Педагог-дефектологтың 2023-2024 үйден оқ оқушылар мен 1 ші жарты жылдық отчет » І.Жансүгіров атындағы орта мектепө МДШО
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагог-дефектологтың 2023-2024 үйден оқ оқушылар мен 1 ші жарты жылдық отчет
23
январь
2023

Педагог-дефектологтың 2023-2024 үйден оқ оқушылар мен 1 ші жарты жылдық отчет

«Алматы облысы білім басқармасының
 Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі»
 «І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен және Базаркелді бастауыш мектебімен» КММ-сі






 
 
2023-2024 оқу жылының I жарты жылдығында арнайы маманның   үйден оқитын оқушылармен жүргізілген жұмыстарының

ЕСЕБІ.
















2023-2024 оқу жылы



       Мектептегі арнайы маман  қызметінің  негізгі мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін балаларға түзете-дамыту сабақтарын тиімді әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру, ата-аналарға және ұстаздарға кеңес беру. Міндеті: дефектолог-мұғалімнің, ОПМПК мамандарымен, мұғалімдер және ата-аналар бірлесе бала бойындағы қиындықты шешу жолдарын анықтау; түзету-дамыту жұмысының бірлік жүйесін жетілдіру;Жоғары дефектологиялық функцияларды және танымдық қызметін дамыту;Балалардың бейімделген жалпы білім беру бағдарламасын меңгерудегі қиындықтардың алдын алу және шешу;Мұғалімдер мен ата-аналарға консультациялық көмек көрсету;Балалардың танымдық қабілеттерін дамытуда оң динамикаға қол жеткізу;Ата-аналарды, отбасын түзете-дамыту процесіне тарту;Ерекше білім беруді қажет ететін әр оқушыға жеке даму бағдарламасын құрастыру;Республикалық, облыстық, қалалық және мекеме деңгейіндегі семинар, конференция, педагогикалық оқулар мен      тамыз мәслихаттарының секция жұмыстарына қатысу.Бастауыш сынып және МАД тобы оқушыларының дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта  құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру.Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте коррекциялық көмек көрсету;

      Мектептегі арнайы маман жұмысының негізгі бағыттары: Диагностикалық бағыт,түзету –дамыту бағыты,ағартушылық - әдістемелік бағыт, психологиялық кеңес беру бағыты, ұйымдастырушылық бағыт.

Қыркүйек айына арналған анықтама 

Мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық даму ерекшеліктері туралы диагностикалық  іс-құжаттарын жинақталды;Мүмкіндігі шектеулі   оқушыларға мінездеме толтырылып,әр оқушының үйлеріне жекелей барып психолог,соц.педагогпен бірлесіп акт толтырылды.

Мектепте мүмкіндігі шектеулі 6 оқушы бар: 

  • 2 А   Айтқазы Саят 
  • 6 А   Пазылжан  Инабат
  • 2 Б    Павлов  Демид
  • 6 Б    Иванов  Виктор
  • 6 В   Османова Шырын
  • 7 Б    Плахин  Владимир

Инклюзивті білім беру бойынша  1 оқушы бекітілді.

5 Б сынып оқушысы Нуртаев Диар (ата-анасының ОПМПК мамандарына өтініші бойынша)


Оқушылардың сабақтағы іс әрекетін бақылау формалары /1а,б.2а,б.3а,б,в,г.4.5.6.7/толтырылды.

Оқушылардың ата-аналарының құжаттары,оқушылардың құжаттары жинақталды. Сынып жетекшілерімен танысып,керек жарағы түгенделді.Мүмкіндігі шектеулі,үйде оқитын 6 оқушың әр қайсысының үйне барып психологиялық жай күйін қарап,мінезедеме толтырылды.

Мүмкіндігі шектеулі балаға медициналық, педагогикалық мағлуматтар жинақталды. ВКК справка,ОПМПК справкалары алынып жинақталды.Арнайы маман  мектеп бағдарламасын сәтті меңгеруге кедергі болатын ерекше білім беруді қажет ететін балаларды түзету-дамыту сабақтарына тіркелді. ДОЖТІЖ  және  ата-анамен бірлесіп сабақ кестесі құрылды.

Мектеп бағдарламасын сәтті меңгеруге кедергі болатын ерекше білім беруді қажет ететін балаларды түзету-дамыту сабақтарына тіркелді.

- «Санау» жаттығуы сандарды қайталау. Таяқшалар арқылы санау және түстерді біріктіру жаттығулары жасалды.Мүмкіншілігіктерінше әріптерді қайталады.

- «Пирамида құрастыр» ойын жаттығуы жасалды. Үлкенінен кішісіне қарай немесе кішісінен үлкеніне қарай тізбектеу,көлеміне қарай сақиналарды тізу.



Жаңа оқу жылына кабинетті жабдықталып, оқушылар тізімі құрылды, жылдық, кешенді жоспар құрылып,бекітілді.Дамуында кемістігі бар оқушылардың  ата-аналарына кеңес берілді.Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мақсатында мұғалімдерге кеңес берілді;

Қазан айына арналған анықтамасы 

Үйден оқитын оқушылармен түзету- дамыту жұмыстары жүргізілді.Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың әлеуметтік қызметтерді меңгеру тәсілдері  қалыптасты. Әр түрлі бояу түрлерін атап сонымен жұмыс жасалды;«Уақытты анықтау» жаттығуы жасалды.


Үйден оқитын оқушылармен түзету- дамыту жұмыстарын жүргізу.Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың әлеуметтік қызметтерді меңгеру тәсілдерін қалыптастырылды.

«Бояуыштар» жаттығу. Әр түрлі бояу түрлерін атап сонымен жұмыс жасалды.

«Қысқыш пен қазан»ойыны/жануарларды түстеріне қарай мұғалім көмегімен жіктеді/

«Таяқша»/берілген мүсіндерді таяқшалар арқылы қайталанды/

   Оқушымен жүргізетін жеке даму жұмысының әдістемелік бағдарламасын әзірленді. Тәжірибе алмасу мақсатында аудан дефектологтарының әдістемелік бірлестік семинарларына қатыстым.Оқушыларды сабақ барысында бақылау жүргізілді;Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мен тәрбиелеу мақсатында ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізілді;


Қараша айына арналған анықтамасы

Арнайы білімді қажет ететін баланың психикасы мен қызметін дамытудағы компенсаторлық механизмерін дамытуға көп көңіл бөлінді. Түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.Оқушының заттарды сипаттау және нақты ажырата білу мақсатында « Көлем.Пішін.Қатты.Жұмсақ » жаттығулары жасалды. Ұсақ қол маторикасын жақсарту және жылдамдыққа қарай жұмыс жасау мақсатында «Дәнді дақыл»мен жұмыс яғни аралас дәндерді ажырату,дәндерден жануарлар бейнелері жасалды.Берілген дыбыстарды мысалы:жануарлардың,аңдардың және де әр түрлі заттардың дыбысталуын қайталау арқылы жақ, тіл,ауыз қуысы артикуляцисы мен жұмыс барысында «Қалай дыбыстайды»жаттығулары жасалды.«Артикуляциялық жаттығулар»/тілге арналған жаттығулар үнемі сабақ барысында жасалып отырды.

Инклюзивті білім берудің мақсаты мен міндеттері» тақырыбында үйден оқитын оқушыларға сабақ беретін мұғалімдермен сұхбаттар жүргізіліп баяндама оқылды.


Желтоқсан айына арналған анықтамасы


   Әр тоқсан сайын түзету-педагогикалық жұмысқа түзетулер енгізілді.Бірінші жарты жылдыққа қорытындысы жасалды.Оқушыларға жеке дара түзету-дамыту сабақтары жоспар бойынша өткізілді. 

   Білім алушылардың жалпы тұлға болып қалыптасуында,танымдық қызметтерінің дамуын дағы екінші реттік ауытқушылықтардың пайда болуы ескертіліп алдын алынды.

« Қыс» мезгіліне байланысты бояуыштар мен сурет салынып,ермексазбен жұмыстар жасалды.

Үйден оқитын қушыларға жеке дара түзету-дамыту сабақтарына түзетулер енгізілді.

Білім алушылардың жалпы тұлға болып қалыптасуында, танымдық қызметтерінің дамуындағы екінші реттік ауытқушылықтардың пайда болуы ескеріліп және алдын алу жұмыстары жүргізілді.

- «Ермек сазбен жұмыс» жаңа жылдық шырша және оған асылатын ойыншықтар тақырыбындағы қол өнерлерін жасалды.

- «Ертегі құрастырамыз»/берілген жануарлар бейнесі арқылы ертегі құрастыру/

- «Пазл»/пазлды деңгейлеріне қарай құрастыру.

Жұмыстары жүргізілді.


Үйден оқитын оқушылардың ата-аналарымен диагноздарына және өтіліп жатқан сабақтардың тақырыптарына қарай кеңестер берілді. Психологпен бірлесіп әр түрлі тақырыптарда сауалнамалар жүргізілді. 

Психологиялық кеңес беру бағытыбойынша:

 Дамуында кемістігі бар оқушылардың  ата-аналарына кеңестер берілді;

Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мақсатында мұғалімдерге кеңес беріліп.Үйден оқитын оқушылардың жетістіктері талқыланды.







Жаңа жыл қарсаңында үйден оқытылатын оқушыларға «Көңіл күй көтереміз»атты мектеп ұстаздарының көмегімен ұйымдастырылған акция жасалды. Мектеп мұғалімдері тарапынан өз еріктерімен қаржылай көмек көрсетіліп, балаларға аяз атадан сыйлық және қаржылай көмек көрсетілді.




Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2020-2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru