Мұғалімдердің сапалық құрамы » І.Жансүгіров атындағы орта мектепө МДШО
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
август
2022

Мұғалімдердің сапалық құрамы

Мектеп ұжымының сапалық құрамы -сапалы білімнің кепілі.Қазақстанда орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын құзыреттілікке және сапаға бағытталған тың бағдарлама. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге бағыттау – ұстаздың басты міндеті болуымен қатар, оларға жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді. Өйткені, сапалы білім мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес.

Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден бір шарты мұғалімнің ізденімпаз болуы.Қазіргі замандағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін — өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады.

Олай болса, мектептің сапалық құрамы сабақ беретін ұстаздардың кәсіби дәрежесінен құрастырылады . 2019-2020 оқу жылында оқу үрдісін 41 мұғалім жүзеге асырса, оның ішінде магистр дәрежесі-жоқ, жоғары білімдісі-36, арнаулы орта-5 болса, 2020-2021 оқу жылында оқу үрдісін 43 ұстаз жүзеге асырып, оның 38-сы арнаулы орта – 5, 2019-2020 оқу жылында


 

педагог –зерттеуші -1, педагог- сарапшы-3, модератор-4, 2020-2021 оқу жылында педагог- шебер-1, жылында педагог – зерттеуші –1, педагог- сарапшы-12, модератор-10 болды.2021-2022оқу жылында педагог-шебер-1, педагог – зерттеуші –3, педагог- сарапшы-15, модератор-10 болды







Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2020-2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru