2022-2023жылдық план дефектолог
БЕКІТЕМІН
Мектеп директоры
Р.Сагидуллаева__________
«І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен және Базаркелді бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-дефектологтың жылдық оқыту бойынша өткізілетін дефектологиялық қызметтің жұмыс жоспары
2022-2023 оқу жылы
Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың интеллектуалдық және сенсорлық дамуындағы ауытқулардың алдын алу, түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу арқылы білім беру
Міндеті:
- Дамуында ауытқушылығы бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзеу жөніндегі шешімдерді жас ерекшелігіне байланысты қолдану.
- Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте коррекциялық көмек көрсету
- Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру
Жұмыстың негізгі бағыттары:
- Диагностикалық бағыт
Мақсаты: Тұлғаның жеке және психикалық даму ерекшеліктерін, сондай-ақ даму динамикасын зерттеу. - Түзету және дамыту бағыты
Мақсаты: Оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды түзету, жалпы оқу дағдысы мен біліктілікті дамыту. - Ағартушылық , әдістемелік бағыт
Мақсаты:Бала дамуының даму ерекшеліктері ,түзету-дамыту жұмысы бойынша ағарту. - Психологиялық консультация, кеңес жүргізу бағыты
Мақсаты: Педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмек көрсету. - Ұымдастырушылық бағыт.
Дефектологтың жұмыс бөліктері:
-оқушылармен жұмысы;
-оқытушылармен жұмысы;
-ата-аналармен жұмысы.
№ | Іс - шаралар | Жұмыс түрлері | Орындау мерзімі | Нысаналы топ | Ескер тулер | Есеп-тілік нысаны | |
Диагностикалық бағыт | |||||||
1. | Мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық даму ерекшеліктері туралы диагностикалық іс-құжаттарын жинақтау; Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға мінездеме толтыру,акт толтыру. | Мүмкіндігі шектеулі балалардың іс-құжаттарын жинақтау және толық танысу. | Тамыз - Қыркүйек | 1 – 6 сынып оқушылары | |||
2. | Бастауыш сынып оқушыларының тіл кемістігі бар баларды анықтау. | Тіл кемістігі бар баларды анықтау. | Қыркүйек - Қазан | 1 – 11 сынып оқушылары | |||
3. | Кемістігі анықталған оқушыларға дефектологқа келу кестесін құру.
| Оқушылардың дыбыстарды дұрыс айтуын қадағалау. | Қазан - Қараша | 1 – 6 сынып оқушылары | |||
4. | Әр тоқсан сайын түзету-педагогикалық жұмысқа түзетулер енгізу. | Оқушының білім деңгейін қорытындылау. | Желтоқсан | 1 – 6 сынып оқушылар | |||
5. | Әр бір баланың психикалық даму ерекшеліктері мен білім, білік машық қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық тексеруден өткізу. | Диагностикалық тексеруден өткізу | Қаңтар | 1 – 6 сынып оқушылар | |||
6. | Оқушылардың даму динамикасының ерекшеліктерін анықтау мақсатында сабақ барысында бақылау. | Сабақ барысында оқушыларды бақылау. | Ақпан | 1 – 6 сынып оқушылары | |||
7. | Әлеуметтік,психологиялық және оқу-білім дағдыларының статусын жіктеу мақсатында ерекше білім беруді қажет ететін әр оқушының кешенді психолоиялық –педагогикалық зерттеуін жүргізу. | Оқушыларды топқа және жеке дара жұмыс жасау тобына жинақтау. | Наурыз | 1 – 6 сынып оқушылары | |||
8. | Ерекше білім беруді қажет ететін әр оқушының оқу пәндері бойынша білімін және танымдық қабілеттерін терең зерттеу. Әр тоқсан сайын түзету-педагогикалық жұмысқа түзетулер енгізу. | Түзетулер арқылы білім сапасын жақсарту. | Сәуір | 1 – 6 сынып оқушылары | |||
9. | Даму динамикасын және жыл бойы жүргізілген жұмыстың нәтижелілігін анықтау мақсатында оқушыларды диагностикалық тексеруден өткізу. | Оқушыларды диагностикалық тексеруден өткізу. | Мамыр | 1 - 6 сынып оқушыларымен жұмыс | |||
Түзету –дамыту бағыты | |||||||
1. | -Мүмкіндігі шектеулі балаға медициналық, педагогикалық мағлуматтар жинау. - Мектеп бағдарламасын сәтті меңгеруге кедергі болатын ерекше білім беруді қажет ететін балаларды түзету-дамыту сабақтарына тіркеу. - «Жыл мезгілдерін анықтау» жаттығу. - «Қоршаған ортамен танысу.Серуен» | Оқушылардың бейімділігін зерттеу. | Қыркүйек - Қазан | 1 – 6 сынып оқушылары | |||
2. | -Үйден оқитын оқушылармен түзету- дамыту жұмыстарын жүргізу. Ерекше білім берудіқажет ететін балалардың әлеуметтік қызметтерді меңгеру тәсілдерін қалыптастыру. - «Бояуыштар» жаттығу. Әр түрлі бояу түрлерін атап сонымен жұмыс жасау; - «Уақытты анықтау» жаттығу | Әр оқушымен дара жұмыс атқару | Қазан | 1 – 6 сынып оқушылары МАД | |||
3. | Арнайы білімді қажет ететін баланың психикасы мен қызметін дамытудағы компенсаторлық механизмерін дамыту. « Көлем.Пішін. Қатты.Жұмсақ » жаттығу. | Зейін деңгейін анықтау | Қараша | 1 – 6 сынып оқушылары | |||
4. | Оқушыларға жеке дара түзету-дамыту сабақтарын өткізу. Білім алушылардың жалпы тұлға болып қалыптасуында, танымдық қызметтерініңдамуындағы екінші реттік ауытқушылықтардың пайда болуын ескеру және алдын алу; - «Ермек сазбен жұмыс». | Өмірге деген қызығушылы-ғын арттыру | Желтоқсан | 1 – 6 сынып оқушылары МАД | |||
5. | Көру ,есту, сөйлеу қабілеті бұзылған, сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға психологиялық көмек көрсету арқылы үйрету.Қоршаған ортаны бағдарлауын қалыптастыру. Қажетті психофизикалық қызметтерінің деңгейін дамыту. - « Сіріңкемен немесе санау таяқшаларымен санау арқылы әр түрлі пішімдер жасау » | Оқушыларға психиологиялық көмек көрсету | Қаңтар | 1 – 6 сынып оқушылары | |||
6. | Баланың мәселелерін кешенді түрде зерттеу қажеттіліктерін командалық бағалау арқылы анықтау. -«Қайшымен жұмыс істеу дағдыларын жаттықтыру» жаттығу. | Оқушылардың көңіл күйлерін көтеру | Ақпан | 1 – 6 сынып оқушылары | |||
7. | Бала дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып , жеке дамыту бағдарламасын жүргізу. - «Тәні саудың - жаны сау » жаттығу. Адам дене мүшелерімен танысу және олардың қызметі. | Оқушылардың өзіне сенімділігін арттыру | Наурыз | 1 – 6 сынып оқушылары | |||
8. | Отбасы жағдайында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарына кеңес беру. - «Бағдаршам » жаттығу. | Ата – аналармен жұмыс | Сәуір | Ата – аналар | |||
9. | Жыл бойы жүргізілген жұмыстың нәтижелілігін анықтау арқылы балаларға көмек көрсету. | Жалпы бақылау арқылы қорытындымен жұмыс істеу | Мамыр | 1 – 6 сынып оқушылары | |||
Ағартушылық , әдістемелік бағыт | |||||||
1. | Жаңа оқу жылына кабинетті жабдықтау, сыныптың тізімін құру, жылдық, кешенді жоспар құру, сабақ кестесін құру . Жаңартылған арнайы педагогиканың әдістемелерін меңгеру | Оқушының білім алуына жағдай жасау | Қыркүйек | Мектеп әкімшілігі | |||
2. | Оқушымен жүргізетін жеке даму жұмысының әдістемелік бағдарламасын әзірлеу. Аудан дефектологтарының әдістемелік бірлестік семинарларына қатысу,тәжірибе алмасу мақсатында өзара сабаққа қатысу және сабақтарды талдау | Әр оқушымен жеке жұмыс атқару | Қазан | 1 - 9 сынып оқушылары | |||
3. | Мұғалімдердің ашық сабақтарына, семинарларына және т.б. қатысу. «Инклюзивті білім берудің мақсаты мен міндеттері» тақырыбында әдістемелік бірлестік отырыстарында баяндамалар оқу | Сабақ барысындағы оқушыларды қадағалау | Қараша | 1 – 6 сынып оқушылары | |||
4. | Біліктілікті арттыру курстарына, семинарларға және т.б. қатысу. | Өз білімімді жетілдіру | Желтоқсан | Педагог - дефектолог | |||
5. | "Біз өмірді қолдаймыз!" баяндама. | Оқушылардың өмірге деген көз қарасын жақсарту | Қаңтар | 5 – 8 сынып оқушылары | |||
6. | Өз білімін көтеру. Жалпы мектепішілік және сыныптық ата-аналар жиналыстарына қатысу | Курстар мен семинарларға қатысу | Ақпан | Педагог - дефектолог | |||
7. | Бастауыш сынып мұғалімдерімен байланыс орнату . | Мұғалімдермен байланыс арқылы оқушымен жұмыс атқару | Наурыз | 1 – 6 сынып оқушылары | |||
8. | Педагогтармен,психологпен,мектеп медбикесімен тіл кемістігі бар балаларға ортақ көмек көрсету | Педагогтармен, психологпен, мектеп медбикесімен байланыс жұмыстарын жүргізу. | Сәуір | 1 – 9 сынып оқушылары | |||
9. | Ерекше білім қажет ететін балаларды оқытуда ақпараттық технологияларды қолдануды игеру. | Жаңа технологиялармен танысу және жұмыс жасауды игеру | Мамыр | Педагог - дефектолог | |||
Психологиялық кеңес беру бағыты | |||||||
1. | - Дамуында кемістігі бар оқушылардың ата-аналарына кеңес беру; -Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мақсатында мұғалімдерге кеңес беру; | Кеңес беру | Қыркүйек | 1 – 9 сынып оқушылары | |||
2. | -Оқушыларды сабақ барысында бақылау; - Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мен тәрбиелеу мақсатында ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу;» | Түсінік жүргізу | Қазан | 1 – 6 сынып оқушылары | |||
3. | Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес беру | Кеңес беру | Қараша | 1 сынып оқушылары | |||
4. | Жеке кеңес беру; - Дамуында кемістігі бар оқушылардың ата-аналарына кеңес беру; -Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мақсатында мұғалімдерге кеңес беру; | Кеңес беру | Желтоқсан | Ата – аналар және мұғалімдер | |||
5. | Семинарларға, педагогикалық кеңестерге қатысу; | Іздену | Қаңтар | Педагог - дефектолог | |||
6. | Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мен тәрбиелеу мақсатында ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу; | түсіндіру жұмыстарын жүргізу | Ақпан | Ата - аналар | |||
7. | Жеке кеңес беру; | Кеңес беру | Наурыз | Ата-ана, мұғалімдермен жұмыс | |||
8. | Ата-аналарға ашық есік күнін ұйымдастыру | Кеңес беру | Сәуір | Ата-аналармен жұмыс | |||
9. | Жалпы ата-аналар жиналысына қатысу; Баяндама оқу, түсінік жұмыстарын жүргізу | Баяндама | Мамыр | Ата-аналармен жұмыс | |||
Ұйымдастырушылық бағыт | |||||||
1. | 2 | Қыркүйек Желтоқсан Мамыр | Мұғалімдермен жұмыс | ||||
2. | Сынып жетекшілермен бірігіп тіл кемістігі бар оқушылар | Кеңес беру | Қыркүйек Қазан | Сынып жетекшілермен | |||
3. | 1 ші жарты жылтық есеп | Есеп беру | Желтоқсан | Педагог - дефектолог | |||
4. | Ата-аналар жиналысына қатысу | Кеңес беру | Үнемі.Сұра ныс бойынша | Ата-аналармен жұмыс | |||
5. | Жас мамандармен жұмыс | Кеңес беру | Қыркүйек Қаңтар | Жас мамандар | |||
6. | 2 ші жарты жылдық есеп | Есеп беру | Есеп | ||||
Мекеп дефектологы: Адыбаева. С.