      12. Жазылым:

      1) әріптерді талапқа сай көркем жазу; әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі үзбей (ырғақты) жазу;

      2) әр сөйлемнің бас әріптен басталатынын, сөйлем ішіндегі сөздердің бөлек жазылатынын, сөйлемнің соңына тыныс белгі қойылатынын білу, қолдану;

       3) көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы сөздерді (7-10 сөз), жай сөйлемдерді (3-4 сөйлем) жатқа жазу, жазғанын үлгіге қарап тексеру; 

       4) сөздерден сөйлем, сөйлемдерден шағын мәтін құрау; 

      5) сауатты және көркем жазуға дағдылану;

      6) заттың атын, сынын, санын, қимылын білдіретін сөздерді дұрыс қолдану;

      7) бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына арнайы қойылған аттар) ажырату, дұрыс жазу;

       8) сөйлеу барысында жалғауларды қолдана білу; 

      9) мұғалімнің қолдауымен сөзді тасымалдау.

      Ескерту:

      2-жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: сөздік диктант – 4-5 сөз, диктант – 12-20 сөз, мазмұндама – 10-15 сөз, мәтінді көшіріп жазу – 10-20 сөз, шығармашылық мәтін – 3-4 сөйлем (10-15 сөз). Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.

 3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі

      13. Бағдарламада оқу мақсаттары кодпен берілген. Кодтың бірінші саны сыныпты, екінші және үшінші саны негізгі дағдылардың ретін, төртінші саны оқу мақсатының ретін көрсетеді. 1.2.1.1 кодында: "1" – сынып, "2.1" – негізгі дағдылар, "1" – оқу мақсатының реті.

      14. Оқу мақсаттары күтілетін нәтиже түрінде айқындалған:

Тыңдалым мен айтылым

Негізгі дағдылар

Оқу мақсаттары

1.1 Тыңдалым материалы арқылы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіну

1. 1. 1. 1 мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіну

1.2 Тыңдаған материалды мазмұндау

1. 1. 2. 1 көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

1.3 Оқиғаны болжау

1. 1. 3. 1 тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

1.4 Коммуникативтік қатынаста тілдік нормаларды дұрыс қолдану

1. 1. 4. 1 коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдану

1.5 Тыңдаушының назарын аудару

1. 1. 5. 1 заттар мен құбылыстарды сипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолдану;
 1. 1. 5. 2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу

1.6 Тыңдаған материал бойынша өз ойын айту

1. 1. 6. 1 тыңдалым материалына қатысты өз ойын білдіру

1.7 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

1. 1. 7. 1 сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау

1.8 Сөздерді орфоэпиялық нормаға сәйкес айту

1. 1. 8. 1 сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айту

Оқылым

Негізгі дағдылар

Оқу мақсаттары

2.1 Оқу түрлерін қолдану

1. 2. 1. 2 оқу түрлерін (тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану

2.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

1. 2. 2. 1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау

2.3 Мәтіннің құрылымдық бөлігін анықтау

1. 2. 3. 1 ауыстырылып берілген мәтін бөліктерін мұғалімнің қолдауымен орнына қоя білу

2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну

1. 2. 4. 1 мұғалімнің қолдауымен сөздердің мағыналарын (мәндес; мағынасықарама-қарсы; айтылуы бірдей, мағынасы әртүрлі) ажырату

2.5 Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қою, жауап беру

1. 2. 5. 1 мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру

2.6 Мәтіннің жанрын анықтау

1. 2. 6. 1 мұғалімнің қолдауымен мәтіннің жанрын (жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең, әңгіме, ертегі) ажырату

2.7 Түрлі дереккөздерден қажет ақпаратты алу

1. 2. 7. 1 мұғалімнің қолдауымен дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, суретті кітапша, энциклопедия) ақпарат табу

2.8 Дыбыс пен әріпті тану, ажырату

1. 2. 8. 2 дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну

Жазылым

Негізгі дағдылар

Оқу мақсаттары

3.1 Жоспар құру

1. 3. 1. 1 сюжетті суреттердің ретін анықтап, ат қою арқылы қарапайым жоспар құру
 1. 3. 1. 2 мәтін бөліктерін анықтап, жоспар құру

3.2 Оқылым, тыңдалым материалының мазмұнын жазу

1. 3. 2. 1 мұғалімнің қолдауымен оқылым, тыңдалым материалы бойынша шағын мазмұндама жазу

3.4 Түрлі мәтіндер құрау

1. 3. 4. 1 мұғалімнің қолдауымен түрлі шағын мәтін (хат, құттықтау хат, хабарлама) жазу

3.5 Қатені табу, түзету

1. 3. 5. 1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қатені түзету

3.6 Көркем жазу талаптарын сақтау

1. 3. 6. 1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу

Тілдік норманың қолданысы

4.1 Орфографиялық дағдылар

1. 4. 1. 1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазу

1. 4. 1. 2 мұғалімнің қолдауымен сөзді дұрыс тасымалдауды, тасымалданбайтын сөздерді білу

1. 4. 1. 3 бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су аттары, жануарларға арнайы қойылған аттар) анықтау

4.2 Грамматикалық дағдылар

1. 4. 2. 1 заттың атын, қимыл-әрекетін, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратып, орынды қолдану

4.3 Пунктуациялық дағдылар

1. 4. 3. 1 сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қою

      15. Осы оқу бағдарламасы қосымшада келтірілген Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Ана тілі"пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының ұзақмерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Бөлімдер мен тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.


Бастауыш білім беру деңгейінің
 1-сыныбына арналған
 "Ана тілі" пәнінің үлгілік
 оқу бағдарламасына қосымша

 Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Ана тілі" пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асырудың ұзақмерзімді жоспары (оқыту қазақ тілінде)

Кезең

Тыңдалым мен айтылым

Оқылым

Жазылым

Тілдік норманың қолданысы

3-тоқсан

Әліппеден кейінгі кезең

1. 1. 1. 1 мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіну;
 1. 1. 2. 1* көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау;
 1. 1. 3. 1* тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
 1. 1. 4. 1* коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) сақтай білу;
 1. 1. 5. 2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;
 1. 1. 7. 1 сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау

1. 2. 1. 2 оқу түрлерін (тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
 1. 2. 2. 1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау;
 1. 2. 3. 1 ауыстырылып берілген мәтін бөліктерін мұғалімнің қолдауымен орнына қоя білу;
 1. 2. 4. 1* мұғалімнің қолдауымен сөздердің мағыналарын (мәндес, мағынасы қарама-қарсы, айтылуы бірдей, мағынасы әртүрлі) ажырату;
 1. 2. 5. 1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;
 1. 2. 6. 1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің жанрын (жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең, әңгіме, ертегі) ажырату;
 1. 2. 7. 1* мұғалімнің қолдауымен дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, суретті кітапша, энциклопедия) ақпарат табу
 1. 2. 8. 2 дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну

1. 3. 1. 1 сюжетті суреттердің ретін анықтап, ат қою арқылы қарапайым жоспар құру;
 1. 3. 1. 2 мәтін бөліктерін анықтап, жоспар құру;
 1. 3. 2. 1* мұғалімнің қолдауымен оқылым, тыңдалым материалы бойынша шағын мазмұндама жазу;
 1. 3. 4. 1* мұғалімнің қолдауымен түрлі шағын мәтін (хат, құттықтау хат, хабарлама) жазу;
 1. 3. 5. 1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қ(атені түзету;
 1. 3. 6. 1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу

1. 4. 1. 1* айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазу;
 1. 4. 1. 2 мұғалімнің қолдауымен сөзді дұрыс тасымалдауды, тасымалданбайтын сөздерді білу;
 1. 4. 3. 1 сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қою

4-тоқсан

Әліппеден кейінгі кезең

1. 1. 3. 1* тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
 1. 1. 4. 1* коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) сақтай білу;
 1. 1. 5. 1* заттар мен құбылыстарды сипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолдану;
 1. 1. 6. 1 тыңдалым материалына өз ойын білдіру;
 1. 1. 7. 1 сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау
 1. 1. 8. 1 сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айту

1. 2. 1. 2 оқу түрлерін (тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
 1. 2. 2. 1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау;
 1. 2. 3. 1 ауыстырылып берілген мәтін бөліктерін мұғалімнің қолдауымен орнына қоя білу;
 1. 2. 5. 1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;
 1. 2. 6. 1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің жанрын (жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең, әңгіме, ертегі) ажырату;
 1. 2. 7. 1* мұғалімнің қолдауымен дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, суретті кітапша, энциклопедия) ақпарат табу

1. 3. 1. 1 сюжетті суреттердің ретін анықтап, ат қою арқылы қарапайым жоспар құру;
 1. 3. 1. 2 мәтін бөліктерін анықтап, жоспар құру;
 1. 3. 2. 1* мұғалімнің қолдауымен оқылым, тыңдалым материалы бойынша шағын мазмұндама жазу;
 1. 3. 4. 1* мұғалімнің қолдауымен түрлі шағын мәтін (хат, құттықтау хат, хабарлама) жазу;
 1. 3. 5. 1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қатені түзету;
 1. 3. 6. 1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу

1. 4. 1. 1* айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазу;
 1. 4. 1. 3 бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, жануарларға арнайы қойылған аттар) анықтау;
 1. 4. 2. 1* заттың атын, қимыл-әрекетін, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратып, орынды қолдану

      Ескерту:

      - білім алушылардың қажеттілігін ескере отырып, әр сабаққа 3-4 оқу мақсаты, оның ішінде біреуі жетекші мақсат ретінде алынады;

      - "*" белгісімен көрсетілген оқу мақсатының бөлігін таңдап жүзеге асыруға болады.


Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2020 жылғы 27 қарашасы
 № 496 бұйрығына
 3-қосымша


Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 бұйрығына
 2013 жылғы 3 сәуірдегі
 № 115 бұйрығына
 176-қосымша

 Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Букварь" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде)

 1-тарау. Жалпы ережелер

       1. Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) әзірленді.

      2. "Букварь" пәнінің мақсаты – қарапайым грамматикалық түсініктерді қалыптастыра отырып, тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын меңгеру процесінде тұлғаның функционалды сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік жасау.

       3. Қойылған мақсатқа жету үшін сабақта келесі міндеттерді жүзеге асыру қажет: 

      1) тыңдау, сөйлеу, оқу және жазуға үйрету;

      2) сөйлеудің бірліктері (дыбыс, буын, сөз, сөйлем) туралы қарапайым түсінік қалыптастыру);

      3) фонематикалық естуді дамыту (дыбыстарды бірізділікпен бөліп көрсете білу, олардың саны мен сапасын анықтау);

      4) сөздерді буындап оқу, тұтас оқу, мәтінді түсініп оқу, мәнерлеп оқу және жылдам оқу дағдыларын дамыту;

      5) әліпбидің баспа және жазба әріптерін ажырата білуге және каллиграфиялық жазуға үйрету; жазу дағдыларын қалыптастыру;

      6) сөздік қорын байыту;

      7) мәтінді мақсатты түрде түсіну арқылы білім алушылардың дұрыс оқу іс-әрекетін қалыптастыру;

      8) оқуға және кітапқа деген қызығушылығын арттыру;

      9) ақпаратты талдау, салыстыру, жалпылау, жүйелеу қабілетін дамыту;

      10) айналасындағыларға достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сөйлеу мәдениеті мен қарым-қатынас мәдениетін дамыту;

      11) танымдық қызығушылықты қалыптастыру және өзінің сөйлеуін жетілдіруге ұмтылу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      12) қоршаған әлемді тану арқылы оқылатын тілге деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті арттыру;

      13) коммуникативтік біліктері мен дағдыларын дамыту: әңгімелесушіні ести және тыңдай білу, диалог жүргізу және әркімнің өз көзқарасы болатынын түсіну, өз пікірін айқын және негіздей отырып жеткізу.

      4. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлікте дамытылуы білім берудің "қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік", "құрмет", "ынтымақтастық", "еңбек пен шығармашылық", "ашықтық", "өмір бойы білім алу" сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне, Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

 2-тарау. "Букварь" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

      5. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 6 сағат, барлығы – 96 сағат.

      6. Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу бірліктері:

      1) орыс тілінің дыбыстары мен әріптерінің жүйесі;

      2) тіл бірліктері: мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс;

      3) орыс тілінің кейбір грамматикалық құбылыстары;

      4) орфографиялық және пунктуациялық нормалардың минимумы;

 5) балалар көркем әдебиетінің туындылары.

 7. "Букварь" оқу пәнінің базалық мазмұны оқыту процесінде үш кезеңге бөлінеді: әліппеге дейінгі кезең – 12 сағат, әліппе кезеңі – 84 сағат.

 8. Әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдерінің міндеттері "Букварь" оқулығының көмегімен жүзеге асырылады. 

 9. "Букварь" оқулығында әріптерді енгізудің топтар реті қолданылады:

 1) а, у, и, о, ы; 

 2) м, т, н, л, с, р, ш;

 3) к, п, б, г, д, з, ж; 

 4) е, Ұ, в, й, ь, э, я, ю, х, ц, ч, щ, ф, ъ (айыру).

 10. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:

 1) оқу әрекетіне деген қызығушылығын арттыру;

 2) фонематикалық есту қабілетін дамыту;

 3) сөйлеу туралы бастапқы түсініктерді (дыбыс, буын, екпін, сөз, сөйлем) қалыптастыру;

 4) сөйлемнің басы бас әріппен жазылатыны, сөйлемнің соңында нүкте, сұрақ, леп белгілері қойылатыны туралы түсінік қалыптастыру;

 5) екпінді, екпінсіз дауысты дыбыстар, ұяң/қатаң дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерді қалыптастыру;

 6) сөзге дыбыстық талдау жасау, сөздің екпінді буынын таба білуді қалыптастыру;

 7) дауысты дыбыстарға бағдарлай отырып, сөздің дыбыстық моделін "оқуға" үйрету; сөйлемдердің сызба-модельдерін "оқуға" үйрету;

 8) қолдың ұсақ моторикасын (бояу, сурет салу, әртүрлі бағытта штрихтеу, контуры бойынша бастыра сызу, әріптердің элементтерін жазу) дамыту;

 9) ойлау, есте сақтау, қиял, қабылдау, зейінді дамыту;

 11. Сауат ашудың әліппе кезеңі бірінші тоқсанда басталып, екінші тоқсанда аяқталады. Мұғалім дыбыс және әріппен танысу сағаттарының санын оқу материалын игеру деңгейіне, оқу мақсаттарына қол жеткізуге және әр кезеңнің тапсырмаларын орындауға байланысты өзі реттейді.

 12. Әліппе кезеңінің міндеттері:

 1) орыс әліпбиінің әріптерімен таныстыру, дыбыстардың артикуляциясын үйрету;

 2) оқу әрекетіне қызығушылықты қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің дағдыларын қалыптастыру;

 3) фонематикалық есту, сөйлеу қабілетін дамыту;

 4) екпінді, екпінсіз дауысты дыбыстар ұғымымен таныстыру;

 5) әліпби әріптерінің қызметін меңгерту, әріптердің баспа және жазба түрлерін, бас әріп және кіші әріпті ажыратуға үйрету;

 6) тіл бірліктері (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін) туралы қарапайым ұғымдарды меңгерту; 

 7) әріптерді, буындарды, сөздерді, сөйлемдерді жазуда каллиграфиялық жазу дағдыларын қалыптастыру; 

 8) оқулық мәтіндерін тұтас сөздермен оқуға ауыса отырып, дұрыс, бірқалыпты буындап оқу дағдыларын қалыптастыру;

 9) орфографиялық және орфоэпиялық оқуды меңгерту;

 10) ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

 11) білім алушылардың сөздік қорын байыту.

 Ескерту:

 І-жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант – 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант –3-12 сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.

 13. Базалық білім мазмұны.

 14. Тыңдалым және айтылым (ауызша сөйлеуді және фонематикалық естуді дамыту):

 1) мұғалім мен өзге білім алушылардың сөзін, аудио/бейнежазбаларды тыңдау, естігеннің мәнін түсіну, сұраққа дұрыс және нақты жауап беру; коммуникативтік мақсаттарға сай қарым-қатынас дағдыларын (топта қарым-қатынас жасау, диалогке қатысу, сахналау, рөлдік ойындар) дамыту, сөйлеу этикетінің сөздерін пайдалану, лексикалық тақырыптар негізінде сөздік қорын кеңейту; 

 2) бейвербальді қарым-қатынас құралдарын қолдану (интонация, мимика, ым-ишара, қалып); сөйлеудің негізгі ережелерін сақтау (ырғақ, екпін, қарқын, кідіріс);

 3) жаңылтпаштар, санамақтар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтарды жатқа айту арқылы артикуляциялық аппаратты дамыту;

 4) берілген және қызықтырған тақырыптарға монолог және диалог түрінде өз ойын айтуды қалыптастыру, сурет, бақылағаны, көргені, басынан өткені және естігені/оқығаны туралы әңгімелеу, басқа адамдардың әрекеттері мен басынан өткеніне қарым-қатынасын білдіру, өзінің эмоционалдық жай-күйін берудің әртүрлі тәсілдерін қолдану;

 5) сюжеттік суреттер сериясына сүйене отырып және көмексіз ертегілерді айту, сюжеттік сурет бойынша және сюжеттік суреттер сериясы бойынша әңгімелер құрастыру, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, мәтін картасына сүйене отырып және оған сүйенбей тыңдалған/оқылған мәтінді мазмұндау;

 6) сөздің мәні мен мағынасын түсіну, сөздерді мақсатына қарай қолдану, сөздік қорын кеңейту, сөздерді орфоэпиялық нормаларға сәйкес айту, сөздегі екпінді дұрыс қою;

 7) сөйлемдер мен шағын мәтіндер құрастыру;

 8) тыңдалымға арналған материал көлемі: 30 сек. – 1 мин.

 15. Оқылым (оқылым дағдыларын қалыптастыру, әліпби әріптерін үйрету):

 1) фонетика және графика;

 2) дыбыс – тілдің ең кіші бірлігі, сөз бен буынның дыбыстық құрылымы;

 3) дыбыстардың дауысты және дауыссыз болып жіктелуі (артикуляциялық, акустикалық, функционалдық аспектілер: дауыстылар еркін, дауыссыздар кедергімен айтылады, дауыстылар үннен, дауыссыздар – үн мен ызыңнан жасалады (ұяң), тек ызың (қатаң), дауыссыздар тек дауысты дыбыстармен тіркесіп қана өз бетінше буын құрай алады: [и-р’ис], [а-ист]);

 4) дауыссыз дыбыстардың жуан/жіңішке және ұяң/қатаң болып жіктелуі; 

 5) дауысты дыбыстардың әлсіз және күшті позициялары;

 6) дыбыс пен екпіннің мағынаажыратушылық рөлі ([мал] – [м’aл], [з


мък] – [зам


к]), бір немесе бірнеше дыбыспен ерекшеленетін сөздерді салыстыру;
 
 

      7) сөздің дыбыстық құрамының бірлігін және оның лексикалық мәнін ұғыну;

      8) дыбысты әріппен таңбалау, сөздің дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін/сәйкес еместігін, орыс тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтай отырып, сөздердің айтылуын анықтау;

      9) буын – ең кіші айтылым бірлігі, сөздердің буындарға бөлінуі, екпінді және екпінсіз буынға бөлу;

      10) сөздің графикалық дыбыстық моделінен схема-модельдегі дыбыстарды әріптермен белгілеуге көшу; дауысты әріпке бағдарланған сөздің дыбыстық-әріптік моделін "оқу" ;

      11) дыбыстық және дыбыстық-әріптік талдау жүргізу;

      12) дыбыс пен әріптерді ажырату (дыбыстарды естиміз және айтамыз, әріптерді көреміз, жазамыз, оқимыз);

      13) сөздің дыбыстық формасын оның әріптік жазбасы бойынша (оқылым) және керісінше (жазылым) айту;

      14) орыс графикасының позициялық принципін меңгеру, дауысты дыбыстардың (я, ю, е, е, и) және ь әріптерінің көмегімен дауыссыз дыбыстардың жұмсақтығын белгілеу, я, ю, е, е әріптерінің көмегімен [й'] дыбысын белгілеу;

      15) я, ю, е, Ұ дыбыстарының қосарлы рөлі;

 16) әріптердің белгілі бір бірізділігі ретінде орыс әліпбиімен танысу;

 17) 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді, тұтас сөздерді оқуға және 4-8 сөйлемнен тұратын мәтіндерді дұрыс оқуға көшу арқылы әртүрлі құрылымдағы сөздерді бірқалыпты буындап оқуға үйрету, мұғалімнің сұрақтары бойынша мәтіндерден шағын үзінділерді іріктеп оқуды үйрету;

 18) сөйлеудің интонациялық ұйымдастырылуына бақылау жасау (сөйлем соңындағы, сұраулы, лепті интонация);

 19) тыныс белгілеріне сәйкес сөйлемдердің интонациясы: нүкте, үтір, сұрау және леп белгілері, бір сөйлемді екіншісінен бөлетін кідірісті сақтау;

 20) әртүрлі жанрдағы шығармаларды олардың ерекшеліктері негізінде салыстыру, шығармада не туралы айтылатынын анықтай білуін қалыптастыру, автордың айтқысы келген ойына, шығарманың негізгі әрекет етуші тұлғаларына сипаттама беру;

 21) сөздің мағынасын бақылау (мағынасы бойынша жақын және қарама-қарсы сөздер, көпмағыналы сөздер);

 22) мәтіннің мазмұнын өз бетінше оқып-түсіну;

 23) оқылған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру;

 24) әртүрлі жанрдағы мәтіндердің ерекшеліктерін анықтау, шығарманың тақырыбын, негізгі ойын анықтау;

 25) мәтінді мәнерлеп оқу, оқылған мәтіннің мазмұнына қатынасын білдіру (ұнайды/ұнамайды, себебі...);

 26) оқу тапсырмаларын орындау үшін қажетті ақпаратты іздеу (мұғалімнің жетекшілігімен);

 27) мәтін, суреттер, схемалар, пиктограммалар, белгілер түрінде ұсынылған ақпаратты түсіну;

 28) дауысты және дауыссыз дыбыстарды айту дағдыларын меңгеру, оқу кезінде тұтас сөздерді және мағыналық бірліктерді дұрыс екпінмен айту (орфоэпиялық оқу);

 29) орфографиялық оқу – айтып тұрып жазу және көшіріп жазу кезінде өзін-өзі бақылау құралы

 Ескерту: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің басында 4-6 сөйлемнен және соңында 10 сөйлемнен аспауы тиіс. Әр сөйлемдегі сөздердің саны 2-6-дан аспауы керек.

 16. Жазылым (жазылым дағдыларын қалыптастыру):

 1) жазу жұмысына дайындық (денені дұрыс ұстау, жарық, дәптерді дұрыс қою, жазу кезінде қарындашты/қаламды дұрыс ұстау); дәптер бетіндегі кеңістікте бағдарлау дағдысы (жазу жолы, жоларалық кеңістік, жолдың жоғарғы және төменгі сызығы, вертикальды көлбеу сызығы); сурет салу, штрихтеу, жиектеу; сұлбалардың көмегімен сөздің дыбыстық құрамын модельдеу; сөйлемдерді модельдеу;

 2) каллиграфиялық нормаларды сақтай отырып, әріп элементтерін, бас және кіші әріптерді және олардың қосылыстарын, буындарды, сөздерді, сөйлемдерді жазу;

 3) каллиграфиялық жазу дағдыларын қалыптастыру: жазба әріптерінің (кіші және бас әріп) графикалық бейнесін талдау, олардың құрылымдық элементтерін сәйкестендіру, кіші және бас әріптерді және олардың қосылыстарын (жоғарғы, орта, төменгі үзілетін және үзілмейтін) жазу, буынға бөліп жазудан кейінгі іс-әрекетті жетілдіру (дауысты дыбыстарды білдіретін әріптерді жазу процесінде, жуан-жіңішкелігі, ұяң-қатаңдығы), алдын ала модельдей отырып, сөйлемдерді жазу.

 4) айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді айту арқылы жазу;

 5) қолжазба және баспа мәтінінен сөйлемдерді, мәтінді арнайы ережелері бойынша көшіріп жазу;

 6) пунктуация ережелерін ескере отырып, сөйлемдерді жазу: сөйлем соңында нүкте, леп, сұрау белгілері, сөйлемде сөздерді бөліп жазу;

 7) сөйлемнің басындағы бас әріп;

 8) сөз және сөйлем туралы бастапқы түсінік, "зат" және "сөз" ұғымдарын заттың атауы ретінде ажырату;

 9) заттың, қоршаған орта құбылыстарының атын білдіретін сөздер, заттардың сынын білдіретін сөздер; заттың айту кезіндегі, айтқанға дейінгі, айтқаннан кейінгі іс-әрекетін білдіретін сөздер; бір затты, көп затты білдіретін сөздер, "ол", "олар" деген сөздерімен сәйкес келетін сөздер;

 10) сурет бойынша сөйлем құрастыру, берілген сөздерден сөйлем құрастыру, сөйлемдегі сөздердің санын анықтау, сөйлемдердің графикалық үлгілерін құру.

 3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі

 17. Бағдарламада оқу мақсаттары кодпен берілген. Кодтың бірінші саны сыныпты, екінші және үшінші саны негізгі дағдылардың ретін, төртінші саны оқу мақсатының ретін көрсетеді. 1.2.1.1 кодында: "1" – сынып,"2.1" – негізгі дағдылар, "1" – оқу мақсатының реті.

 18. Оқу мақсаттарының жүйесі:

Бөлім (сөйлеу әрекетінің түрлері) – тыңдалым және айтылым

Бөлімшелер
 (негізгі дағдылар)

Оқу мақсаттары

 1.1 
 Бастапқы тілдік ұғымдарды (мәтін, сөйлем, сөз) түсіну

1. 1. 1. 1 сөйлеу, мәтін, сөйлем, сөз, дыбыс туралы түсіну

 1.2 
 Тыңдаған мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

1. 1. 2. 1 мәтінде кім, не туралы айтылғанын анықтау мәтінде кім/не туралы айтылғанын анықтау және мәтін авторының не айтқысы келетінін түсіну

 1.3 
 Тыңдалған материалды мазмұндау

1. 1. 3. 1 оқиғалар ретін сақтай отырып, тыңдалған материалды мазмұндау (мұғалімнің көмегімен)

 1.4 
 Оқиғаны болжау

1. 1. 4. 1 тақырып/аты және иллюстрациялар бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

 1.5 
 Сөйлеу нормаларын сақтай отырып түрлі қарым-қатынас жағдайларына қатысу

1. 1. 5. 1 сөйлеу этикетін қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында қолдану (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, рұқсат сұрау, қоштасу)

 1.6 
 Тыңдаушының назарын аудару

1. 1. 6. 1 сөйлеуде сипаттау/салыстыру сөздерін, вербальді емес қарым-қатынас құралдарын (мимика, ым-ишара) қолдану, сөйлеудің мағынасын жеткізу үшін мәлімдеменің, сұрақтың, сезім білдірудің интонациясын сақтау

 1.7 
 Өзінің бағалау пікірін айту

1. 1. 7. 1 тыңдалған мәтінге пікірін білдіру, оны жай сөйлемдермен негіздеу

 1.8 
 Берілген тақырыпқа әңгіме құрастыру

1. 1. 8. 1 сюжеттік иллюстрация/суреттер топтамасы бойынша әңгіме құрастыру

 1.9 
 Сөздің дыбыстық түрін бағдарлау

1. 1. 9. 1 сөздегі дыбыстарды ажырату, олардың санын анықтау, олардың белгілерін ажырату (дауысты/дауыссыз, екпінді/ екпінсіз дауысты, жіңішке/жуан дауыссыз, ұяң/қатаң дауыссыз); сөздің дыбыстық сызбасын жасау

1. 1. 9. 2 сөздердің буындардан тұратынын түсіну, сөздегі буындардың саны мен ретін анықтау, екпінді буынды анықтау және белгілеу

1. 1. 9. 3 дыбыстың буынның және екпіннің мағынаажыратушылық рөлін түсіну

Бөлім (сөйлеу әрекетінің түрлері) – оқылым

Бөлімшелер
 (негізгі дағдылар)

Оқу мақсаттары

 2.1 
 Оқылым түрлерін қолдану

1. 2. 1. 1 сөз, сөйлем сызбасын оқу және құрастыру

1. 2. 1. 2 оқудың негізгі түрлерін қолдану (буындап оқудан сөздерді тұтас оқуға көшу, түсініп оқу)

 2.2 
 Оқылған мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

1. 2. 2. 1 мәтіннің тақырыбын, автордың ойын анықтау

 2.3 
 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтау

1. 2. 3. 1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің басын, ортасын және соңын анықтау

 2.4 
 Мәтіндегі лексикалық және синтаксистік бірліктердің рөлін түсіну

1. 2. 4. 1 сөздердің мағыналарының жалпылануын ескере отырып, лексикалық мәні мен мағынасын түсіну (заттың атын/сынын/қимылын білдіретін сөздер), мағынасы жуық/қарама-қарсы/көпмағыналы сөздер (мұғалімнің көмегімен)

2.5 Сұрақ қою және жауап беру

1. 2. 5. 1 суреттерге/мәтінге сұрақтар қою (мұғалімнің көмегімен) және сұрақтарға жауап беру

 2.6 
 Мәтіннің түрлері мен жанрын анықтау

1. 2. 6. 1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін, мәтіннің ерекшеліктері бойынша жанрын (жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең, әңгіме, ертегі) анықтау

 2.7 
 Сөздердің графикалық түрін бағдарлау

1. 2. 7. 1 әріпті тану және оны дыбыспен сәйкестендіру, сөздегі дыбыстар мен әріптердің алшақтығы туралы білу (йотты дауысты дыбыстары бар сөздер, ь бар сөздер)

1. 2. 7. 2 сөздегі позициясына байланысты әріптің қызметін түсіну (дауысты дыбыс дауыссыз дыбыстардың жіңішкелік/жуандық көрсеткіші ретінде)

1. 2. 7. 3 сөздегі ь, ъ белгілерінің рөлін түсіну

Бөлім (сөйлеу әрекетінің түрлері) – жазылым

Бөлімшелер
 (негізгі дағдылар)

Оқу мақсаттары

3.1
 Мәтін жоспарын құру

1. 3. 1. 1 суреттік жоспар, мәтіннің сызба- жоспарын құру және тақырып қою (мұғалімнің көмегімен)

3.2
 Тыңдалған/оқылған материалдың мазмұнын жазу

1. 3. 2. 1 мұғалімнің көмегімен сурет, сызба, белгілерді қолдана отырып, тыңдалған/оқылған мәтіндердегі ақпаратты беру

3.3 Түрлі ұсыну формаларын пайдаланып, мәтін құру

1. 3. 3. 1 сурет, белгі, сызба, тірек сөздерді қолдана отырып, берілген тақырыпқа жай сөйлемдер/мәтіндер құрастыру/жазу

3.4
 Түрлі жанрдағы мәтіндерді шығармашылықпен жазу

1. 3. 4. 1 мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер/мәтіндер (хабарлама, құттықтау, хат) жазу

3.5 Жұмыстағы қателерді табу және түзету

1. 3. 5. 1 мұғалімнің көмегімен сөздердің, сөйлемдердің/мәтіннің жазылуын тексеру және қателерді түзету

3.6
 Каллиграфиялық және графикалық нормаларды сақтау

1. 3. 6. 1 әріптердің элементтерін, жазба (бас және кіші) әріптер мен олардың қосылыстарын жазу, каллиграфия нормаларына сәйкес анық жазу, жазуда күшті позицияның дыбыстарын әріптермен таңбалау

3.7
 Орфографиялық нормаларды сақтау

1. 3. 7. 1 жазылуы мен айтылуында айырмашылығы бар (вода, снег, пенал) сөздерді көшіріп жазу/жазу, тасымалдау ережелерін сақтау (мұғалімнің көмегімен)

1. 3. 7. 2 жи-ши/ча-ща/чу-щу/-чк-, -чн-/-нщ-, -шн- дұрыс жазу ережесін қолдану

1. 3. 7. 3 жалқы есімдерді, сөйлем басындағы сөздерді бас әріппен жазу (мұғалімнің көмегімен)

3.8
 Грамматикалық нормаларды сақтау

1. 3. 8. 1 жазбаша сөйлеуде заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату, пайдалану, оларды жекеше және көпше түрде өзгерту

3.9 Пунктуациялық нормаларды сақтау

1. 3. 9. 1 сөйлемнің соңында тыныс белгілерін: нүкте, сұрау, леп белгілерін қою

      19. Осы оқу бағдарламасы қосымшада келтірілген бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Букварь" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасының ұзақмерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      20. Бөлімдер мен тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.


Бастауыш білім беру деңгейінің
 1-сыныбына арналған
 "Букварь"пәнінің үлгілік оқу
 бағдарламасына қосымша

 Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Букварь" пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асырудың ұзақмерзімді жоспары (оқыту орыс тілінде)

1-тоқсан

Кезең

Тыңдалым және айтылым

Оқылым

Жазылым

Әліппеге дейінгі кезең

1. 1. 1. 1* сөйлеу, мәтін, сөйлем, сөз, дыбыс туралы түсіну
 1. 1. 5. 1 сөйлеу этикетін қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында қолдану (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, рұқсат сұрау, қоштасу);
 1. 1. 7. 1 тыңдалған мәтінге пікірін білдіру, оны жай сөйлемдермен негіздеу;
 1. 1. 8. 1* сюжеттік иллюстрация/суреттер топтамасы бойынша әңгіме құрастыру;
 1. 1. 9. 1* сөздегі дыбыстарды ажырату, олардың санын анықтау, олардың белгілерін ажырату (дауысты/дауыссыз, екпінді/ екпінсіз дауысты, жіңішке/жуан дауыссыз, ұяң/қатаң дауыссыз); сөздің дыбыстық сызбасын жасау;
 1. 1. 9. 2* сөздердің буындардан тұратынын түсіну, сөздегі буындардың саны мен ретін анықтау, екпінді буынды анықтау және белгілеу;
 1. 1. 9. 3* дыбыстың буынның және екпіннің мағынаажыратушылық рөлін түсіну

1. 2. 1. 1* сөз, сөйлем сызбасын оқу және құрастыру;
 1. 2. 5. 1* суреттерге/мәтінге сұрақтар қою (мұғалімнің көмегімен) және сұрақтарға жауап беру

1. 3. 1. 1* суреттік жоспар, мәтіннің сызба- жоспарын құру және тақырып қою (мұғалімнің көмегімен);
 1. 3. 2. 1 мұғалімнің көмегімен сурет, сызба, белгілерді қолдана отырып, тыңдалған/оқылған мәтіндердегі ақпаратты беру;
 1. 3. 6. 1* әріптердің элементтерін, жазба (бас және кіші) әріптер мен олардың қосылыстарын жазу, каллиграфия нормаларына сәйкес анық жазу, жазуда күшті позицияның дыбыстарын әріптермен таңбалау

Әліппе кезеңі

1. 1. 1. 1 сөйлеу, мәтін, сөйлем, сөз, дыбыс туралы түсіну;
 1. 1. 2. 1 мәтінде кім, не туралы айтылғанын анықтау мәтінде кім/не туралы айтылғанын анықтау және мәтін авторының не айтқысы келетінін түсіну;
 1. 1. 3. 1 оқиғалар ретін сақтай отырып, тыңдалған материалды мазмұндау (мұғалімнің көмегімен);
 1. 1. 4. 1* тақырып/аты және иллюстрациялар бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
 1. 1. 6. 1* сөйлеуде сипаттау/салыстыру сөздерін, вербальді емес қарым-қатынас құралдарын (мимика, ым-ишара) қолдану, сөйлеудің мағынасын жеткізу үшін мәлімдеменің, сұрақтың, сезім білдірудің интонациясын сақтау;
 1. 1. 9. 2* сөздердің буындардан тұратынын түсіну, сөздегі буындардың саны мен ретін анықтау, екпінді буынды анықтау және белгілеу

1. 2. 1. 1* сөз, сөйлем сызбасын оқу және құрастыру;
 1. 2. 1. 2* оқудың негізгі түрлерін қолдану (буындап оқудан сөздерді тұтас оқуға көшу, түсініп оқу);
 1. 2. 5. 1*суреттерге/мәтінге сұрақтар қою (мұғалімнің көмегімен) және сұрақтарға жауап беру
 1. 2. 9. 1* әріпті тану және оны дыбыспен сәйкестендіру, сөздегі дыбыстар мен әріптердің алшақтығы туралы білу (йотты дауысты дыбыстары бар сөздер, ь бар сөздер);
 1. 2. 9. 2 * сөздегі позициясына байланысты әріптің қызметін түсіну (дауысты дыбыс дауыссыз дыбыстардың жіңішкелік/жуандық көрсеткіші ретінде)

1. 3. 6. 1 әріптердің элементтерін, жазба (бас және кіші) әріптер мен олардың қосылыстарын жазу, каллиграфия нормаларына сәйкес анық жазу, жазуда күшті позицияның дыбыстарын әріптермен таңбалау;
 1. 3. 7. 3 жалқы есімдерді, сөйлем басындағы сөздерді бас әріппен жазу (мұғалімнің көмегімен);
 1. 3. 9. 1 сөйлемнің соңында тыныс белгілерін: нүкте, сұрау, леп белгілерін қою

2-тоқсан

Әліппе кезеңі

1. 1. 1. 1* сөйлеу, мәтін, сөйлем, сөз, дыбыс туралы түсіну;
 1. 1. 2. 1 мәтінде кім, не туралы айтылғанын анықтау мәтінде кім/не туралы айтылғанын анықтау және мәтін авторының не айтқысы келетінін түсіну;
 1. 1. 3. 1 оқиғалар ретін сақтай отырып, тыңдалған материалды мазмұндау (мұғалімнің көмегімен);
 1. 1. 4. 1 тақырып/аты және иллюстрациялар бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
 1. 1. 6. 1* сөйлеуде сипаттау/салыстыру сөздерін, вербальді емес қарым-қатынас құралдарын (мимика, ым-ишара) қолдану, сөйлеудің мағынасын жеткізу үшін мәлімдеменің, сұрақтың, сезім білдірудің интонациясын сақтау;
 1. 1. 7. 1 тыңдалған мәтінге пікірін білдіру, оны жай сөйлемдермен негіздеу;
 1. 1. 8. 1* сюжеттік иллюстрация/суреттер топтамасы бойынша әңгіме құрастыру;
 1. 1. 9. 2* сөздердің буындардан тұратынын түсіну, сөздегі буындардың саны мен ретін анықтау, екпінді буынды анықтау және белгілеу;
 1. 1. 9. 3 дыбыстың буынның және екпіннің мағынаажыратушылық рөлін түсіну;
 1. 1. 9. 4 сөздегі йотты әріптердің қызметін түсіну

1. 2. 1. 1* сөз, сөйлем сызбасын оқу және құрастыру;
 1. 2. 1. 2* оқудың негізгі түрлерін қолдану (буындап оқудан сөздерді тұтас оқуға көшу, түсініп оқу);
 1. 2. 2. 1 мәтіннің тақырыбын, автордың ойын анықтау;
 1. 2. 3. 1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің басын, ортасын және соңын анықтау;
 1. 2. 4. 1* сөздердің мағыналарының жалпылануын ескере отырып, лексикалық мәні мен мағынасын түсіну (заттың атын/сынын/қимылын білдіретін сөздер), мағынасы жуық/қарама-қарсы/көпмағыналы сөздер (мұғалімнің көмегімен);
 1. 2. 5. 1* суреттерге/мәтінге сұрақтар қою (мұғалімнің көмегімен) және сұрақтарға жауап беру;
 1. 2. 6. 1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін, мәтіннің ерекшеліктері бойынша жанрын (жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең, әңгіме, ертегі) анықтау;
 1. 2. 7. 1 * әріпті тану және оны дыбыспен сәйкестендіру, сөздегі дыбыстар мен әріптердің алшақтығы туралы білу (йотты дауысты дыбыстары бар сөздер, ь бар сөздер);
 1. 2. 7. 2 * сөздегі позициясына байланысты әріптің қызметін түсіну (дауысты дыбыс дауыссыз дыбыстардың жіңішкелік/жуандық көрсеткіші ретінде);
 1. 2. 7. 3* сөздегі ь, ъ белгілерінің рөлін түсіну

1. 3. 2. 1* мұғалімнің көмегімен сурет, сызба, белгілерді қолдана отырып, тыңдалған/оқылған мәтіндердегі ақпаратты беру;
 1. 3. 3. 1* сурет, белгі, сызба, тірек сөздерді қолдана отырып, берілген тақырыпқа жай сөйлемдер/мәтіндер құрастыру/жазу;
 1. 3. 4. 1* мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер/мәтіндер (хабарлама, құттықтау, хат) жазу;
 1. 3. 5. 1 мұғалімнің көмегімен сөздердің, сөйлемдердің/мәтіннің жазылуын тексеру және қателерді түзету;
 1. 3. 6. 1* әріптердің элементтерін, жазба (бас және кіші) әріптер мен олардың қосылыстарын жазу, каллиграфия нормаларына сәйкес анық жазу, жазуда күшті позицияның дыбыстарын әріптермен таңбалау;
 1. 3. 7. 1* жазылуы мен айтылуында айырмашылығы бар (вода, снег, пенал) сөздерді көшіріп жазу/жазу, тасымалдау ережелерін сақтау (мұғалімнің көмегімен);
 1. 3. 7. 2 * жи-ши/ча-ща/чу-щу/-чк-, -чн-/-нщ-, -шн- дұрыс жазу ережесін қолдану;
 1. 3. 7. 3* жалқы есімдерді, сөйлем басындағы сөздерді бас әріппен жазу (мұғалімнің көмегімен);
 1. 3. 7. 4 сөздің соңында және ортасында жіңішкелік белгісі бар сөздерді жазу;
 1. 3. 8. 1 жазбаша сөйлеуде заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату, пайдалану, оларды жекеше және көпше түрде өзгерту

      Ескертпе:

      1) бір тоқсан ішінде оқу мақсаттары сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша біріктіріледі;

      2) "*" белгісімен белгіленген оқу мақсаттарынының бір бөлігін іске асыру ұсынылады.


Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2020 жылғы 27 қарашасы
 № 496 бұйрығына
 4-қосымша


Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2013 жылғы 3 сәуірдегі
 № 115 бұйрығына
 176-1-қосымша

 Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Обучение грамоте" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде)

 1-тарау. Жалпы ережелер

       1. Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. "Обучение грамоте" пәнінің мақсаты – қарапайым грамматикалық түсініктерді қалыптастыра отырып, тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын меңгеру процесінде тұлғаның функционалды сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік жасау.

       3. Қойылған мақсатқа жету үшін сауат ашу сабақтарында келесі міндеттерді жүзеге асыру қажет: 

      1) сөздерді оқу, мәтінді түсініп оқу, мәнерлеп және жылдам оқу дағдыларын дамыту;

      2) сөздік қорын байыту;

      3) мәтінді мақсатты түрде түсіну арқылы білім алушылардың дұрыс оқу іс-әрекетін қалыптастыру;

      4) оқуға және кітапқа деген қызығушылығын арттыру;

      5) ақпаратты талдау, салыстыру, жалпылау, жүйелеу қабілетін дамыту;

      6) айналасындағыларға достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сөйлеу мәдениеті мен қарым-қатынас мәдениетін дамыту;

      7) танымдық қызығушылықты қалыптастыру және өзінің сөйлеуін жетілдіруге ұмтылу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      8) қоршаған әлемді тану арқылы оқылатын тілге деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті арттыру;

      9) коммуникативтік біліктері мен дағдыларын дамыту: әңгімелесушіні ести және тыңдай білу, диалог жүргізу және әркімнің өз көзқарасы болатынын түсіну, өз пікірін айқын және негіздей отырып жеткізу;

      10) қойылған міндет пен оны іске асыру шарттарына сәйкес оқу іс-әрекеттерін жоспарлау, бақылау және бағалау іскерлігін қалыптастыру;

      11) нәтижеге жетудің ең тиімді тәсілдерін анықтау;

      12) оқу іс-әрекетінің сәттілік/сәтсіздік себептерін түсіне білуді қалыптастыру.

      4. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлікте дамытылуы білім берудің "қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік", "құрмет", "ынтымақтастық", "еңбек пен шығармашылық", "ашықтық", "өмір бойы білім алу" сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне негіз болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушының мінез-құлқы мен күнделікті іс-әрекетін ынталандыратын тұрақты жеке бағдарлары болуға бағытталған.

 2-тарау. "Обучение грамоте" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

      5. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 6 сағат, барлығы – 102 сағатты құрайды.

      6. Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу бірліктері:

      1) тіл бірліктері: мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс;

      2) орыс тілінің кейбір грамматикалық құбылыстары;

      3) орфографиялық және пунктуациялық нормалардың минимумы;

 4) балалар көркем әдебиетінің туындылары.

 7. Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері 2-жартыжылдықта "Обучение грамоте" оқулығының көмегімен жүзеге асырылады. 

 8. Әліппе кезеңінің міндеттері:

 1) тұтас сөзбен оқуға көшу, "іштей" оқи білуді қалыптастыру;

 2) мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

 3) байланыстырып сөйлеуді дамыту (мазмұндау, әңгімелеу, "ауызша суреттеу", суреттер, өзінің алған әсері бойынша әңгіме құрастыру);

 4) каллиграфиялық және графикалық нормаларға сәйкес жазу дағдыларын дамыту;

 5) ауыз әдебиеті мен көркем шығармалар арқылы ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу;

 6) тыңдалым, айтылым арқылы сөйлеу өнеріне баулу.

 9. Базалық білім мазмұны.

 10. Тыңдалым және айтылым (ауызша сөйлеуді және фонематикалық естуді дамыту):

 1) мұғалім мен өзге білім алушылардың сөзін, аудио/бейнежазбаларды тыңдау, естігеннің мәнін түсіну, сұраққа дұрыс және нақты жауап беру; коммуникативтік мақсаттарға сай қарым-қатынас дағдыларын (топта қарым-қатынас жасау, диалогке қатысу, сахналау, рөлдік ойындар) дамыту, сөйлеу этикетінің сөздерін пайдалану, лексикалық тақырыптар негізінде сөздік қорын кеңейту; 

 2) бейвербальді қарым-қатынас құралдарын қолдану (интонация, мимика, ым-ишара, қалып); сөйлеудің негізгі ережелерін сақтау (ырғақ, екпін, қарқын, кідіріс);

 3) жаңылтпаштар, санамақтар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтарды жатқа айту арқылы артикуляциялық аппаратты дамыту;

 4) берілген және қызықтырған тақырыптарға монолог және диалог түрінде өз ойын айтуды қалыптастыру, сурет, бақылағаны, көргені, басынан өткені және естігені/оқығаны туралы әңгімелеу, басқа адамдардың әрекеттері мен басынан өткеніне қарым-қатынасын білдіру, өзінің эмоционалдық жай-күйін берудің әртүрлі тәсілдерін қолдану;

 5) сюжеттік суреттер сериясына сүйене отырып және көмексіз ертегілерді айту, сюжеттік сурет бойынша және сюжеттік суреттер сериясы бойынша әңгімелер құрастыру, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, мәтін картасына сүйене отырып және оған сүйенбей тыңдалған/оқылған мәтінді мазмұндау;

 6) сөздің мәні мен мағынасын түсіну, сөздерді мақсатына қарай қолдану, сөздік қорын кеңейту арқылы тіл дамыту, сөздерді орфоэпиялық нормаларға сәйкес айту, сөздегі екпінді дұрыс қою;

 7) сөйлемдер мен шағын мәтіндер құрастыру;

 8) тыңдалымға арналған материал көлемі: 30 сек. – 1 мин.

 11. Оқылым (оқылым дағдыларын қалыптастыру, әліпби әріптерін үйрету):

 1) фонетика және графика;

 2) дыбыс – тілдің ең кіші бірлігі, сөз бен буынның дыбыстық құрылымы;

 3) дыбыстардың дауысты және дауыссыз болып жіктелуі (артикуляциялық, акустикалық, функционалдық аспектілер: дауыстылар еркін, дауыссыздар кедергімен айтылады, дауыстылар үннен, дауыссыздар – үн мен ызыңнан жасалады (ұяң), тек ызың (қатаң), дауыссыздар тек дауысты дыбыстармен тіркесіп қана өз бетінше буын құрай алады: [и-р’ис], [а-ист]);

 4) дауыссыз дыбыстардың жуан/жіңішке және ұяң/қатаң болып жіктелуі; 

 5) дауысты дыбыстардың әлсіз және күшті позициялары;

 6) дыбыс пен екпіннің мағынаажыратушылық рөлі ([мал] – [м’aл], [з


мък] – [зам


к]), бір немесе бірнеше дыбыспен ерекшеленетін сөздерді салыстыру;
 
 

      7) сөздің дыбыстық құрамының бірлігін және оның лексикалық мәнін ұғыну;

      8) дыбысты әріппен таңбалау, сөздің дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін/сәйкес еместігін, орыс тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтай отырып, сөздердің айтылуын анықтау;

      9) буын – ең кіші айтылым бірлігі, сөздердің буындарға бөлінуі, екпінді және екпінсіз буынға бөлу;

      10) сөздің графикалық дыбыстық моделінен схема-модельдегі дыбыстарды әріптермен белгілеуге көшу; дауысты әріпке бағдарланған сөздің дыбыстық-әріптік моделін "оқу" ;

      11) дыбыстық және дыбыстық-әріптік талдау жүргізу;

      12) дыбыс пен әріптерді ажырату (дыбыстарды естиміз және айтамыз, әріптерді көреміз, жазамыз, оқимыз);

      13) сөздің дыбыстық формасын оның әріптік жазбасы бойынша (оқылым) және керісінше (жазылым) айту;

      14) орыс графикасының позициялық принципін меңгеру, дауысты дыбыстардың (я, ю, е, е, и) және ь әріптерінің көмегімен дауыссыз дыбыстардың жұмсақтығын белгілеу, я, ю, е, е әріптерінің көмегімен [й'] дыбысын белгілеу;

      15) я, ю, е, Ұ дыбыстарының қосарлы рөлі;

 16) әріптердің белгілі бір бірізділігі ретінде орыс әліпбиімен танысу;

 17) 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді, тұтас сөздерді оқуға және 4-8 сөйлемнен тұратын мәтіндерді дұрыс оқуға көшу арқылы әртүрлі құрылымдағы сөздерді бірқалыпты буындап оқуға үйрету, мұғалімнің сұрақтары бойынша мәтіндерден шағын үзінділерді іріктеп оқуды үйрету;

 18) сөйлеудің интонациялық ұйымдастырылуына бақылау жасау (сөйлем соңындағы, сұраулы, лепті интонация);

 Ескерту: көркем шығарма көлемі 0,5-1,5 беттен (сюжетті суретті қоса есептегенде); ғылыми танымдық мәтін көлемі 0,3-0,5 беттен аспауы керек.

 19) тыныс белгілеріне сәйкес сөйлемдердің интонациясы: нүкте, үтір, сұрау және леп белгілері, бір сөйлемді екіншісінен бөлетін кідірісті сақтау;

 20) сөздің мағынасын бақылау (мағынасы бойынша жақын және қарама-қарсы сөздер, көпмағыналы сөздер);

 21) мәтіннің мазмұнын өз бетінше оқып-түсіну, әңгімелеу сипатындағы өзгерген мәтінді оқу, берілген басы мен соңы бойынша мәтін құрастыру, оқылған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру;

 22) әртүрлі жанрдағы мәтіндердің ерекшеліктерін анықтау, шығарманың тақырыбын, негізгі ойын анықтау;

 23) мәтінді мәнерлеп оқу, оқылған мәтіннің мазмұнына қатынасын білдіру (ұнайды/ұнамайды, себебі...);

 24) оқу тапсырмаларын орындау үшін қажетті ақпаратты іздеу (мұғалімнің жетекшілігімен);

 25) мәтін, суреттер, схемалар, пиктограммалар, белгілер түрінде ұсынылған ақпаратты түсіну;

 26) дауысты және дауыссыз дыбыстарды айту дағдыларын меңгеру, оқу кезінде тұтас сөздерді және мағыналық бірліктерді дұрыс екпінмен айту (орфоэпиялық оқу);

 27) орфографиялық оқу – айтып тұрып жазу және көшіріп жазу кезінде өзін-өзі бақылау құралы;

 28) оқу жылдамдығының нормасы: минутына 30-40 сөз (шылау, одағай, еліктеу сөздер жеке сөз ретінде саналады), бірінші жартыжылдықта оқу техникасы тексерілмейді.

 12. Жазылым (жазылым дағдыларын қалыптастыру):

 1) айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді айту арқылы жазу;

 2) қолжазба және баспа мәтінінен сөйлемдерді, мәтінді арнайы ережелері бойынша көшіріп жазу;

 3) пунктуация ережелерін ескере отырып, сөйлемдерді жазу: нүкте, сөйлем соңында леп сұрау белгілері, сөйлемде сөздерді бөлек жазу;

 4) сөйлемнің басындағы бас әріп;

 5) айтумен анықталмайтын сөздің әріптік жазудағы орын ретінде орфограмма туралы жалпы түсінік қалыптастыру;

 6) дыбыстарды әріптермен белгілеуге байланысты емес орфограммалар: сөйлем басындағы, жалқы есімдердегі бас әріп, қөмекші сөз бен сөз арасындағы босаралық, сөздерді жолдан келесі жолға буын арқылы тасымалдау, сөйлем соңындағы тыныс белгілері;

 7) дыбыстарды әріптермен белгілеумен байланысты орфограммалар: ызыңнан кейінгі дауысты әріптер (жи-ши, ча-ща, чу-щу), -чк -чн,- чт, - щн әріп тіркестері, ь және ъ әріптері – айыру белгілері, екпінсіз дауысты дыбыстарды дұрыс жазу (екі буынды сөздер), сөздің соңында ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстарды дұрыс жазу;

 8) сөз және сөйлем, "зат" және "сөз" ұғымдарын заттың атауы ретінде ажырату;

 9) заттың, қоршаған орта құбылыстарының атын білдіретін сөздер, заттардың сынын білдіретін сөздер; заттың айту кезіндегі, айтқанға дейінгі, айтқаннан кейінгі іс-әрекетін білдіретін сөздер; бір затты, көп затты білдіретін сөздер, "ол", "олар" деген сөздерімен сәйкес келетін сөздер;

 10) сурет бойынша сөйлем құрастыру, берілген сөздерден сөйлем құрастыру, сөйлемдегі сөздердің санын анықтау, сөйлемдердің графикалық үлгілерін құру;

 11) жазба жұмыстардың көлемі: сөздік диктант – 4-5 сөз, диктант – 12-20 сөз, үйрету мазмұндамасы мәтінінің көлемі – 15-25 сөз, мәтінді көшіріп жазу – 15-20 сөзден артық емес, шығармашылық мәтіннің көлемі – 3-5 сөйлем (мұғалімнің көмегімен).

 3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі

 13. Бағдарламада оқу мақсаттары кодпен берілген. Кодтың бірінші саны сыныпты, екінші және үшінші саны негізгі дағдылардың ретін, төртінші саны оқу мақсатының ретін көрсетеді. 1.2.1.1 кодында: "1" – сынып,"2.1" – негізгі дағдылар, "1" – оқу мақсатының реті.

 14. Оқу мақсаттарының жүйесі:

Бөлім (сөйлеу әрекетінің түрлері) – тыңдалым және айтылым

Бөлімшелер
 (негізгі дағдылар)

Оқу мақсаттары

 1.1 
 Бастапқы тілдік ұғымдарды (мәтін, сөйлем, сөз) түсіну

1.1.1.1 сөйлеу, мәтін, сөйлем, сөз, дыбыс туралы түсіну

 1.2 
 Тыңдаған мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

1.1.2.1 мәтінде кім, не туралы айтылғанын анықтау мәтінде кім/не туралы айтылғанын анықтау және мәтін авторының не айтқысы келетінін түсіну

 1.3 
 Тыңдалған материалды мазмұндау

1.1.3.1 оқиғалар ретін сақтай отырып, тыңдалған материалды мазмұндау (мұғалімнің көмегімен)

 1.4 
 Оқиғаны болжау

 1.1.4.1 тақырып/аты және иллюстрациялар бойынша мәтіннің мазмұнын болжау 

 1.5 
 Сөйлеу нормаларын сақтай отырып түрлі қарым-қатынас жағдайларына қатысу

1.1.5.1 сөйлеу этикетін қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында қолдану (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, рұқсат сұрау, қоштасу)

 1.6 
 Тыңдаушының назарын аудару

1.1.6.1 сөйлеуде сипаттау/салыстыру сөздерін, вербальді емес қарым-қатынас құралдарын (мимика, ым-ишара) қолдану, сөйлеудің мағынасын жеткізу үшін мәлімдеменің, сұрақтың, сезім білдірудің интонациясын сақтау

 1.7 
 Өзінің бағалау пікірін айту

1.1.7.1 тыңдалған мәтінге пікірін білдіру, оны жай сөйлемдермен негіздеу

 1.8 
 Берілген тақырыпқа әңгіме құрастыру

 1.1.8.1 сюжеттік иллюстрация/суреттер топтамасы бойынша әңгіме құрастыру 

 1.9 
 Сөздің дыбыстық түрін бағдарлау

1.1.9.1 сөздегі дыбыстарды ажырату, олардың санын анықтау, олардың белгілерін ажырату (дауысты/дауыссыз, екпінді/ екпінсіз дауысты, жіңішке/жуан дауыссыз, ұяң/қатаң дауыссыз); сөздің дыбыстық сызбасын жасау

1.1.9.2 сөздердің буындардан тұратынын түсіну, сөздегі буындардың саны мен ретін анықтау, екпінді буынды анықтау және белгілеу

1.1.9.3 дыбыстың буынның және екпіннің мағынаажыратушылық рөлін түсіну

1.1.9.4 сөздегі йотты әріптердің қызметін түсіну

Бөлім (сөйлеу әрекетінің түрлері) – оқылым

Бөлімшелер
 (негізгі дағдылар)

Оқу мақсаттары

 2.1 
 Оқылым түрлерін қолдану

1.2.1.1 сөз, сөйлем сызбасын оқу және құрастыру

1.2.1.2 оқудың негізгі түрлерін қолдану (буындап оқудан сөздерді тұтас оқуға көшу, түсініп оқу)

 2.2 
 Оқылған мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

1.2.2.1 мәтіннің тақырыбын, автордың ойын анықтау

 2.3 
 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтау

1.2.3.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің басын, ортасын және соңын анықтау

 2.4 
 Мәтіндегі лексикалық және синтаксистік бірліктердің рөлін түсіну

1.2.4.1 сөздердің мағыналарының жалпылануын ескере отырып, лексикалық мәні мен мағынасын түсіну (заттың атын/сынын/қимылын білдіретін сөздер), мағынасы жуық/қарама-қарсы/көпмағыналы сөздер (мұғалімнің көмегімен)

2.5 Сұрақ қою және жауап беру

1.2.5.1 суреттерге/мәтінге сұрақтар қою (мұғалімнің көмегімен) және сұрақтарға жауап беру

 2.6 
 Мәтіннің түрлері мен жанрын анықтау

1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін, мәтіннің ерекшеліктері бойынша жанрын (жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең, әңгіме, ертегі) анықтау

 2.7 
 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу

1.2.7.1 мәтіндердің әліпбилік орналасу ретін пайдалана отырып, бір дереккөзден (сөздік, анықтамалық, балалар энциклопедиясы) ақпаратты табу

 2.8 
 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

1.2.8.1 мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанрдағы (ертегі, әңгіме, өлең) мәтіндерді салыстыру

 2.9 
 Сөздердің графикалық түрін бағдарлау

1.2.9.1 әріпті тану және оны дыбыспен сәйкестендіру, сөздегі дыбыстар мен әріптердің алшақтығы туралы білу (йотты дауысты дыбыстары бар сөздер, ь бар сөздер)

1.2.9.2 сөздегі позициясына байланысты әріптің қызметін түсіну (дауысты дыбыс дауыссыз дыбыстардың жіңішкелік/жуандық көрсеткіші ретінде)

1.2.9.3 сөздегі ь, ъ белгілерінің рөлін түсіну

Бөлім (сөйлеу әрекетінің түрлері) – жазылым

Бөлімшелер
 (негізгі дағдылар)

Оқу мақсаттары

3.1
 Мәтін жоспарын құру

1.3.1.1 суреттік жоспар, мәтіннің сызба- жоспарын құру және тақырып қою (мұғалімнің көмегімен)

3.2
 Тыңдалған/оқылған материалдың мазмұнын жазу

1.3.2.1 мұғалімнің көмегімен сурет, сызба, белгілерді қолдана отырып, тыңдалған/оқылған мәтіндердегі ақпаратты беру

3.3 Түрлі ұсыну формаларын пайдаланып, мәтін құру

1.3.3.1 сурет, белгі, сызба, тірек сөздерді қолдана отырып, берілген тақырыпқа жай сөйлемдер/мәтіндер құрастыру/жазу

3.4
 Түрлі жанрдағы мәтіндерді шығармашылықпен жазу

1.3.4.1 мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер/мәтіндер (хабарлама, құттықтау, хат) жазу

3.5 Жұмыстағы қателерді табу және түзету

1.3.5.1 мұғалімнің көмегімен сөздердің, сөйлемдердің/мәтіннің жазылуын тексеру және қателерді түзету

3.6
 Каллиграфиялық және графикалық нормаларды сақтау

1.3.6.1 әріптердің элементтерін, жазба (бас және кіші) әріптер мен олардың қосылыстарын жазу, каллиграфия нормаларына сәйкес анық жазу, жазуда күшті позицияның дыбыстарын әріптермен таңбалау

3.7
 Орфографиялық нормаларды сақтау

1.3.7.1 жазылуы мен айтылуында айырмашылығы бар (вода, снег, пенал) сөздерді көшіріп жазу/жазу, тасымалдау ережелерін сақтау (мұғалімнің көмегімен)

1.3.7.2 жи-ши/ча-ща/чу-щу/-чк-, -чн-/-нщ-, -шн- дұрыс жазу ережесін қолдану

1.3.7.3 жалқы есімдерді, сөйлем басындағы сөздерді бас әріппен жазу (мұғалімнің көмегімен)

1.3.7.4 сөздің соңында және ортасында жіңішкелік белгісі бар сөздерді жазу

3.8
 Грамматикалық нормаларды сақтау

1.3.8.1 жазбаша сөйлеуде заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату, пайдалану, оларды жекеше және көпше түрде өзгерту

3.9 Пунктуациялық нормаларды сақтау

1.3.9.1 сөйлемнің соңында тыныс белгілерін: нүкте, сұрау, леп белгілерін қою

      15. Осы оқу бағдарламасы қосымшада келтірілген бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Обучение грамоте" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасының ұзақмерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Бөлімдер мен тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.


Бастауыш білім беру деңгейінің
 1-сыныбына арналған
 "Обучение грамоте"пәнінің
 үлгілік оқу бағдарламасына
 қосымша

 Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Обучение грамоте" пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асырудың ұзақмерзімді жоспары (оқыту орыс тілінде)

3-тоқсан


 Әліппеден кейінгі кезең

1. 1. 1. 1 сөйлеу, мәтін, сөйлем, сөз, дыбыс туралы түсіну;
 1. 1. 2. 1 мәтінде кім, не туралы айтылғанын анықтау мәтінде кім/не туралы айтылғанын анықтау және мәтін авторының не айтқысы келетінін түсіну;
 1. 1. 4. 1 тақырып/аты және иллюстрациялар бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
 1. 1. 3. 1 оқиғалар ретін сақтай отырып, тыңдалған материалды мазмұндау (мұғалімнің көмегімен);
 1. 1. 5. 1 сөйлеу этикетін қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында қолдану (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, рұқсат сұрау, қоштасу);
 1. 1. 6. 1* сөйлеуде сипаттау/салыстыру сөздерін, вербальді емес қарым-қатынас құралдарын (мимика, ым-ишара) қолдану, сөйлеудің мағынасын жеткізу үшін мәлімдеменің, сұрақтың, сезім білдірудің интонациясын сақтау;
 1. 1. 7. 1 тыңдалған мәтінге пікірін білдіру, оны жай сөйлемдермен негіздеу;
 1. 1. 8. 1* сюжеттік иллюстрация/суреттер топтамасы бойынша әңгіме құрастыру;
 1. 1. 9. 1 сөздегі дыбыстарды ажырату, олардың санын анықтау, олардың белгілерін ажырату (дауысты/дауыссыз, екпінді/ екпінсіз дауысты, жіңішке/жуан дауыссыз, ұяң/қатаң дауыссыз); сөздің дыбыстық сызбасын жасау;
 1. 1. 9. 2 сөздердің буындардан тұратынын түсіну, сөздегі буындардың саны мен ретін анықтау, екпінді буынды анықтау және белгілеу;
 1.1.9. дыбыстың буынның және екпіннің мағынаажыратушылық рөлін түсіну;
 1. 1. 9. 4 сөздегі йотты әріптердің қызметін түсіну

1. 2. 1. 1 сөз, сөйлем сызбасын оқу және құрастыру;
 1. 2. 1. 2* оқудың негізгі түрлерін қолдану (буындап оқудан сөздерді тұтас оқуға көшу, түсініп оқу);
 1. 2. 2. 1 мәтіннің тақырыбын, автордың ойын анықтау;
 1. 2. 3. 1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің басын, ортасын және соңын анықтау;
 1. 2. 5. 1* суреттерге/мәтінге сұрақтар қою (мұғалімнің көмегімен) және сұрақтарға жауап беру; 1. 2. 6. 1* мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін, мәтіннің ерекшеліктері бойынша жанрын (жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең, әңгіме, ертегі) анықтау;
 1. 2. 8. 1* мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанрдағы (ертегі, әңгіме, өлең) мәтіндерді салыстыру;
 1. 2. 9. 1 әріпті тану және оны дыбыспен сәйкестендіру, сөздегі дыбыстар мен әріптердің алшақтығы туралы білу (йотты дауысты дыбыстары бар сөздер, ь бар сөздер);
 1. 2. 9. 2 сөздегі позициясына байланысты әріптің қызметін түсіну (дауысты дыбыс дауыссыз дыбыстардың жіңішкелік/жуандық көрсеткіші ретінде);
 1. 2. 9. 3* сөздегі ь, ъ белгілерінің рөлін түсіну

1. 3. 1. 1 суреттік жоспар, мәтіннің сызба- жоспарын құру және тақырып қою (мұғалімнің көмегімен);
 1. 3. 2. 1 мұғалімнің көмегімен сурет, сызба, белгілерді қолдана отырып, тыңдалған/оқылған мәтіндердегі ақпаратты беру;
 1. 3. 4. 1* мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер/мәтіндер (хабарлама, құттықтау, хат) жазу;
 1. 3. 5. 1 * мұғалімнің көмегімен сөздердің, сөйлемдердің/мәтіннің жазылуын тексеру және қателерді түзету;
 1. 3. 6. 1* әріптердің элементтерін, жазба (бас және кіші) әріптер мен олардың қосылыстарын жазу, каллиграфия нормаларына сәйкес анық жазу, жазуда күшті позицияның дыбыстарын әріптермен таңбалау;
 1. 3. 7. 1* жазылуы мен айтылуында айырмашылығы бар (вода, снег, пенал) сөздерді көшіріп жазу/жазу, тасымалдау ережелерін сақтау (мұғалімнің көмегімен);
 1. 3. 7. 3* жалқы есімдерді, сөйлем басындағы сөздерді бас әріппен жазу (мұғалімнің көмегімен);
 1. 3. 7. 4* сөздің соңында және ортасында жіңішкелік белгісі бар сөздерді жазу

4-тоқсан

Әліппеден кейінгі кезең

1. 1. 1. 1 сөйлеу, мәтін, сөйлем, сөз, дыбыс туралы түсіну;
 1. 1. 2. 1 мәтінде кім, не туралы айтылғанын анықтау мәтінде кім/не туралы айтылғанын анықтау және мәтін авторының не айтқысы келетінін түсіну;
 1. 1. 3. 1 оқиғалар ретін сақтай отырып, тыңдалған материалды мазмұндау (мұғалімнің көмегімен);
 1. 1. 4. 1* тақырып/аты және иллюстрациялар бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
 1. 1. 5. 1 сөйлеу этикетін қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында қолдану (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, рұқсат сұрау, қоштасу);
 1. 1. 6. 1* сөйлеуде сипаттау/салыстыру сөздерін, вербальді емес қарым-қатынас құралдарын (мимика, ым-ишара) қолдану, сөйлеудің мағынасын жеткізу үшін мәлімдеменің, сұрақтың, сезім білдірудің интонациясын сақтау;
 1. 1. 7. 1 тыңдалған мәтінге пікірін білдіру, оны жай сөйлемдермен негіздеу;
 1. 1. 8. 1* сюжеттік иллюстрация/суреттер топтамасы бойынша әңгіме құрастыру;
 1. 1. 9. 1 сөздегі дыбыстарды ажырату, олардың санын анықтау, олардың белгілерін ажырату (дауысты/дауыссыз, екпінді/ екпінсіз дауысты, жіңішке/жуан дауыссыз, ұяң/қатаң дауыссыз); сөздің дыбыстық сызбасын жасау

1. 2. 1. 2 оқудың негізгі түрлерін қолдану (буындап оқудан сөздерді тұтас оқуға көшу, түсініп оқу);
 1. 2. 2. 1 мәтіннің тақырыбын, автордың ойын анықтау;
 1. 2. 3. 1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің басын, ортасын және соңын анықтау;
 1. 2. 4. 1 сөздердің мағыналарының жалпылануын ескере отырып, лексикалық мәні мен мағынасын түсіну (заттың атын/сынын/қимылын білдіретін сөздер), мағынасы жуық/қарама-қарсы/көпмағыналы сөздер (мұғалімнің көмегімен);
 1. 2. 7. 1 мәтіндердің әліпбилік орналасу ретін пайдалана отырып, бір дереккөзден (сөздік, анықтамалық, балалар энциклопедиясы) ақпаратты табу

1. 3. 3. 1* сурет, белгі, сызба, тірек сөздерді қолдана отырып, берілген тақырыпқа жай сөйлемдер/мәтіндер құрастыру/жазу;
 1. 3. 4. 1* мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер/мәтіндер (хабарлама, құттықтау, хат) жазу;
 1. 3. 5. 1 мұғалімнің көмегімен сөздердің, сөйлемдердің/мәтіннің жазылуын тексеру және қателерді түзету;
 1. 3. 6. 1 әріптердің элементтерін, жазба (бас және кіші) әріптер мен олардың қосылыстарын жазу, каллиграфия нормаларына сәйкес анық жазу, жазуда күшті позицияның дыбыстарын әріптермен таңбалау;
 1. 3. 7. 1* жазылуы мен айтылуында айырмашылығы бар (вода, снег, пенал) сөздерді көшіріп жазу/жазу, тасымалдау ережелерін сақтау (мұғалімнің көмегімен);
 1. 3. 7. 2* жи-ши/ча-ща/чу-щу/-чк-, -чн-/-нщ-, -шн- дұрыс жазу ережесін қолдану;
 1. 3. 7. 3* писать заглавную букву в именах собственных, в начале предложения (с помощью учителя);
 1. 3. 7. 4* сөздің соңында және ортасында жіңішкелік белгісі бар сөздерді жазу;
 1. 3. 8. 1* жазбаша сөйлеуде заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату, пайдалану, оларды жекеше және көпше түрде өзгерту;
 1. 3. 9. 1 сөйлемнің соңында тыныс белгілерін: нүкте, сұрау, леп белгілерін қою

      Ескертпе:

      1) бір тоқсан ішінде оқу мақсаттары сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша біріктіріледі;

      2) "*" белгісімен белгіленген оқу мақсаттарынының бір бөлігін іске асыру ұсынылады.


Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2020 жылғы 27 қарашасы
 № 496 бұйрығына
 5-қосымша


Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2013 жылғы 3 сәуірдегі
 № 115 бұйрығына
 113-1- қосымша

 Негізгі орта білім беру деңгейінің мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын желілік "Абай мектептерінің" 5-9-сыныптарына арналған "Абайтану" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)

 1-тарау. Жалпы ережелер

       1. Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) сәйкес әзірленген.

      2. "Абайтану" пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының мақсаты:

      1) Абай шығармаларының тілдік қабаты арқылы қазақ әдеби тілінің құнарын, көркем сөздің қуатын, эстетикалық күшін, идеялық мазмұнын меңгертіп, бейнеленген құбылысты көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдылар қалыптастыру, ұлттық мінез-құлық, сапалық ерекшеліктерді, ұлттық кодты таныту, гуманистік-көркемдік, мәдени-тарихи, ұлттық құндылықтарды бағалай алу құзыретін дамыту, әдеби-эстетикалық талғамдары мен ізгілік және іскерлік құндылықтарын, шығармашылық құзыреттерін жетілдіру;

      2) Абайдың "Толық адам", ар ілімі, адамшылық мұрат-мақсаты, пәлсапалық көзқарастары арқылы тұлғалық қасиеттерді танытып, білімгерлердің өзіндік даму бағытын, сыни ой-пайымын қалыптастыру;

      3) әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, өзіндік ұстанымы бар, түрлі жағдайда оңтайлы шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру.

      3. "Абайтану" пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының міндеттері:

      1) Абай шығармашылығының идеялық, мазмұндық-құрылымдық сипатын, тілдік, стильдік, жанрлық ерекшеліктерінен жүйелі білім беру;

      2) Абай шығармаларындағы ізгілік, имандылық, мораль қағидаттарын таразылау арқылы Абай ілімдерінің негізін терең таныту;

      3) Абайдың қарасөздері мен өлеңдеріндегі ой-толғамдарды интерпретациялай алу;

      4) өзіндік ой-пікірлерін жазба тіл мен сөйлеу тілінде еркін жеткізе алу, оқу материалдарын салыстыру, саралау, талдай алу;

      5) Абай шығармаларындағы заман адамының тұлғалық ерекшеліктерін саралау арқылы пәлсапалық толғаныстарын пайымдау, қажетті тұлғалық қасиеттерді, өз заманына лайық тұлға болу харекеттерін сыни пайымдау;

      6) "Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы" ретінде бағалау.

 2-тарау. "Абайтану" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

 4. "Абайтану" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

 1) 5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

 2) 6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

 3) 7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

 4) 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

 5) 9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

 5. "Абайтану" пәні білімінің мазмұны бөлімдерге бөлінген:

 1) оқу және түсіну;

 2) талдау және жинақтау;

 3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім).

 6. "Оқу және түсіну" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

 1) мәтінді түсініп, мәнерлеп негізгі ой түйіндерін пайымдап оқу;

 2) мәтіннің тілдік қабатын (лексикалық, образдық мәнін) игеру;

 3) шығарма үзінділерімен жұмыс;

 4) шығармадағы өзекті мәселе, идеялық мазмұн;

 5) (ауызша, жазбаша) интерпретация.

 7. "Талдау және жинақтау" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

 1) әдеби шығарманың композициялық құрылымы;

 2) көркем шығарманың идеялық мазмұны, образдар жүйесі, типтік характер;

 3) көркем шығарманың тілі, стилі;

 4) көркемдік тәсілдер.

 8. "Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

 1) шығармадағы тарихи шындық және көркемдік шешім;

 2) рухани және көркем-эстетикалық құндылық;

 3) әдеби шығармашылық;

 4) әдеби сын.

 9. 5-сыныпқа арналған "Абайтану" пәнінің базалық білім мазмұны:

 1) оқу және түсіну:

 мәтінді түсініп оқи отырып, негізгі ой түйіндерін анықтау; шығарманы пайымдап (алған әсерін анықтай) оқу арқылы сөз, сөз тіркестерінің лексикалық және ауыспалы мағынасын ашып, мәтіндегі қолданысын түсіну; шығарманы құрылысы мен құрылымына қарай жіктеп, бөліктеріне тақырып қойып, мәтінге жоспар құру; көркем шығармадағы көтерілген мәселені (ғибратын) анықтау; көркем, шығармадағы оқиға желісін мәтінге жуық баяндап айту; мысал өлеңдерді (диалогте, сахналық көріністе, сурет, мозайка, комикс) интерпретациялау; көркем мәтіндегі ой-түйіндерді салыстырмалы үлгіде (мақал, мысал, дәйек) әңгімелеу;

 2) талдау және жинақтау:

 сюжетті шығармадағы фабула, композициясын тауып, жоспар құру; лирикалық шығарманы құрылысына талдау; қарасөздерді мағыналық жігіне қарай бөлу; шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы образын ашу; жас Абайды ерекшелейтін қасиеттерді шығармадағы іс-әрекеті арқылы дәйектеу; Абайдың білімді игерудің шарттары мен талаптары туралы ой-тұжырымдарын (ментальді картада, кластер) жинақтау; көркем шығармадағы поэтикалық тілдің ерекшелігін айқындау; шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, қайталау) қызметін анықтау;

 3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім):

 шығарма үзінділері арқылы шығарманың ұлттық, тарихи құндылығын бағалау; көркем мәтіндегі сөз образдарының эстетикалық құндылығын бағалау; шығарманы автор ізімен баяндап жазу; көркем шығармадағы көріністі әңгімелеп жазу; шығармадан алған әсерін зерделеп, ойтолғау, авторға, замандастарына хат жазу; "Абай қарасөздеріндегі талап пен еңбек тақырыбы" эссе жазу; оқырман ретінде шығармадан алған әсерін зерделеп, сыни хабарлама жазу.

 10. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:

 1) Мұхтар Әуезов "Абайдың өмірбаяны" мақаласы; 

 2) Мұхтар Әуезов "Зерек те талапты жас";

 3) "Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр", "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Қыс", "Күз", "Жаз", "Жазғытұры" өлеңдері;

 4) "Отыз бірінші", "Отыз екінші" қарасөздері;

 5) "Есек пен бұлбұл", "Шегіртке мен құмырсқа", "Қарға мен түлкі", "Емен мен шілік" мысал өлеңдері;

 6) қосымша оқуға:

 Мұхтар Әуезов "Кәрі әже – Зере" ("Абай жолы" роман-эпопеясынан);

 Тұрағұл Абайұлы "Менің әкемнің ерекше қасиеті";

 Уәсила Мағауияқызының Абай туралы естеліктері;

 Бейбіт Сапаралы "Өскенбай" (тарихи ғұмырбаяндық еңбегінен);

 Мұхтар Әуезов "Құнанбай" ("Абай жолы" роман-эпопеясынан);

 Мұхтар Әуезов "Ұлжан" ("Абай жолы" роман-эпопеясынан).

 11. 6-сыныпқа арналған "Абайтану" пәнінің базалық білім мазмұны:

 1) оқу және түсіну:

 мәтіндерді интонацияның құрамдас бөліктерін сақтай отырып оқу; мәнерлеп (логикалық екпін мен кідіріс жасай) оқу арқылы сөз, сөз тіркестерінің лексикалық, образдық мәнін ашып, мәтіндегі жұмсалу мақсатын түсіну; шығармадан қажетті дәйектерді жинау, негізгі ой түйіндерін анықтау; көркем шығармадағы кейіпкерлер әрекеті, шығарманың өзекті ойына қатысын анықтау арқылы көркем мәтіндегі өзекті ойды анықтау; көркем шығармадағы тұлғаның ерекшелігін (слайд, ментальді карта) сипаттау; лирикалық кейіпкерге ауызша/жазбаша сипаттама жасау;

 2) талдау және жинақтау:

 лирикалық шығармаларды композициялық құрылымына талдау; қарасөздерді идеялық бөліктерге бөлу; ортақ негізгі ойқазығын, лирикалық образдарды анықтау, ой-толғамдарды (ментальді картада, кластер) жинақтау; шығарма тіліндегі этномәдени бірліктерді айқындау, поэтикалық тілдің ерекшелігін айқындау; шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, аллегория, антитеза, градация) анықтау;

 3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім):

 шығарма образдарын ұлттық сипаттың ашылуы тұрғысынан бағалау, мәтіндегі нысандарды ұлттық, тарихи құндылық тұрғысында бағалау; мәтіннің көркемдік-эстетикалық құндылығына баға беру; шығарманың идеялық мазмұнын пайымдай отырып (ойтолғау, хат, пост, ертегі, өтірік өлең) жазу; шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау. 

 12. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:

 1) "Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы", "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін", "Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол", "Білімдіден шыққан сөз", "Біреуден біреу артылса", "Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап", "Әсемпаз болма әрнеге", "Адамның кейбір кездері", "Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа", "Құлақтан кіріп бойды алар" өлеңдері;

 2) "Жетінші", "Он бесінші", "Он сегізінші", "Он тоғызыншы", "Жиырма бірінші" қарасөздері; 

 3) қосымша оқуға: 

 Ахмет Байтұрсынұлының "Қазақтың бас ақыны" мақаласы;

 Кәкітай Ысқақұлы "Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі" мақаласы; Ахмет Жұбанов "Абайдың музыкалық мұрасы"

 13. 7-сыныпқа арналған "Абайтану" пәнінің базалық білім мазмұны:

 1) оқу және түсіну:

 көркем мәтінді пайымдап, мәнерлеп (логикалық, психологиялық кідірістермен) оқу; мәтіндегі тілдік бірліктерді дербес және мәнмәтіндегі (контексте) қызметін түсініп, идеялық мазмұндағы маңызын айқындау; көркем мәтіндегі ой-түйіндерді тауып, негізгі ой қазығына топтастыру; әдеби шығармадағы өзекті ойды, көтерілген әлеуметтік-қоғамдық, эстетикалық мәселені анықтау; көркем шығармадағы, образдарды, мінездеулерді ауызша мәтінге жуық суреттеу, сипаттау; қарасөздердегі автордың түйінді ойын (түрлі нысанды: ментальді карта, сызба) қолдана отырып баяндау;

 2) талдау және жинақтау:

 шығармаларды композициялық құрылымына талдай отырып, негізгі тұжырымын айқындау, жоспар құру; көркем шығармадағы лирикалық образдың жасалу тәсілдерін айқындау; автордың түрлі мінез-құлық, адам болмысы туралы тұжырымдарын түрлі нысанда жинақтау; көркем шығарма тілінің, ақпараттық, фразеологиялық қырын мәнмәтінде анықтау; шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ, арнау) қолданысын талдау;

 3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім):

 шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес автордың өзге шығармаларымен салыстырып, ұлттық және тарихи құндылығын бағалау; көркем образдардың тұлғалық ерекшеліктерін ашудағы автор шеберлігіне баға беру; кейіпкер болмысын сипаттап (өлең, кейіпкер монологі, диалогі, әңгіме, ) жазу; әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу.

 14. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:

 1) "Ұяламын дегенің көңіл үшін", "Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас...", "Жастықтың оты жалындап", "Жүректе қайрат болмаса", "Қансонарда бүркітші шығады аңға", "Желсіз түнде жарық ай", "Көзімнің қарасы", "Қараңғы түнде тау қалғып", "Өзгеге, көңілім, тоярсың" өлеңдері;

 2) "Екінші", "Бесінші", "Жиырма үшінші", "Жиырма алтыншы", "Жиырма тоғызыншы", "Қырық төртінші" қарасөздері;

 3) қосымша оқуға:

 Жүсіпбек Аймауытов пен М.Әуезовтің "Абайдың өнері һәм қызметі" мақаласы; Көкбай Жанатайұлы "Абай туралы естелік"; "Біржан сал Абай ауылында" ("Абай жолы" роман-эпопеясынан үзінді).

 15. 8-сыныпқа арналған "Абайтану" пәнінің базалық білім мазмұны:

 1) оқу және түсіну:

 көркем мәтінді пайымдап, мәнерлеп (оқырмандық ұстанымын білдіре) оқу; тілдік бірліктердің семантикалық мәнін түсініп, мәтіннің ішкі бірлігіндегі қызметін айқындау, образдық қызметін ашу; әке жоқтауындағы эмоционалды-экспрессивті сөздерді зерделеу, авторлық идеяны өмір шындығымен байланыстыру; шығармадағы Абайдың ой-тұжырымдарын өзге шығармаларымен байланыстыру, тұтастыру; шығармадағы өзекті ойды анықтау, сөз образдарының идеяны берудегі қызметін ашу; көркем мәтіннен дәйектер келтіре отырып, образдардың тұлғалық ерекшеліктерін жазу/тұжырым айту; қарасөздердегі автордың түйінді ойын (түрлі нысанды: ментальді карта, сызба ) дәйектеу;

 2) талдау және жинақтау:

 шығармаларды композициялық құрылымына талдай отырып, негізгі тұжырымын жинақтау; көркем шығармадағы образ құраушы элементтерді табу, образ сомдаушы бірліктерді жинақтау; көркем шығармадағы автордың суреттеу тілін талдау, өзіндік ерекшеліктерін айқындау; шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, аксиморон, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдау, мәтіндегі көркемдік қызметін анықтау;

 3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім):

 шығармадағы тұлғалық қасиеттерді автордың өзге шығармаларымен салыстырып, ұлттық және тарихи құндылығына баға беру; шығарма поэтикасындағы автордың айшықты қолтаңбасына баға беру; шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын талдап, шығарма, блог, әңгіме жазу; көркем мәтінді жалпы адамзаттық құндылық тұрғысынан бағалап, әдеби эссе жазу; шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.

 16. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:

 1) "Тұла бойың ұят-ар едің", "Жиырма жеті жасында", "Талаптың мініп тұлпарын", "Кешегі өткен ер Әбіш", "Орынсызды айтпаған", "Жастықтың оты қайдасың?", "Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық", "Дүтбайға", "Мен боламын демеңдер", "Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы", "Білектей арқасында өрген бұрым", "Аттың сыны", "Бүркіт сыны" өлеңдері; 

 2) "Төртінші", "Алтыншы", "Он төртінші", "Отызыншы", "Отыз үшінші", "Отыз тоғызыншы" қарасөздері; 

 3) қосымша оқуға:

 Мұхтар Әуезов "Халқын сүйген Әбіш" еңбегі;

 Мұхтар Әуезов "Абай Құнанбаев" монографиясы;

 Зәки Ахметов "Абайдың ақындық әлемі" еңбегі.

 17. 9-сыныпқа арналған "Абайтану" пәнінің базалық білім мазмұны:

 1) оқу және түсіну:

 көркем мәтінді талдап оқу; тілдік бірліктердің мәтіндегі қызметін айқындай отырып, жекелеген қолданыстардағы автордың ой-ниетін танытудағы рөлі мен концептілік мәнін ашу; шығарма бөліктерін ұқсас белгілеріне/айырмашылығына қарай топтастыру, белгілі нысандарды зерделеу; мәнмәтіндегі астарлы ойды анықтау, көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені беруде авторлық ниетті (дітті/интенцияны) түсіну; көркем шығарманың идеялық мазмұнына сүйене отырып, оқырмандық ой-пайымын ауызша/жазбаша түйіндеу; қарасөздердегі ой-толғамдарды оқырмандық ұстаным тұрғысында дәйектеп айту/жазу;

 2) талдау және жинақтау:

 шығармаларды композициялық құрылымына талдай отырып, композициялық амалдарды айқындау; шығармадағы образдар жүйесін салыстыра талдау, типтік характерлерді ашу, әртүрлі мінез-құлықты саралап тану, "адал жар", "адал дос", "мағыналы жастық" тұжырымдарын айқындау, автордың ойын айқындау; көркем шығармадағы автордың стилін айқындау; шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдау, көркемдік қызметін пайымдау;

 3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім):

 туындыдағы даралық образдар мен типтік характерлердің ұлттық және тарихи құндылығын әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра бағалау; көркем шығармалардың рухани-эстетикалық құндылығына баға беру; шығарманың идеясын қоғамдық-әлеуметтік тұрғыда талдап, әдеби эссе, сценарий, өлең, блог, әңгіме, кейіпкер монологі, жоба жазу; әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, рецензия жазу.

 18. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:

 1) "Сегіз аяқ", "Заманақыр жастары", "Жасөспірім замандас қапа қылды", "Көзінен басқа ойы жоқ", "Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат", "Адасқанның алды-жөн, арты соқпақ", "Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да", "Өкінішті көп өмір кеткен өтіп", "Сабырсыз, арсыз, еріншек", "Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек", "Қыран бүркіт не алмайды салса баптап", "Ғашықтық құмарлықпен ол – екі жол", "Ғашықтың тілі – тілсіз тіл", "Жарқ етпес қара көңілім не қылса да", "Қызарып, сұрланып" өлеңдері; 

 2) "Тоғызыншы", "Жиырмасыншы", "Отыз алтыншы", "Отыз жетінші", "Қырқыншы" қарасөздері; 

 3) "Ескендір" поэмасы;

 4) қосымша оқуға:

 Мекемтас Мырзахметұлының "Абайдың адамгершілік мұраттары" еңбегі;

 Тұрсын Жұртбайдың "Күйесің жүрек... Сүйесің" еңбегі.

 3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі

 19. Бағдарламада оқу мақсаттары кодпен берілген. Кодтың бірінші саны сыныпты, екінші және үшінші саны негізгі бөлімдердің ретін, төртінші саны оқу мақсатының ретін көрсетеді. 7.2.1.1 кодында: "7" – сынып, "2.1" – негізгі дағдылар, "1" – оқу мақсатының реті.

 20. Оқыту мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген:

 1) оқу және түсіну:

Білім алушылар:


 
 

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

1. Мәтінді түсініп, мәнерлеп негізгі ой түйіндерін пайымдап оқу

5. 1. 1. 1 мәтінді түсініп оқи отырып, негізгі ой түйіндерін анықтау

6. 1. 1. 1 мәтіндерді интонациның құрамдас бөліктерін сақтай отырып оқу

7. 1. 1. 1 көркем мәтінді пайымдап, мәнерлеп (логикалық, психологиялық кідірістер мен) оқу

8. 1. 1. 1 көркем мәтінді пайымдап, мәнерлеп (оқырмандық ұстанымын білдіре) оқу

9. 1. 1. 1 көркем мәтінді талдап оқу

2. Мәтіннің тілдік қабатын (лексикалық, образдық мәнін) игеру

5. 1. 2. 1 шығарманы пайымдап (алған әсерін анықтай) оқу арқылы сөз, сөз тіркестерінің лексикалық және ауыспалы мағынасын ашып, мәтіндегі қолданысын түсіну

6. 1. 2. 1 мәнерлеп (логикалық екпін мен кідіріс жасай) оқу арқылы сөз, сөз тіркестері нің лексикалы, образдық мәнін ашып, мәтіндегі жұмсалу мақсатын түсіну

7. 1. 2. 1 мәтіндегі тілдік бірліктерді дербес және мәнмәтіндегі (контексте) қызметін түсініп, идеялық мазмұндағы маңызын айқындау

8. 1. 2. 1 тілдік бірліктердің семантикалық мәнін түсініп, мәтіннің ішкі бірлігіндегі қызметін айқындау, образдық қызметін ашу;
 8. 1. 2. 2 әке жоқтауындағы эмоционалды-экспрессивті сөздерді зерделеу, авторлық идеяны өмір шындығымен байланыстыру

9. 1. 2. 1 тілдік бірліктердің мәтіндегі қызметін айқындайотырып, жекелеген қолданыстардағы автордың ой-ниетін танытудағы рөлі мен концептілік мәнін ашу

3. Шығарма үзінділерімен жұмыс

5. 1. 3. 1 шығарманы құрылысымен құрылымына қарай жіктеп, бөліктеріне тақырып қойып, мәтінге жоспар құру

6. 1. 3. 1 шығармадан қажетті дәйектерді жинау, негізгі ой түйіндерін анықтау

7. 1. 3. 1 көркем мәтіндегі ой-түйіндердітауып, негізгі ой қазығына топтастыру

8. 1. 3. 1 шығармадағы Абайдың ой-тұжырымдарын өзге шығармаларымен байланыстыру, тұтастыру

9. 1. 3. 1 шығарма бөліктерін ұқсас белгілеріне/айырмашылығына қарай топтастыру, белгілі нысандарды зерделеу

4. Шығармадағы өзекті мәселе, идеялық мазмұн

5. 1. 4. 1 көркем шығармадағы көтерілген мәселені (ғибратын) анықтау

6. 1. 4. 1 көркем шығармадағы кейіпкерлер әрекеті, шығарманың өзекті ойына қатысын анықтау арқылы көркем мәтіндегі өзекті ойды анықтау

7. 1. 4. 1 әдеби шығармада өзекті ойды, көтерілген әлеуметтік-қоғамдық, эстетикалық мәселені анықтау

8. 1. 4. 1 шығармадағы өзекті ойды анықтау, сөз образдарының идеяны берудегі қызметін ашу

9. 1. 4. 1 мәнмәтіндегі астарлы ойды анықтау, көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені беруде авторлық ниетті (дітті/интенцияны) түсіну

5. Интерпретация (ауызша, жазбаша)

5. 1. 5. 1 көркем, шығармадағы оқиға желісін мәтінге жуық баяндап айту;
 5. 1. 5. 2 мысал өлеңдерді (диалогте, сахналық көріністе, сурет, мозайка, комикс) интерпретациялау;
 5. 1. 5. 3 көркем мәтіндегі ой-түйіндерді салыстырмалы үлгіде (мақал, мысал, дәйек) әңгімелеу

6. 1. 5. 1 көркем шығармадғы тұлғаның ерекшелігін(слайд, ментальді карта) сипаттау; 6. 1. 5. 2 лирикалық кейіпкерге ауызша/жазбаша сипаттама жасау

7. 1. 5. 1 көркем шығармадағы, образдарды, мінездеулерді ауызша мәтінге жуық суреттеу, сипаттау;
 7. 1. 5. 2 қара сөздердегі автордың түйінді ойын (түрлі нысанды: ментальді карта, сызба қолдана отырып) баяндау

8. 1. 5. 1 көркем мәтіннен дәйектер келтіре отырып, образдардың тұлғалық ерекшеліктерін жазу/тұжырып айту;
 8. 1. 5. 2 қара сөздердегі автордың түйінді ойын (түрлі нысанды: ментальді карта, сызба қолдана отырып) дәйектеу

9. 1. 5. 1 көркем шығарманың идеялық мазмұнына сүйене отырып, оқырмандық ой-пайымын ауызша/жазбаша түйіндеу;
 9. 1. 5. 2 қарасөздердегі ой-толғамдарды оқырмандық ұстаным тұрғысында дәйектеп айту/жазу

      2) талдау және жинақтау:

Білім алушылар:


 
 

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

1. Әдеби шығарманың композиция лық құрылымы

5. 2. 1. 1 сюжетті шығармадағы фабула композиция сын тауып, жоспар құру;
 5. 2. 1. 2 лирикалық шығарманы құрылысына талдау;
 5. 2. 1. 3 қарасөздерді мағыналық жігіне қарай бөлу

6. 2. 1. 1 лирикалық шығармаларды композициялық құрылымына талдау;
 6. 2. 1. 2 қарасөздерді идеялық бөліктерге бөлу

7. 2. 1. 1 шығармаларды композициялық құрылы мына талдай отырып, негізгі тұжырымын айқындау, жоспар құру

8. 2. 1. 1 шығармаларды композициялық құрылымына талдай отырып, негізгі тұжырымын жинақтау

9. 2. 1. 1 шығармаларды композициялық құрылымына талдай отырып, композициялық амалдарды айқындау

2. Көркем шығарманың идеялық мазмұны, образдар жүйесі, типтік характер

5. 2. 2. 1 шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы образын ашу;
 5. 2. 2. 2 жас Абайды ерекшелей тін қасиеттерді шығармадағы іс-әрекеті арқылы дәйектеу;
 5. 2. 2. 3 Абайдың білімді игерудің шарттары мен талаптары туралы ой- тұжырымдарын (ментальді картада, кластер) жинақтау

6. 2. 2. 1 шығармаларға ортақ ойқазығын, образдарды анықтау, ой-толғамдарды (ментальді картада, кластер) жинақтау

7. 2. 2. 1 көркем шығармадағы лирикалық образдың жасалу тәсілдерін айқындау;
 7. 2. 2. 2 автордың түрлі мінез-құлық, адам болмысы туралы тұжырымдарын түрлі нысанда жинақтау

8. 2. 2. 1 көркем шығармадағы образ құраушы элементтерді табу, образ сомдаушы бірліктерді жинақтау

9. 2. 2. 1 шығармадағы образдар жүйесін салыстыра талдау, типтік характерлерді ашу, әртүрлі мінез-құлықты саралап тану, "адал жар", "адал дос", "мағыналы жастық" тұжырымдарын айқындау, автордың ойын айқындау

3. Көркем шығарманың тілі, стилі

5. 2. 3. 1 көркем шығарма дағы поэтикалық тілдің ерекшелігінайқындау

6. 2. 3. 1 шығарма тіліндегі этномәдени бірліктерді талдау, поэтикалық тілдің ерекшелігін айқындау

7. 2. 3. 1 көркем шығарма тілінің, ақпараттық, фразеологияық қырын мәнмәтінде анықтау

8. 2. 3. 1 көркем шығармадағы автордың суреттеу тілін талдау, өзіндік ерекшеліктерін айқындау

9. 2. 3. 1 көркем шығармадағы автордың стилін айқындау

4. Көркемдік тәсілдер

5. 2. 4. 1 шығармада ғы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, қайталау) қызметін анықтау

6. 2. 4. 1 шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптар ды: метафора, кейіптеу, метонимия, аллегория, антитеза, градация ) анықтау

7. 2. 4. 1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (троптың түрлері мен символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ, арнау) қолданысын талдау

8. 2. 4. 1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (троп пен фигура, психологиялық параллелизм, перифраз, аксиморон, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдау, мәтіндегі көркемдік қызметін анықтау

9. 2. 4. 1 шығармада ғы әдеби тілді құбылтумен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдау, көркемдік қызметін пайымдау

      3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім):

1. Шығармадағы тарихи шындық және көркемдік шешім

5. 3. 1. 1 шығарма үзінділері арқылы шығарманың ұлттық, тарихи құндылығын бағалау

6. 3. 1. 1 шығарма образдарын ұлттық сипаттың ашылуы тұрғысынан бағалау;
 6. 3. 1. 2 мәтіндегі нысандарды ұлттық, тарихи құндылық тұрғысында бағалау

7. 3. 1. 1 шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес автордың өзге шығармалармен салыстырып, ұлттық және тарихи құндылығын бағалау

8. 3. 1. 1 шығармадағы тұлғалық қасиеттерді автордың өзге шығармаларымен салыстырып, ұлттық және тарихи құндылығы на баға беру

9. 3. 1. 1 туындыдағы даралық образдар мен типтік характерлердің ұлттық және тарихи құндылығын әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра бағалау

2. Рухани және көркем-эстетикалық құндылығы

5. 3. 2. 1 көркем мәтіндегі сөз образының эстетикалық құндылығын бағалау

6. 3. 2. 1 мәтіннің көркемдік-эстетикалық құндылығына баға беру

7. 3. 2. 1 көркем образдардың тұлғалық ерекшелікте рін ашудағы автор шеберлігіне баға беру

8. 3. 2. 1 шығарма поэтикасындағы автордың айшықты қолтаңбасына баға беру

9. 3. 2. 1 көркем шығармалардың рухани-эстетикалық құндылығына баға беру

3. Әдеби шығармашылық

5. 3. 3. 1 шығарманы автор ізімен баяндап жазу;
 5. 3. 3. 2 көркем шығармадағы көріністі әңгімелеп жазу;
 5. 3. 3. 3 шығармадан алған әсерін зерделеп, ойтолғау, авторға, замандастарына хат жазу, "Абай қарасөздеріндегі талап пен еңбек тақырыбы" эссе жазу

6. 3. 3. 1 шығарманың идеялық мазмұнын пайымдай отырып (ой толғау, хат, пост, ертегі, өтірік өлең ) жазу

7. 3. 3. 1 кейіпкер болмысын сипаттап (өлең, кейіпкер монологі, диалогі, әңгіме ) жазу

8. 3. 3. 1 шығарманың көркемдік-идеялық құндылы ғын талдап, шығарма, блог, әңгіме жазу;
 8. 3. 3. 2 көркем мәтінді жалпы адамзаттық құндылық тұрғысынан бағалап, әдеби эссе жазу

9. 3. 3. 1 шығарманың идеясын қоғамдық-әлеуметтік тұрғыда талдап, әдеби эссе, сценарий, өлең, блог, әңгіме, кейіпкер монологі, жоба жазу

4. Әдеби сын

5. 3. 4. 1 оқырман ретінде шығармадан алған әсерін зерделеп, сыни хабарлама жазу

6. 3. 4. 1 шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау

7. 3. 4. 1 әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

8. 3. 4. 1 шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу

9. 3. 4. 1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, рецензия жазу

      21. Осы оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік "Абай мектептерінің" 5-9-сыныптарына арналған "Абайтану" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      22. Тоқсандағы бөлімдер мен бөлімшелер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.


Негізгі орта білім беру
 деңгейінің мамандандырылған
 қазақ тілі мен әдебиетін
 тереңдете оқытатын желілік
 "Абай мектептерінің"
 5-9-сыныптарына арналған
 "Абайтану" оқу пәнінен
 жаңартылған мазмұндағы
 үлгілік оқу бағдарламасына
 қосымша

 Негізгі орта білім беру деңгейінің мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын желілік "Абай мектептерінің" 5-9-сыныптарына арналған "Абайтану" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

      1) 5-сынып:

Оқу жоспарының концепциялық негіздері

Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Білім мазмұнының мақсаты

Білім алушыларға тиісті құзыреттіліктер мен оқу міндеттері

1-тоқсан

Абайдың өскен ортасы, тұлғалық ерекшеліктері

"Абайтану" пәнінің ерекшелігі, пән ретіндегі сипаттамасы, Абайдың балалық шағы мен өскен ортасын жайында жазылған мақала мен көркем шығармалар арқылы игеру; Ғылымның пайдасы мен оны игерудің шарттары туралы Абай пайымын тану.
 Кіріспе. "Абайтану" пәні туралы түсінік, М. Әуезов "Абайдың өмірбаяны", М. Әуезов "Зерек те талапты жас", "Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр..." өлеңдері.
 Қосымша оқуға: М.Әуезов "Кәрі әже – Зере" ("Абай жолы" роман-эпопеясынан), Тұрағұл Абайұлы "Менің әкемнің ерекше қасиеті", Уәсила Мағауияқызының Абай туралы естеліктері.

Оқу және түсіну

5. 1. 2. 1 шығарманы пайымдап (алған әсерін анықтай) оқу арқылы сөз, сөз тіркестерінің лексикалық және ауыспалы мағынасын ашып, мәтіндегі қолданысын түсіну;
 5. 1. 3. 1 шығарманы құрылысы мен құрылымына қарай жіктеп, бөліктеріне тақырып қойып, мәтінге жоспар құру;
 5. 1. 4. 1 көркем шығармадағы көтерілген мәселені (ғибратын) анықтау;
 5. 1. 5. 1 көркем, шығармадағы оқиға желісін мәтінге жуық баяндап айту

Талдау және жинақтау

5. 2. 1. 1 сюжетті шығармадағы фабула композициясын тауып, жоспар құру;
 5. 2. 1. 2 лирикалық шығарманы құрылысына талдау;
 5. 2. 2. 1 шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы образын ашу;
 5. 2. 2. 2 жас Абайды ерекшелейтін қасиеттерді шығармадағы іс-әрекеті арқылы дәйектеу;
 5. 2. 2. 3 Абайдың білімді игерудің шарттары мен талаптары туралы ой- тұжырымдарын (ментальді картада, кластер) нысандарда жинақтау

Бағалау (салыстыру) және шығарма шылық (өнім)

5. 3. 1. 1 шығарма үзінділері арқылы шығарманың ұлттық, тарихи құндылығын бағалау;
 5. 3. 2. 1 көркем мәтіндегі сөз образының эстетикалық құндылығын бағалау;
 5. 3. 3. 1 шығарманы автор ізімен баяндап жазу;
 5. 3. 3. 2 көркем шығармада
 ғы көріністі әңгімелеп жазу;
 5. 3. 3. 3 шығармадан алған әсерін зерделеп, ойтолғау,
 авторға, замандастарына хат жазу, "Абай қарасөздеріндегі талап пен еңбек тақырыбы" эссе жазу

2-тоқсан

"Білімдіден шыққан сөз"

Абайдың тұлғалық болмысы мен өскен ортасын ғылыми мақалалар мен көркем шығармалар арқылы игеру; білім алу шарттарын шығармалары арқылы игеру.
 "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" өлеңі,
 "Отыз бірінші", "Отыз екінші" қарасөздері.
 Қосымша оқуға: Бейбіт Сапаралы "Өскенбай",
 Мұхтар Әуезов "Құнанбай" ("Абай жолы" роман-эпопеясынан), Мұхтар Әуезов "Ұлжан" ("Абай жолы" роман-эпопеясынан)

Оқу және түсіну

5. 1. 1. 1 мәтінді түсініп оқи отырып, негізгі ой түйіндерін анықтау;
 5. 1. 2. 1 шығарманы пайымдап (алған әсерін анықтай) оқу арқылы сөз, сөз тіркестері нің лексикалық және ауыспалы мағынасын ашып, мәтіндегі қолданысын түсіну;
 5. 1. 3. 1 шығарманы құрылысы мен құрылымына қарай жіктеп, бөліктеріне тақырып қойып, мәтінге жоспар құру;
 5. 1. 4. 1 көркем шығармадағы көтерілген мәселені (ғибратты) анықтау;
 5. 1. 5. 2 мысал өлеңдерді (диалогте, сахналық көріністе, сурет, мозайка, комикс ) интерпретациялау

Талдау және жинақтау

5. 2. 1. 2 лирикалық шығарманы құрылысына талдау;
 5. 2. 2. 1 шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы образын ашу;
 5. 2. 2. 3 Абайдың білімді игерудің шарттары мен талаптары туралы ой- тұжырымдарын (ментальді картада, кластер) нысандарда жинақтау

Бағалау (салыстыру) және шығарма шылық (өнім)

5. 3. 2. 1 көркем мәтіндегі сөз образының эстетикалық құндылығын бағалау;
 5. 3. 3. 2 көркем шығармадағы көріністі әңгімелеп жазу;
 5. 3. 3. 3 шығармадан алған әсерін зерделеп, ойтолғау,
 авторға, замандастарына хат жазу, "Абай қарасөздеріндегі талап пен еңбек тақырыбы" эссе жазу

3-тоқсан

"Мініңді ұрлап жасырып..."

Адамның түрлі мінез-құлық, іс-әрекеттерін, болмысын мысал өлеңдері мен сатирасы арқылы сын тұрғысында пайымдау.
 "Есек пен бұлбұл", "Шегіртке мен құмырсқа", "Қарға мен түлкі", "Емен мен шілік" мысал өлеңдері

Оқу және түсіну

5. 1. 1. 1 мәтінді түсініп оқи отырып, негізгі ой түйіндерін анықтау;
 5. 1. 2. 1 шығарманы пайымдап (алған әсерін анықтай) оқу арқылы сөз, сөз тіркестерінің лексикалық және ауыспалы мағынасын ашып, мәтіндегі қолданысын түсіну;
 5. 1. 3. 1 шығарманы құрылысы мен құрылымына қарай жіктеп, бөліктеріне тақырып қойып, мәтінге жоспар құру;
 5. 1. 4. 1 мәтіндегі, көркем шығармадағы көтерілген мәселені (ғибратты) анықтау;
 5. 1. 5. 1 көркем шығармадағы оқиға желісін мәтінге жуық баяндап айту;
 5. 1. 5. 2 мысал өлеңдерді (диалогте, сахналық көріністе, сурет, мозайка, комикс ) интерпретациялау;
 5. 1. 5. 3 көркем мәтіндегі ой-түйіндерді салыстырмалы үлгіде (мақал, дәйек) әңгімелеу

Талдау және жинақтау

5. 2. 1. 1 сюжетті шығармада ғы фабула композициясын тауып, жоспар құру;
 5. 2. 2. 1 шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы образын ашу;
 5. 2. 4. 1 шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, қайталау) қызметін анықтау

Бағалау (салыстыру) және шығарма шылық (өнім)

5. 3. 3. 1 шығарманы автор ізімен баяндап жазу;
 5. 3. 3. 2 көркем шығармадағы көріністі әңгімелеп жазу;
 5. 3. 3. 3 шығармадан алған әсерін зерделеп, ойтолғау, авторға, замандастарына хат жазу;
 5. 3. 4. 1 оқырман ретінде шығармадан алған әсерін зерделеп, сыни хабарлама жазу

4-тоқсан

"Түрлендірген дүниені тәңірім шебер"

А.Құнанбайұлының сомдаған көркем образдарын эстетикалық-танымдық тұрғыда бейнелі әрі зерделі игеру.
 "Қыс", "Күз", "Жаз", "Жазғытұры" өлеңдері

Оқу және түсіну

5. 1. 1. 1 мәтінді түсініп оқи отырып, негізгі ой түйіндерін анықтау;
 5. 1. 2. 1 шығарманы пайымдап (алған әсерін анықтай) оқу арқылы сөз, сөз тіркестерінің лексикалық және ауыспалы мағынасын ашып, мәтіндегі қолданысын түсіну;
 5. 1. 3. 1 шығарманы құрылысы мен құрылымына қарай жіктеп, бөліктеріне тақырып қойып, мәтінге жоспар құру;
 5. 1. 4. 1 мәтіндегі, көркем шығармадағы көтерілген мәселені (ғибратты) анықтау;
 5. 1. 5. 3 көркем мәтіндегі ой-түйіндерді салыстырмалы үлгіде (мақал, мысал, дәйек) әңгімелеу

Талдау және жинақтау

5. 2. 1. 2 лирикалық шығарманы құрылысына талдау;
 5. 2. 3. 1 көркем шығармадағы поэтикалық тілдің ерекшелігін айқындау;
 5. 2. 4. 1 шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, қайталау) қызметін анықтау;
 6. 2. 3. 1 шығарма тіліне, көркемдік тәсіліне, этномәдени бірліктеріне талдау

Бағалау (салыстыру) және шығарма шылық (өнім)

5. 3. 1. 1 шығарма үзінділері арқылы шығарманың ұлттық, тарихи құндылығын бағалау;
 5. 3. 2. 1 көркем мәтіндегі сөз образының эстетикалық құндылығын бағалау;
 5. 3. 3. 3 шығармадан алған әсерін зерделеп, ойтолғау, авторға, замандастарына хат жазу

      2) 6-сынып:

Оқу жоспарының концепция лық негіздері

Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Білім мазмұнының мақсаты

Білім алушыларға тиісті құзыреттіліктер мен оқу міндеттері

1-тоқсан

"Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел"

Сөз мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, талапты тыңдарман, адамдық болмыс жөнінде Абай көзқарастарын таныту, тағылымдық мәнін зерделеу.
 "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы", "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін", "Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол", "Білімдіден шыққан сөз" өлеңдері.
 Қосымша оқуға: Ахмет Байтұрсынұлының "Қазақтың бас ақыны" мақаласы

Оқу және түсіну

6. 1. 1. 1 мәтіндерді интонацияның құрамдас бөліктерін сақтай отырып оқу;
 6. 1. 2. 1 мәнерлеп (логикалық екпін мен кідіріс жасай) оқу арқылы сөз, сөз тіркестерінің лексикалы, образдық мәнін ашып, мәтіндегі жұмсалу мақсатын түсіну;
 6. 1. 3. 1 шығармадан қажетті дәйектерді жинау, негізгі ой түйіндерін анықтау;
 6. 1. 4. 1 көркем шығармадағы кейіпкерлер әрекеті, шығарманың өзекті ойына қатысын анықтау арқылы көркем мәтіндегі өзекті ойды анықтау;
 6. 1. 5. 2 лирикалық кейіпкерге ауызша/жазбаша сипаттама жасау

Талдау және жинақтау

6. 2. 1. 1 лирикалық шығармаларды композициялық құрылымына талдау;
 6. 2. 2. 1 ортақ негізгі ой қазығын, лирикалық образдарды анықтау, ой-толғамдарды нысандарда (ментальді картада, кластер) жинақтау;
 6. 2. 3. 1 өлең құрылысына талдай отырып, шығарма тіліне, көркемдік тәсіліне, этномәдени бірліктеріне талдау,
 поэтикалық тілдің ерекшелігін айқындау;
 6. 2. 4. 1 шығармадағы көркем ауыстыруларды
 (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, аллегория, антитеза, градация ) анықтау

Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)

6. 3. 1. 2 мәтіндегі нысандарды ұлттық, тарихи құндылық тұрғысында бағалау;
 6. 3. 2. 1 мәтіннің көркемдік-эстетикалық құндылығына баға беру;
 6. 3. 3. 1 шығарманың идеялық мазмұнын пайымдай отырып (ой толғау, хат, пост, ертегі, өтірік өлең ) жазу;
 6. 3. 4. 1 шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау

2-тоқсан

"Бір ғылымнан басқаның кеселі көп асқанға"

А.Құнанбайұлының адамға тән жақсы, жаман әрекеттерді салыстыра отырып, адамшылықтың жолын нұсқайтын ой-пайымдарын саралап тану, өзіндік көзқарас қалыптастыру.
 "Біреуден біреу артылса" өлеңі, "Он сегізінші", "Жиырма бірінші", "Жетінші" қарасөздері.
 Қосымша оқуға: Кәкітай Ысқақұлы "Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі"

Оқу және түсіну

6. 1. 2. 1 мәнерлеп (логикалық екпін мен кідіріс жасай) оқу арқылы сөз, сөз тіркестерінің лексикалық, образдық мәнін ашып, мәтіндегі жұмсалу мақсатын түсіну;
 6. 1. 3. 1 шығармадан қажетті дәйектерді жинау, негізгі ой түйіндерін анықтау;
 6. 1. 4. 1 көркем шығармадағы кейіпкерлер әрекеті, шығарманың өзекті ойына қатысын анықтау арқылы көркем мәтіндегі өзекті ойды анықтау;
 6. 1. 5. 1 көркем шығармадағы тұлғаның ерекшелігін (слайд, ментальді карта) сипаттау;
 6. 1. 5. 2 лирикалық кейіпкерге ауызша/жазбаша сипаттама жасау

Талдау және жинақтау

6. 2. 1. 2 қарасөздерді идеялық бөліктерге бөлу;
 6. 2. 2. 1 ортақ негізгі ой қазығын анықтау, ой-толғамдарды (ментальді картада, кластер нысандар да) жинақтау;
 6. 2. 4. 1 шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, аллегория, антитеза, градация ) анықтау

Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)

6. 3. 1. 2 мәтіндегі нысандарды ұлттық, тарихи құндылық тұрғысында бағалау;
 6. 3. 2. 1 мәтіннің көркемдік-эстетикалық құндылығына баға беру;
 6. 3. 4. 1 шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау

3-тоқсан

Абай - ақылдың бойтұмары

Абайдың тұлғалық кемелдік туралы ойларын өмірлік ұстаным тұрғысында таразылау, оқушылардың көзқарасы мен өмірлік бағыттарына негіз етіне ықпал ету.
 "Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап", "Әсемпаз болма әрнеге" өлеңдері, "Он бесінші", "Он тоғызыншы" қарасөздері.

Оқу және түсіну

6. 1. 1. 1 мәтіндерді интонацияның құрамдас бөліктерін сақтай отырып оқу;
 6. 1. 2. 1 мәнерлеп (логикалық екпін мен кідіріс жасай) оқу арқылы сөз, сөз тіркестерінің лексикалық, образдық мәнін ашып, мәтіндегі жұмсалу мақсатын түсіну;
 6. 1. 3. 1 шығармадан қажетті дәйектерді жинау, негізгі ой түйіндерін анықтау;
 6. 1. 4. 1 көркем шығармадағы кейіпкерлер әрекеті, шығарманың өзекті ойына қатысын анықтау арқылы көркем мәтіндегі өзекті ойды анықтау

Талдау және жинақтау

6. 2. 1. 1 лирикалық шығармаларды композициялық құрылымына талдау;
 6. 2. 1. 2 қарасөздерді идеялық бөліктерге бөлу;
 6. 2. 2. 1 ортақ негізгі ой қазығын анықтау, ой-толғамдарды (ментальді картада, кластер нысандарда) жинақтау;
 6. 2. 4. 1- шығармадағы көркемдік құралдарды анықтау

Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)

6. 3. 1. 1 шығарма образдарын ұлттық сипаттың ашылуы тұрғысынан бағалау;
 6. 3. 2. 1 мәтіннің көркемдік-эстетикалық құндылығына баға беру;
 6. 3. 4. 1 шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау

4-тоқсан

"Сылдырап өңкей келісім"

Абайдың сөз өнеріне эстетикалық талғамы мен талабын зерделеу, эстетикалық, танымдық мақсатта игеру.
 "Адамның кейбір кездері", "Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа", "Құлақтан кіріп, бойды алар" өлеңдері
 Қосымша оқуға: Ахмет Жұбанов "Абайдың музыкалық мұрасы"

Оқу және түсіну

6. 1. 1. 1 мәтіндерді интонацияның құрамдас бөліктерін сақтай отырып оқу;
 6. 1. 2. 1 мәнерлеп (логикалық екпін мен кідіріс жасай) оқу арқылы сөз, сөз тіркестерінің лексикалық, образдық мәнін ашып, мәтіндегі жұмсалу мақсатын түсіну;
 6. 1. 3. 1 шығармадан қажетті дәйектерді жинау, негізгі ой түйіндерін анықтау

Талдау және жинақтау

6. 2. 1. 1 лирикалық шығармаларды композициялық құрылымына талдау;
 6. 2. 3. 1 өлең құрылысына талдай отырып, шығарма тіліне, көркемдік тәсіліне, этномәдени бірліктеріне талдау, поэтикалық тілдің ерекшелігін айқындау;
 6. 2. 4. 1 шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, аллегория, антитеза, градация ) анықтау

Бағалау (салыстыру) және шығармашы лық (өнім)

6. 3. 2. 1 мәтіннің көркемдік-эстетикалық құндылығына баға беру;
 6. 3. 3. 1 шығарманың идеялық мазмұнын пайымдай отырып (ой толғау, хат, пост, ертегі, өтірік өлең) жазу

 3) 7-сынып:

Оқу жоспарының концепциялық негіздері

Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Білім мазмұнының мақсаты

Білім алушыларға тиісті құзыреттіліктер мен оқу міндеттері

1-тоқсан

"Пайда ойлама, ар ойла..."

Абайдың ізгілік имандылық, мораль қағидаттары туралы ой-толғамдарын саралап тану, адамшылық негіздерді тұтынуға ықпал ету.
 "Ұяламын дегенің көңіл үшін", "Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас..." өлеңдері,
 "Жиырма тоғызыншы", "Бесінші" қарасөздері
 Қосымша оқуға: Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезовтің "Абайдың өнері һәм қызметі" мақаласы

Оқу және түсіну

7. 1. 1. 1 көркем мәтінді пайымдап, мәнерлеп (логикалық, психологиялық кідірістер мен) оқу;
 7. 1. 2. 1 мәтіндегі тілдік бірліктерді дербес және мәнмәтіндегі (контексте) қызметін түсініп, идеялық мазмұндағы маңызын айқындау;
 7. 1. 3. 1 көркем мәтіндегі ой-түйіндерді тауып, негізгі ой қазығына топтастыру;
 7. 1. 5. 2 қара сөздердегі автордың түйінді ойын (түрлі нысанды: ментальді карта, сызба қолдана отырып) баяндау

Талдау және жинақтау

7. 2. 1. 1 шығармаларды композициялық құрылымына талдай отырып, негізгі тұжырымын айқындау, жоспар құру;
 7. 2. 3. 1 көркем шығарма тілінің, ақпараттық, фразеологиялық қырын мәнмәтінде анықтау;
 7. 2. 4. 1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау

Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)

7. 3. 1. 1 шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес автордың өзге шығармалармен салыстырып, ұлттық және тарихи құндылығын бағалау;
 7. 3. 3. 1 кейіпкер болмысын сипаттап (өлең, кейіпкер монологі, диалогі, әңгіме ) жазу

2-тоқсан

"Жүректе қайрат болмаса..."

Абайдың ақыл, қайрат, жігер туралы өлеңінің мәнін түсініп, адамға рухани нәр беретін негіздерді түйсінуге талаптану.
 "Жастықтың оты жалындап", "Жүректе қайрат болмаса" өлеңдері, "Жиырма үшінші", "Қырық төртінші" қарасөздері.

Оқу және түсіну

7. 1. 1. 1 көркем мәтінді пайымдап, мәнерлеп (логикалық, психологиялық кідірістермен) оқу;
 7. 1. 2. 1 мәтіндегі тілдік бірліктерді дербес және мәнмәтіндегі (контексте) қызметін түсініп, идеялық мазмұндағы маңызын айқындау;
 7. 1. 3. 1 көркем мәтіндегі ой-түйіндерді тауып, негізгі ой қазығына топтастыру;
 7. 1. 5. 2 қарасөздердегі автордың түйінді ойын (түрлі нысанды: ментальді карта, сызба қолдана отырып) баяндау

Талдау және жинақтау

7. 2. 1. 1 шығармаларды композициялық құрылымына талдай отырып, негізгі тұжырымын айқындау, жоспар құру;
 7. 2. 2. 1 көркем шығармадағы лирикалық образдың жасалу тәсілдерін айқындау;
 7. 2. 4. 1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау

Бағалау (салыстыру) және шығармашы лық (өнім)

7. 3. 1. 1 шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес автордың өзге шығармалармен салыстырып, ұлттық және тарихи құндылығын бағалау;
 7. 3. 4. 1 әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

3-тоқсан

"Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет"

Қазақтың ұлттық мәдениеті мен саятшылық өнерінен түсініктерін кеңейтіп, көркемдық танымдарын дамыту, қазақ қауымындағы кейбір мінез-құлықты саралап тану. "Қансонарда бүркітші шығады аңға", "Екінші", "Жиырма алтыншы" қарасөздері. Қосымша оқуға: Көкбай Жанатайұлы "Абай туралы естелік"

Оқу және түсіну

7. 1. 1. 1 көркем мәтінді пайымдап, мәнерлеп (логикалық, психологиялық кідірістермен) оқу;
 7. 1. 2. 1 мәтіндегі тілдік бірліктерді дербес және мәнмәтіндегі (контексте) қызметін түсініп, идеялық мазмұндағы маңызын айқындау;
 7. 1. 3. 1 көркем мәтіндегі ой-түйіндерді тауып, негізгі ой қазығына топтастыру;
 7. 1. 4. 1 әдеби шығармада өзекті ойды көтерілген әлеуметтік-қоғамдық, эстетикалық мәселені анықтау;
 7. 1. 5. 2 қарасөздердегі автордың түйінді ойын (түрлі нысанды: ментальді карта, сызба қолдана отырып) баяндау

Талдау және жинақтау

7. 2. 1. 1 шығармаларды композициялық құрылымына талдай отырып, негізгі тұжырымын айқындау, жоспар құру;
 7. 2. 3. 1 көркем шығарма тілінің, ақпараттық, фразеологиялық қырын мәнмәтінде анықтау;
 7. 2. 4. 1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау

Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)

7. 3. 1. 1 шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес автордың өзге шығармаларымен салыстырып, ұлттық және тарихи құндылығын бағалау;
 7. 3. 2. 1 көркем образдардың тұлғалық ерекшеліктерін ашудағы автор шеберлігіне баға беру;
 7. 3. 4. 1 әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

4-тоқсан

"Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар"

Абайдың музыкалық мұрасын рухани-эстетикалық, танымдық мақсатта игеру.
 "Желсіз түнде жарық ай", "Көзімнің қарасы", "Қараңғы түнде тау қалғып", "Өзгеге, көңілім, тоярсың"
 Қосымша оқуға: "Біржан сал Абай ауылында" ("Абай жолы" роман-эпопеясынан үзінді)

Оқу және түсіну

7. 1. 1. 1 көркем мәтінді пайымдап, мәнерлеп (логикалық, психологиялық кідірістермен) оқу;
 7. 1. 2. 1 мәтіндегі тілдік бірліктерді дербес және мәнмәтіндегі (контексте) қызметін түсініп, идеялық мазмұндағы маңызын айқындау

Талдау және жинақтау

7. 2. 1. 1 шығармаларды композициялық құрылымына талдай отырып, негізгі тұжырымын айқындау, жоспар құру;
 7. 2. 4. 1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау

Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)

7. 3. 1. 1 шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес автордың өзге шығармалармен салыстырып, ұлттық және тарихи құндылығын бағалау;
 7. 3. 4. 1 әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

      4) 8-сынып:

Оқу жоспарының концепциялық негіздері

Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Білім мазмұнының мақсаты

Білім алушыларға тиісті құзыреттіліктер мен оқу міндеттері

1-тоқсан

"Тұла бойың ұят, ар едің"

Әбдірахманға арналған өлеңдері арқылы кемел адамға тән тұлғалық қасиеттерді саралап тану, сүйікті ұлына деген әке жоқтауының мәнін түсіну.
 "Тұла бойың ұят, ар едің", "Жиырма жеті жасында", "Талаптың мініп тұлпарын", "Кешегі өткен ер Әбіш", "Орынсызды айтпаған" өлеңдері.
 Қосымша оқуға: Мұхтар Әуезовтің "Халқын сүйген Әбіш" еңбегі

Оқу және түсіну

8. 1. 1. 1 көркем мәтінді пайымдап, мәнерлеп (оқырмандық ұстанымын білдіре) оқу;
 8. 1. 2. 1 тілдік бірліктердің семантикалық, мәнін түсініп, мәтіннің ішкі бірлігіндегі қызметін айқындау, образдық қызметін ашу;
 8. 1. 2. 2 әке жоқтауындағы эмоционалды-экспрессивті сөздерді зерделеу, авторлық идеяны өмір шындығымен байланыстыру;
 8. 1. 3. 1 шығармадағы Абайдың ой-тұжырымдарын өзге шығармаларымен байланыстыру, тұтастыру;
 8. 1. 4. 1 шығармадағы өзекті ойды анықтау, сөз образдары ның идеяны берудегі қызметін ашу;
 8. 1. 5. 1 көркем мәтіннен дәйектер келтіре отырып, образдардың тұлғалық ерекшеліктерін жазу/ дәйектеп айту

Талдау және жинақтау

8. 2. 1. 1 шығармаларды композициялық құрылымына талдай отырып, негізгі тұжырымын жинақтау;
 8. 2. 1. 2 әдеби мәтіндердің жанрына байланысты өзіндік белгілерін айқындау;
 8. 2. 4. 1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау, мәтіндегі көркемдік қызметін анықтау

Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)

8. 3. 1. 1 шығармадағы тұлғалық қасиеттерді автордың өзге шығармаларымен салыстырып, ұлттық және тарихи құндылығына баға беру;
 8. 3. 2. 1 шығарма поэтикасындағы автордың айшықты қолтаңбасына баға беру;
 8. 3. 3. 1 шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын,талдап, шығарма, әдеби эссе, блог, әңгіме жазу;
 8. 3. 3. 3 көркем мәтінді жалпы адамзаттық құндылық тұрғысынан бағалап, әдеби эссе жазу

2-тоқсан

"Жастықтың оты қайдасың?"

Адам өміріндегі жастық шақтың қадірін жете түсініп, қадірлі уақытты пайдалы іске, еңбекке жұмсау жөніндегі Абай тағылымын тану, тұлғалық қасиеттерді дамытып, ынтымақ, бірлікке жұмылдыру.
 "Жастықтың оты қайдасың?", "Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық" өлеңдері, "Он төртінші", "Отыз үшінші", "Отыз тоғызыншы" қарасөздері

Оқу және түсіну

8. 1. 1. 1 көркем мәтінді пайымдап, мәнерлеп (оқырмандық ұстанымын білдіре) оқу;
 8. 1. 2. 1 тілдік бірліктердің семантикалық, мәнін түсініп, мәтіннің ішкі бірлігіндегі қызметін айқындау, образдық қызметін ашу;
 8. 1. 4. 1 шығармадағы өзекті ойды анықтау, сөз образдарының идеяны берудегі қызметін ашу;
 8. 1. 5. 1 көркем мәтіннен дәйектер келтіре отырып, образдардың тұлғалық ерекшеліктерін жазу, тұжырып айту;
 8. 1. 5. 2 қарасөздердегі автордың түйінді ойын (түрлі нысанды: ментальді карта, сызба қолдана отырып) дәйектеу

Талдау және жинақтау

8. 2. 1. 1 шығармаларды композициялық құрылымына талдай отырып, негізгі тұжырымын жинақтау;
 8. 2. 3. 1 көркем шығармадағы автордың суреттеу тілін талдау, өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
 8. 2. 4. 1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау, мәтіндегі көркемдік қызметін анықтау

Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)

8. 3. 1. 1 шығармадағы тұлғалық қасиеттерді автордың өзге шығармаларымен салыстырып, ұлттық және тарихи құндылығына баға беру;
 8. 3. 2. 1 шығарма поэтикасындағы автордың айшықты қолтаңбасына баға беру;
 8. 3. 3. 1 шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын,талдап, шығарма, әдеби эссе, блог, әңгіме жазу;
 8. 3. 3. 2 көркем мәтінді жалпы адамзаттық құндылық тұрғысынан бағалап, әдеби эссе жазу

3-тоқсан

"Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос"

Адам мінезіндегі түрлі қасиеттердің жамандығы мен жақсылығын ой таразысына түсіру, адамшылық болмыс арқылы таным-түсінігін кеңейту.
 "Дүтбайға", "Мен боламын демеңдер" өлеңдері, "Төртінші", "Алтыншы", "Отызыншы" қарасөздері.
 Қосымша оқуға: Мұхтар Әуезовтің "Абай Құнанбаев" монографиясы

Оқу және түсіну

8. 1. 1. 1 көркем мәтінді пайымдап, мәнерлеп (оқырмандық ұстанымын білдіре) оқу;
 8. 1. 2. 1 тілдік бірліктердің семантикалық, мәнін түсініп, мәтіннің ішкі бірлігіндегі қызметін айқындау, образдық қызметін ашу;
 8. 1. 4. 1 шығармадағы өзекті ойды анықтау, сөз образдарының идеяны берудегі қызметін ашу

Талдау және жинақтау

8. 2. 1. 1 шығармаларды композициялық құрылымына талдай отырып, негізгі тұжырымын жинақтау;
 8. 2. 2. 1 көркем шығармадағы образ сомдаушы бірліктерді жинақтау;
 8. 2. 3. 1 көркем шығармадағы автордың суреттеу тілін талдау, өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
 8. 2. 4. 1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау, мәтіндегі көркемдік қызметін анықтау

Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)

8. 3. 2. 1 шығарма поэтикасындағы автордың айшықты қолтаңбасына баға беру;
 8. 3. 3. 1 шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын, талдап, шығарма, әдеби эссе, блог, әңгіме жазу;
 8. 3. 4. 1 шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу

4-тоқсан

"Қиыннан қиыстырар ер данасы"

Абайдың портрет жасаудағы шеберлігін эстетикалық, танымдық мақсатта игеру.
 "Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы", "Білектей арқасында өрген бұрым", "Аттың сыны", "Бүркіт сыны"
 Қосымша оқуға: Зәки Ахметовтің "Абайдың ақындық әлемі" еңбегі

Оқу және түсіну

8. 1. 1. 1 көркем мәтінді пайымдап, мәнерлеп (оқырмандық ұстанымын білдіре) оқу;
 8. 1. 4. 1 шығармадағы өзекті ойды анықтау, сөз образдарының идеяны берудегі қызметін ашу;
 8. 1. 5. 1 көркем мәтіннен дәйектер келтіре отырып, образдардың тұлғалық ерекшеліктерін жазу/ тұжырып айту

Талдау және жинақтау

8. 2. 1. 1 шығарманы композициялық құрылымына талдай отырып, негізгі тұжырымын жинақтау;
 8. 2. 2. 1 көркем шығармадағы, образ сомдаушы бірліктерді жинақтау;
 8. 2. 3. 1 көркем шығармадағы автордың суреттеу тілін талдау, өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
 8. 2. 4. 1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау, мәтіндегі көркемдік қызметін анықтау

Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)

8. 3. 2. 1 шығарма поэтикасындағы автордың айшықты қолтаңбасына баға беру;
 8. 3. 3. 1 шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын, талдап, шығарма, әдеби эссе, блог, әңгіме жазу;
 8. 3. 3. 2 көркем мәтінді жалпы адамзаттық құндылық тұрғысынан бағалап, әдеби эссе жазу

      5) 9-сынып:

Оқу жоспарының концепциялық негіздері

Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Білім мазмұнының мақсаты

Білім алушыларға тиісті құзыреттіліктер мен оқу міндеттері

1-тоқсан

"Ұятын, арың оянсын, бұл сөзімді ойлансын"

Абайдың заман адамының қайғы-қасіретін арқалаған наласы мен терең мұңын, пәлсапалық толғаныстарын зерделеп, өз заманына лайық тұлға болу харекеттерін сыни пайымдау.
 "Сегіз аяқ", "Заманақыр жастары", "Жас өспірім замандас қапа қылды", "Көзінен басқа ойы жоқ", "Отыз алтыншы" қарасөзі.
 Қосымша оқуға: Мекемтас Мырзахметұлының "Абайдың адамгершілік мұраттары" еңбегі

Оқу және түсіну

9. 1. 1. 1 көркем мәтінді талдап оқу;
 9. 1. 2. 1 тілдік бірліктердің мәтіндегі қызметін айқындай отырып, жекелеген қолданыстардағы автордың ой-ниетін танытудағы рөлі мен концептілік мәнін ашу;
 9. 1. 3. 1 шығарма бөліктерін ұқсас белгілеріне/ айырмашылығына қарай топтастыру, белгілі нысандарды зерделеу;
 9. 1. 4. 1 мәнмәтіндегі астарлы ойды анықтау, көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені беруде авторлық ниетті (дітті/интенцияны) түсіну;
 9. 1. 5. 1 көркем шығарманың идеялық мазмұнына сүйене отырып, оқырмандық ой-пайымын ауызша/жазбаша түйіндеу;
 9. 1. 5. 2 қарасөздердегі ой-толғамдарды оқырмандық ұстаным тұрғысында дәйектеп айту, жазу

Талдау және жинақтау

9. 2. 1. 1 шығармаларды композициялық құрылымына талдай отырып, композициялық амалдарды айқындау;
 9. 2. 3. 1 көркем шығармадағы автордың стилін айқындау;
 9. 2. 4. 1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдау, көркемдік қызметін пайымдау

Бағалау (салыстыру) және шығармашлық (өнім)

9. 3. 1. 1 туындыдағы даралық образдар мен типтік характерлердің ұлттық және тарихи құндылығын әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра бағалау;
 9. 3. 3. 1 шығарманың идеясын қоғамдық-әлеуметтік тұрғыда талдап, әдеби эссе, сценарий, өлең, блог, әңгіме, кейіпкер монологі, жоба жазу;
 9. 3. 4. 1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, рецензия жазу

2-тоқсан

"Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат"

Абайдың жастарға қажетті жақсы қасиеттер туралы ғылыми-пәлсапалық трактаттарын пайымдату, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани-мәдени құндылықтарды таныту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға бағыттау.
 "Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат", "Адасқанның алды-жөн, арты соқпақ" өлеңдері, "Ескендір" поэмасы, "Жиырмасыншы" қарасөзі

Оқу және түсіну

9. 1. 1. 1 көркем мәтінді талдап оқу;
 9. 1. 2. 1 тілдік бірліктердің мәтіндегі қызметін айқындай отырып, жекелеген қолданыстардағы автордың ой-ниетін танытудағы рөлі мен концептілік мәнін ашу;
 9. 1. 3. 1 шығарма бөліктерін ұқсас белгілеріне/ айырмашылығына қарай топтастыру, белгілі нысандарды зерделеу;
 9. 1. 4. 1 мәнмәтіндегі астарлы ойды анықтау, көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені беруде авторлық ниетті (дітті/интенцияны) түсіну;
 9. 1. 5. 1 көркем шығарманың идеялық мазмұнына сүйене отырып, оқырмандық ой-пайымын ауызша/жазбаша түйіндеу;
 9. 1. 5. 2 қарасөздердегі ой-толғамдарды оқырмандық ұстаным тұрғысында дәйектеп айту, жазу

Талдау және жинақтау

9. 2. 2. 1 шығармадағы образдар жүйесін салыстыра талдау, "мағыналы жастық" тұжырымдарын айқындап, автордың айтар ойын пайымдау;
 9. 2. 3. 1 көркем шығармадағы автордың стилін айқындау;
 9. 2. 4. 1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдау, көркемдік қызметін пайымдау

Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)

9. 3. 2. 1 көркем шығармалардың рухани- эстетикалық құндылығына баға беру;
 9. 3. 3. 1 шығарманың идеясын қоғамдық-әлеуметтік тұрғыда талдап, әдеби эссе, сценарий, өлең, блог, әңгіме, кейіпкер монологі, жоба жазу;
 9. 3. 4. 1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, рецензия жазу

3-тоқсан

"Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек"

Хәкімнің заман келбеті мен заман адамының мінез-құлқын (мақтангөйлік, парақорлық, жағымпаздық, жалқаулық) саралату, тарихи кезеңдегі қазақ болмысын таразылау арқылы жаңа заман адамына қажетті тұлғалық қасиеттерді сыни пайымдату.
 "Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да", "Өкінішті көп өмір кеткен өтіп", "Сабырсыз, арсыз, еріншек". "Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек" "Қыран бүркіт не алмайды салса баптап" өлеңдері, "Тоғызыншы", "Қырқыншы" қарасөздері.
 Қосымша оқуға: Тұрсын Жұртбайдың "Күйесің жүрек... Сүйесің" еңбегі

Оқу және түсіну

9. 1. 1. 1 көркем мәтінді талдап оқу;
 9. 1. 2. 1 тілдік бірліктердің мәтіндегі қызметін айқындай отырып, жекелеген қолданыстардағы автордың ой-ниетін танытудағы рөлі мен концептілік мәнін ашу;
 9. 1. 3. 1 шығарма бөліктерін ұқсас белгілеріне/ айырмашылығына қарай топтастыру, белгілі нысандарды зерделеу;
 9. 1. 4. 1 мәнмәтіндегі астарлы ойды анықтау, көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені беруде авторлық ниетті (дітті/интенцияны) түсіну;
 9. 1. 5. 1 көркем шығарманың идеялық мазмұнына сүйене отырып, оқырмандық ой-пайымын ауызша/жазбаша түйіндеу;
 9. 1. 5. 2 қарасөздердегі ой-толғамдарды оқырмандық ұстаным тұрғысында дәйектеп айту, жазу

Талдау және жинақтау

9. 2. 2. 1 шығармадағы образдар жүйесін салыстыра талдау, типтік характерлерді ашу, әртүрлі мінез-құлықты саралап тану, автордың айтар ойын айқындау;
 9. 2. 3. 1 көркем шығармадағы автордың стилін айқындау;
 9. 2. 4. 1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдау, көркемдік қызметін пайымдау

Бағалау (салыстыру) және шығармашлық (өнім)

9. 3. 1. 1 туындыдағы даралық образдар мен типтік характерлер дің ұлттық және тарихи құндылығын әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра бағалау;
 9. 3. 3. 1 шығарманың идеясын қоғамдық-әлеуметтік тұрғыда талдап, әдеби эссе, сценарий, өлең, блог, әңгіме, кейіпкер монологі, жоба жазу;
 9. 3. 4. 1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, рецензия жазу

4-тоқсан

"Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр"

Адамзатқа тән шынайы сезім, сүйіспеншілік пен нәпсіқұмарлықтың аражігін саралап тану, өлең жолдары арқылы әдептілік, сүйіспеншілік, татулық сияқты қасиеттерді зерделеу, тағылымдық мәнін пайымдау.
 "Ғашықтық құмарлықпен ол – екі жол", "Ғашықтың тілі – тілсіз тіл", "Жарқ етпес қара көңілім не қылса да", "Қызарып, сұрланып" өлеңдері, "Отыз жетінші" қарасөзі

Оқу және түсіну

9. 1. 2. 1 тілдік бірліктердің мәтіндегі қызметін айқындай отырып, жекелеген қолданыстардағы автордың ой-ниетін танытудағы рөлі мен концептілік мәнін ашу;
 9. 1. 3. 1 шығарма бөліктерін ұқсас белгілеріне/айырмашылығына қарай топтастыру, белгілі нысандарды зерделеу;
 9. 1. 4. 1 мәнмәтіндегі астарлы ойды анықтау, көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені беруде авторлық ниетті (дітті/интенцияны) түсіну

Талдау және жинақтау

9. 2. 3. 1 көркем шығармадағы автордың стилін айқындау;
 9. 2. 4. 1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдау, көркемдік қызметін пайымдау

Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)

9. 3. 2. 1 көркем шығармалардың рухани- эстетикалық құндылығына баға беру;
 9. 3. 3. 1 шығарманың идеясын қоғамдық-әлеуметтік тұрғыда талдап, әдеби эссе, сценарий, өлең, блог, әңгіме, кейіпкер монологі, жоба жазу




Похожие публикации:

18 сентябрь 2023 175 курс
08 сентябрь 2023 153 пед.жұмыс уақыты
16 октябрь 2023 415 бұйрық
05 сентябрь 2023 18 сынып жетекші
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2020-2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru