Салауатты өмір-денсаулықты сақтау-спорт жұмыстары
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында мектебімізде денсаулық күніне орай «Спорт – денсаулық кепілі» атты мектепішілік іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы, басты байлық екендігін ұғындыру, денесін шыңдауға, шымыр да шапсаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
5-6 сыныптардың қатысуымен өткен іс-шара алаңда бір мезетте басталды. Мерекелік шараның алғашқы ойынын ұзындыққа секіріп бастады. Бүгінгі ойын қатысушылар арасында барлық сақтық шаралары қатаң сақталған. Ойыншылар бір жерде шоғырланбас үшін, бір алаңда ұзындыққа секірсе, келесі алаңда турникке тартылды және 3 ші алаңда жүгіріп, ойындар ұйымдастырылды. Бүгінгі шарамыз Қазақстан Республикасының 30 жылдығына Денсаулық күніне орай ұйымдастырылды. Іс-шараның соңында балаларға педагог-психолог тарапынан би қойылымы қойылды және де флешмоб билетілді. Өскелең ұрпаққа үлгі көрсетуде және мақсатымыз халық арасында спортты, дене шынықтырумен айналысуды насихаттау.
Тақырыбы: «Денсаулық фестивалі»
Мақсаты: Бұқаралық спортты дамыту, спортпен шұғылданушы жастар санын арттыру.
Дені сау адам – елдің басты капиталы. Бұқаралық спортты дамытып, спортпен шұғылданушы жастар санын арттыру міндет. Осы тұста мектебімізде іс-шаралар кең ауқымды түрде аталып өтті. Мәні зор денсаулық фестивалі шарасында, оқушылар таңғы жаттығудан бастау алып, оқушылар керемет көңіл-күйге бөленді. Сонымен қатар, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, атап айтқанда: волейбол, футбол, баскетбол, турникке тартылу, қысқа қашықтыққа жүгіру секілді жарыстарда үздіктер анықталып, мақтау қағаздарына ие болды.
Сонымен қатар, денсаулық күніне орай ұйымдастырылған шараға ұстаздар қауымы да белсенді түрде қатысты.