Әлеуметтік педагог
« Алматы облысы білім бөлім басқармасының
«Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«І.Жансүгіров атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын
орталығымен және Базаркелді бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023-2024 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған
жұмысының жарты жылдық есебі.
Мектепте тамыз айының 29 жұлдызында бекітілген бұйрыққа сай мектеп әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілген әлеуметтік педагогтың жоспары бойынша келесі жұмыстар атқарылды.
Маусым айында 2023-2024 жылға арналған жұмыс жоспарын дайындап, әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілді. Жылдық жоспар негізінде айлық, апталық жоспарлар жасалып, жоспар бойынша төмендегі жұмыстар жасалды. Мектебімізде жазғы сауықтыру лагеріне екінші поток бойынша 17оқушылар ,үшінші поток бойынша 7 оқушыларымыз Тауленд жазғы сауықтыру орталығына барып демалып қайтты.
Мектепке жол акция барысында тамыз айында 70 балаға жалпыға бірдей білім беру қорынан әр бір балаға 40500 мың теңгеден ақшалай көмек берілді.
2023 жылдың 1 қыркүйегінен 1-4 сынып аралығында ЖБББ қорынан бастауыш сыныптары толығымен тегін ыстық тамақпен қамтылды. 5-11сыныптар аралығында көпбалалы және аз қамтылған отбасындағы бір анасымен , бір әкесімен тәрбиеленіп жатқан оқушылар арасынан 54 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді және жалға алушы есебінен 16оқушыға тегін ыстық тамақ берілді.
Жалпы барлық ыстық тамақпен қамтылған оқушы саны 200/. Ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімі жасалып мектеп директорымен және пед кеңесте қаралып бекітілді .
Әр айдың 25 ші жұлдызында ыстық тамақ ішетін оқушылардың есебін ДТІЖО Қ.С.Абдуваитов пен әлеуметтік педагог А. Окасова және ИП «Трегубенко О.В» бекітіліп аудандық білім бөліміне өткізілді.. Оқушылардың күнделікті тамақ ішуін мектеп медбикесі В. Розбакиева және әлеуметтік педагог А.С.Окасова бақылап отырды. Қыркүйек айында 15 жұлдызында бракиражды комиссия құрылып бекітілді. Дүйсенбі ,сейсенбі, сәрсенбі , бейсенбі, жұма күнінне жеке түрде әкімшілік мүшелерінен және қамқоршылық мүшесі , ата аналар тарапынан тізім жасалды. Мектептің әлеуметтік паспорты сынып жетекшілер тарапынан оқушыларымыздың әлеуметтің санаттары белгіленіп директормен бекітілді. Оқушылардың жеке құжаттарымен танысып, әр түрлі жағдайына қарай тізімі жасалды.

Көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен, жартылай жетім және қамқорлыққа алынған балалардың әлеуметтік төлқұжатты жасалды. Мектеп бойынша баланың жалпы саны -410. Көпбалалы отбасындағы оқушылар саны 127 бала, аз қамтылған отбасындағы оқушылар саны 11 бала, жартылай жетім оқушылар саны 23 бала, қамқорлықтағы оқушылар , толық қамтылған отбасыдан шыққан бала саны 109.
24 қазан күні әлеуметтік педагог А.С Окасова және сынып жетекшілер мен бірлесе отырып оқушылардың әлеуметтік санаттарына байланысты оқушылардың тұрмыстық жағдайларын қадағалау тексеру жұмыстары жүргізіліп акт жасалды. .
29 қазан Қамқоршылар күні.Мақсаты: Оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, патронаттық тәрбиедегі балаларға, қамқорлықтағы балаларды ортаға бейімдеу, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу. Мектебіміздің кітапханашысы , медбике мектеп психологы , әлеуметтік педагог ұйымдастыруымен 5-10 сыныптар аралығында пікірталас өткізіліп , бейнероликтер көрсетілді. Қараша айында сабаққа көбірек қалуына байланысты сәтсіз отбасына байланысты екі оқушымызды тізімге алынды.
Ревуненко В, Баштакова З осы оқушыларымыздың тұрмыстық жағдайларына тексеру
ж;ұмыстары жүргізілді . Ата аналарына жолығып оқушыларымыз жайлы түсінік
жұмыстары жүргізілді .

Қараша айында мектеп бойынша сыныптардан әлеуметтік паспорт қозғалысы жүргізілді .
Қараша айында ЖБББ қорынан тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушыларымызға тағы қосымша оқушыларды қосуғатегін тамақтануға сұраныс жасалды. Тегін ыстық тамаққа 5-11 сыныптар аралығындағы оқушылға оқушы қосып оқушы санын 70 оқушыға көбейтіп тегін ыстық тамаққа сұраныс жасалып ауданға берілді.Қараша айынана бастап ЖБББ қорынан `1-4 сыныптарда 130 оқушылар 5-11аралығындағы сыныптарда 70оқушыға тегін ыстық тамақ берілді жалға алушы есебінен 3 оқушыға тамақ беріледі. Тегін ысытық тамақ күнделікті бракираж бойынша , ас мәзірі бойынша тексеріліп тұрады.
Желтоқсан айының айлық жоспары директормен бекітіліп айлық жұмыстар жүргізілді
2023 жылы желтоқсан айының 27 жұлдызында аудан әкімінің шырша тойына мектебімізден 2 оқушы барды.Толық емес отбасынан 8 сынып оқушысы Мрзахан Ақжан және Базаркелді бастауыш мектебінен 2 сынып оқушысы Мутан Айзере барып жаңа жылдық сыйлықтарын алып және қосымша 35мыңдық сертификат берілді. , Жаңа жылдық мерекегке мектеп әкімшілігі тарапынан үйде білім алушы оқушыларымызға үй үйлерге аяз ата мен қарша қыз ұйымдасып сыйлықтар берілді үйде білім алушы оқушыларымыз қуанышты қарсы алды Мектеп директоры ,Директордың жанындағы тәрбие ісінің орынбасары, мектеп дефектолг, мектеп психологына әлеуметтік педагогке ата аналар атынан алғыстар айтылды.
Жаңа жылдық іс шараға Жанашар ауылдық округінің тұрғыны Наниев мырзаның атынан жаңа жылдық сыйлықтар берілді , мектебіміздегі аз қамтылған, көп балалы, жартылай жетім және үйден білім алушы оқушыларымызға 23 жаңа жылдық сыйлықтар берілді,және қамқоршылық кеңесінің төрайымы Воробеева И 3 жаңа жылдық сыйлқ берілді Космос «Анара» дүкенінің иесі Галима .. екі оқушымызға өз атынан жаңа жылдық сыйлық ұсынды

2024жылына мектебімізде сынып жетекшілер тарапынан мектеп әлеуметтік педагог пен бірлесіп паспорты қарастырылып жаңартылды. Қазіргі таңда мектебімізде білім алушылар 413. Көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушылар саны 107 .аз қамтылған отбасынан шыққан 11,оны ң ішінде 6 АСП алушы отбасынан.бір анасымен тәрбиеленіп жатқан 46 бір әкесімен тәрбиеленіп жатқан 15, мүмкіндігі шектеулі 6, өгей анасымен 6 , өгей әкесімен 5. ЖБББ қорынан тамақтанатын оқушылар 200. Жұмыстар жалғасуда..........
Әлеуметтік педагог Окасова А.С.