Әлеуметтік педагогтың 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдық есебі
"І. Жансүгіров атындағы орта мектебі МДШО КММ мен Базаркелді бастауыш мектебі
бойынша тегін ыстық тамақтанатын оқушылар
2022-2023 оқу жылы
І жарты жылдық есеп
Мақсаты: Аз қамтылған және көп балалы, жартылай жетім, жетім, т.б. отбасыларына көмек көрсету және тұрмыстық жағдайларын зерттеу, тексеріс ұйымдастырылып Пед кеңес шешімімен бекітілген ЖБББ қорынан және жалға алушы есебінен тегін ыстық тамақпен қамтыларын оқушыларды қадағалау .
Көмек беру. Пед кеңес № 3
Тексеру түрі: Отбасын диагностикалау және айқындау:
- жетім;
- толық емес;
- көпбалалы;
- отбасы мүмкіншілігі туралы айқындалып пед кеңес мүшелерімен кеңес жүргізіледі.
Асханадан тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушыларды қазан айында қадағаланып оқушылар толықтай тегін тамақпен қамтылуда .Оқушылар күнделікті тегін ыстық тамққа жақсы нәтиже айтуда . Оқушыларымыз уақытылы тегін ыстық тамаққа келіп тамақтанады. Қараша айына тегін ыстық тамақ ЖБББқорына азқамтылған ,көп балалы отбасынан шыққан 10 оқушыларға сұраныс беріліп сұраныс қабылданып ЖБББ қорынан 100оқушы тамақтанады және жалға алушы тарапынан 15 оқушы тамақтапып және тамақтанатын оқушылар уақытылы тамақтанып тізімі мен акт жұмысын қараша айын аяқтап және желтоқсан айы мен қаңтар айына жаңадан оқушылар қосылуына сұраныс және отчёт районға тапсырылды.
3 | 1кл | 2кл | 3кл | 4кл | 5кл | 6 кл | 7 кл | 8 кл | 10кл | 11кл | барлығы |
Тегін тамақ ішуге құқығы бар оқушы саны | 10 | 6 | 13 | 17 | 17 | 8 | 16 | 8 | 4 | 1 | 100 |
Жалға алушы есебінен | 1 | 5 | 3 | 3 | 3 | 15 |
Жаңа жылдық әкім және призидент шыршасына аудан көлеміне мектебімізден екі оқушы Базаркелді
бастауыш мектебінен екі оқушы тізімге еңгізілді . 4Б сынып оқушысы Саталкин А, 3 Б Редуха Таисия ,2 А Оразбай А , 3А Нұрсұлтан М.. Мектебімізде ата аналар тарапынан Жанабаева Алуа бастаған аз қамтылған, көп балалы, бір анасымен және бір әкесімен тәрбиеленіп жатқан оқушыларымызға қыстық сыртқы киімдер куртка, бас киім т.б беріліп оқушыларымызға көмек көрсетіп қолдаулар көрсетілді .
2023 жылдық жаңа жыл мерекесіне орай мектебіміздің әкімшілік тарапынан және ұстаздар ұйымдастырған үйде оқыйтын мүмкіндігі шектеулі оқушыларымызға
жаңа-жылдық керемет сыйлықтар үй үйлерге таратылып берілді .
Жаңа жылдық іс- шараға үйде оқыйтын мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған оқушыларымызға
Жанашар округінің әкімінің және волонтер Нұрзада ханым т.б демеушілер тарапынан жаңа жылдық керемет мерекелік іс- шара өткізіп және жаңа жылдық дастархан ұйымдастырып әдемі сыйлықтар берілді, балалар мен ата- аналар көңілді алғыстарын білдірді.
Желтоқсан айында 28\30 аралығында 32 отбасына көпбалалы ,азқамтылған, бір анамен, бір әкемен, мүмкіндігі шектеулі т.б оқушыларға 37 мың қаржылай көмек берілді.