Рухани-адамгершілік тәрбие іс-шаралары » І.Жансүгіров атындағы орта мектепө МДШО
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
август
2022

Рухани-адамгершілік тәрбие іс-шаралары

         Мектебімізде «Әдеп-ғұрпымыз жазылмаған заңымыз» тақырыбында 5 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі А.Искакова көрініс өткізді.  Көріністің мақсаты оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру; баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету; ата-аналармен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор. «Жер астында жатқанды қазбай қарап тіл табар» деп саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, ұлттық құндылықтарымызды асыл қоймасындай сақтады. Өнерлі халық - өміршең халық. Қазақтың әдет-ғұрпына, салт-дәстүрлеріне бағытталған «Әдет-ғұрпымыз жазылмаған заңымыз» атты көрініс өте жақсы деңгейде өткізілді. Өткізілген көріністе тәрбиелік мәні мен мазмұны бар. 

Алдағы уақытта тәртіпті де, тәрбиелі ұл - қыз болып, адамгершілік қасиеттерді биік ұстап, мектеп ішінде, үйде, қоғамдық жерлерде өздеріңді де, өзгені де сыйлайды және әдеп-ғұрпымызды сақтайды деп сенеміз.


 

 



5 қыркүйек күні еліміздің елеулі мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні.

Осыдан тура 24 жыл бұрын - 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев 2017 жылдың 31 қазаны күні «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды. Бір қуантарлығы айтулы мерекелердің арасында Қазақстан Халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланатын болды.

Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады. Қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Сарытүбек ауылында дүниеге келген болатын . "...Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді" деп Сәкен Сейфуллин баға берген қазақтың асыл ұлы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні Тіл мерекесімен қоса тойланатыны қалың қазақ үшін өте қуанышты жағдай болмақ.

Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны. 

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.


Қазақстанның әрбір азаматын Тілдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай челлендж


09.02.2022ж. ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл. Қазақ поэзиясының қара нары, «Хан Тәңірінің мұзбалағы» атанған ол жарты ғасырға жуық ғұмырында мыңнан астам өлең мен поэма, повестерді дүниеге әкелді. Шығыс, орыс жазушыларының шығармаларын тәржімалап, мол рухани мұра қалдырды. «Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай?!» деген ақын өлеңінің ұйқасы ел ішінде кеңінен танымал. Ұрпағы ақиық ақынның өлеңдерін жатқа оқиды. 45 жылдық қысқа ғұмырында сан ғасырға азық рухани қазына қалдырған Мұқағали Мақатаевтың есімі ел есінде. «Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қайтарған» ақынның өлеңдері жүрекке жетеді. Ал оның аудармашылық талантының арқасында әлем әдебиетінің жауһарлары – Уильям Шекспирдің сонеттері, Уолт Уитменнің өлеңдері мен Дантенің «Құдіретті комедиясы» қазақ тіліне тәржімаланды.

Мектебіміздің ұстаздары қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың 91 жылдық мерейтойына орай, ақынның өлең шумақтарын оқу бойынша челленджін Тұрар Рысқұлов орта мектебінің ұстаздарына жолдады.

Іс-шараның мақсаты - Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттау, шығармаларын оқу арқылы өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеру, ақынның шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру.

 

Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2020-2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru