Әлеуметтік педагогтың 2022-2023 оқу жылының ІІ жарты жылдық есебі » І.Жансүгіров атындағы орта мектепө МДШО
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әлеуметтік педагогтың 2022-2023 оқу жылының ІІ жарты жылдық есебі
30
май
2023

Әлеуметтік педагогтың 2022-2023 оқу жылының ІІ жарты жылдық есебі

«І.Жансүгіров   атындағы орта мектеп -мектепке дейінгі 

шағын орталығымен және  Базаркелді бастауыш мектебімен»

 коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022-2023 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған

жұмысының жылдық есебі.



     Мектепте тамыз айының 29 жұлдызында бекітілген  бұйрыққа сай мектеп әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілген әлеуметтік педагогтың жоспары бойынша келесі жұмыстар атқарылды.

      Маусым айында 2022-2023 жылға арналған жұмыс жоспарын дайындап, әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілді. Жылдық жоспар негізінде айлық, апталық жоспарлар жасалып, жоспар бойынша төмендегі жұмыстар жасалды. 

Жаңа 2022-2023 оқу жылының жоспарын директормен бекіту. 

Мақсаты: Аз қамтылған және көп балалы, жартылай жетім, жетім, т.б. отбасыларына көмек көрсету және тұрмыстық жағдайларын зерттеу, тексеріс  ұйымдастыру.Көмек беру.

Тексеру түрі:   Отбасын диагностикалау және айқындау:

- жетім;

- ата-анасының қамқорылығынсыз қалған;

- толық емес;

- көпбалалы;

- отбасы мүмкіншілігі  туралы айқындалып пед кеңес мүшелерімен  кеңес жүргізіледі.

Негіздемесі:  Аз қамтылған және көп балалы, жартылай жетім, жетім, т.б. отбасыларына көмек көрсету және тұрмыстық жағдайларын зерттеу, рейдтер ұйымдастырылды.Ұйымдастыру барысында. Отбасы жағдайы қолайсыз отбасыларына , сұхбаттасу, әңгімелесу жүргізілді. Жыл басында аз қамтылған көп балалы отбасынан шыққан және жетім  балаларға пед кеңес шешімімен асханада тегін тамақпен қамтуларына шешім шығарылды.

 Әлеуметтік паспорт жүргізілді сынып жетекшілер мен бірлесіп оқушылардың әлеуметтік жағдайлары бойынша сататтарға бөлінді.

Мектепке жол акция барысында тамыз айында 15 балаға жалпыға бірдей білім беру қорынан әр бір балаға 15 мың теңгеден ақшалай көмек берілді.

   2022 жылдың 1 қыркүйегінен 1-11 сынып аралығында көпбалалы және аз қамтылған отбасындағы 100 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. /барлық ыстық тамақпен қамтылған оқушы саны 100/. Ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімі жасалып ауыл әкімімен бекітілді. Әр айдың 25 ші жұлдызында ыстық тамақ ішетін оқушылардың есебін  ДТІЖО Қ.С.Абдуваитов пен  әлеуметтік педагог А.  Окасова және    ИП « Трегубенко О.В » өткізілді. Оқушылардың күнделікті тамақ ішуін мектеп медбикесі В. Розбакиева  және әлеуметтік педагог А.С.Окасова  бақылап отырды. Оқушылардың жеке құжаттарымен танысып, әр түрлі жағдайына қарай тізімі жасалды.  Және жалға алушы есебінен 15 оқушы тамақтанады .    Барлық тамақтанатын оқушы саны        115 . Көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен, жартылай жетім және қамқорлыққа алынған балалардың әлеуметтік төлқұжатты жасалды. Мектеп бойынша баланың жалпы саны -273. Көпбалалы отбасындағы оқушылар саны 127 бала, аз қамтылған отбасындағы оқушылар саны 11 бала, жартылай жетім оқушылар саны 23 бала, 





    2022-2023 оқу жылында желтоқсан айында , көп балалы, аз қамтылған, жартылай   37.500тенге  жетім ,бір анасымен ,бір әкесімен тәрбиеленіп жатқан оқушылдың   ата-аналарына  қаржылай көмек берілді.

Қаржылай көмек беру бойынша оқушалар тізімімен ауданымызға сұраныс беріліп бекітілді.

Осы оқу жылында әлеуметтік көмек   ретінде аз қамтылған ,көп балалы отбасыларына азық түлік және киім-кешекпен көмек берілді.



      2022-2023 оқу жылында жаңа жылдық мерекеге байланысты үйде оқитын оқушыларымызға жаңа жылдық сыйлықтар әкімшілік тарапынан үй үйлерге сыйлықтар берілді

   Қантар айына жаңа жыл басталуына байланысты қаңтар айында сыныптар бойынша жаңадан әлеуметтік паспорт жаңартылып директормен бекітілді.


Әлеуметтік педагог              Окасова    А.С.

Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2020-2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru