Педагог-дефектологтың 2022-2023 оқу жылында жүргізген жұмыстарының ЕСЕБІ. » І.Жансүгіров атындағы орта мектепө МДШО
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагог-дефектологтың 2022-2023 оқу жылында жүргізген жұмыстарының ЕСЕБІ.
29
май
2023

Педагог-дефектологтың 2022-2023 оқу жылында жүргізген жұмыстарының ЕСЕБІ.


«Алматы облысы білім басқармасының
 Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі»
 «І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен және Базаркелді бастауыш мектебімен»КММ-сі






 
 
  Педагог-дефектологтың  
2022-2023 оқу жылында жүргізген жұмыстарының

ЕСЕБІ.















2022-2023 оқу жылы



       Мектептегі дефектологиялық қызметтің негізгі мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың интеллектуалдық және сенсорлық дамуындағы ауытқулардың алдын алу, түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу арқылы білім беру. Міндеті: Дамуында ауытқушылығы бар  балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзеу жөніндегі шешімдерді жас ерекшелігіне  байланысты қолдану.Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте коррекциялық көмек көрсету.Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта  құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру.

      Мектептегі дефектолог жұмысының негізгі бағыттары: диагностика, коррекция және дамыту, ағарту және кеңес, алдын-алу жұмыстары бойынша жүргізіледі. Қыркүйек   айында 1-ші сынып оқушыларының мектепке дайындығын анықтау  және МАД тобындағы оқушылардың диагностика жасау арқылы тіл кемістігі бар оқушылар ,дыбыстарды ажырата алмайтын оқушыларды анықтау мақсатында жұмыстар жүргізілді.

 Әр сыныптың сабақтарына жекелей қатысып оқу үлгерімі жағынан,тіл кемістігі жағынан, оқушылардың жалпы психологиялық ахуалы қадағаланды. Жалпы жылдық,айлық,апталық жоспарлар құрылды. Дефектолог жұмысының цыклограммасы жасалды. Осы жүргізілген зерттеулер қортындысы әр сыныптың ата - аналар жиналысында талқыланды. Жұмыстың негізгі бағыттары: 

Диагностикалық бағыт. Мақсаты: Тұлғаның жеке және психикалық даму ерекшеліктерін, сондай-ақ даму динамикасын зерттеу. 

Түзету және дамыту бағыты. Мақсаты: Оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды түзету, жалпы оқу дағдысы мен біліктілікті дамыту.

Ағартушылық,әдістемелік бағыт.Мақсаты:Бала дамуының даму ерекшеліктері,түзету-дамыту жұмысы бойынша ағарту.

Психологиялық консультация,  кеңес жүргізу бағыты.Мақсаты: Педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмек көрсету.

















Қыркүйек айына 

Анықтама

        Мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық даму ерекшеліктері туралы диагностикалық  іс-құжаттарын жинақталды.Мүмкіндігі шектеулі  оқушыларға мінездеме толтырылып,әр оқушының үйлеріне жекелей барып сынып жетекші,психолог,соц.педагогпен бірлесіп акт толтырылды.

       Мектепте үйден оқитын 6 оқушы бар: 

  • 1 Б    Кузнецова   Диана 
  • 1 Б    Павлов   Демид
  • 1 А   Айтқазы Саят
  • 5 А   Пазылжан  Инабат
  • 5 Б    Иванов  Виктор
  • 6 Б    Плахин  Владимер

Оқушылардың ата-аналарының құжаттары,оқушылардың құжаттары жинақталды. Сынып жетекшілерімен танысып,керек жарағы түгенделді. Мүмкіндігі шектеулі,үйде оқитын 6 оқушың әр қайсысының үйіне барып психологиялық жай күйін қарап,мінездеме толтырылды. Мүмкіндігі шектеулі балаға медициналық, педагогикалық мағлуматтар жинақталды. ВКК справка,ОПМПК справкалары алынды.Дефектолог мектеп бағдарламасын сәтті меңгеруге кедергі болатын ерекше білім беруді қажет ететін балаларды түзету-дамыту сабақтарына тіркеді. Ата-ана және ДОІЖО мен бірлесіп пәндік сабақ және түзету- дамыту сабақтарының кестесі құрылды.

Жаңа оқу жылына кабинетті жабдықталып, оқушылар тізімі құрылды, жылдық, кешенді жоспар құрылып, мектеп басшысымен бекітілді.

Дамуында кемістігі бар оқушылардың  ата-аналарына үй жағдайында баламен қалай даму жұмыстарын жүргізуге болатыны туралы кеңестер берілді;

Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мақсатында сабақ беретін мұғалімдерге кеңестер берілді;

1-4 бастауыш сыныптарында мектеп бойынша 131 бала бар әр қайсысына дефектологиялық зерттеу жасалды,жалпы сыныптар бойынша Р,С,З,Ж,Л,К дыбыстарын дыбыстай алмайтын және ажырата алмайтын оқушылар саны 8 оқушы : 1 Б Кожакова Ясмина, Полякова Юлия. 1А Аманғажыұлы Жігер. 2 Б Молдабаева Иззат. 3 Б Корсун Алина, Морозов Макар, Мади Адама. 3 В Кузнецов Тимур. Логопедиялық 25 сағаттан құралған сабақ  ұсынылды.

0-1 сыныптар және үйден оқитын оқушылармен «Жыл мезгілдерін анықтау»атты жаттығуы жасалды. Жаттығу барасында жалпы төрт жыл мезгілі және олардың ерекшеліктері туралы түсінік берілді. Оқушыларға қандай жыл мезгілдері ұнайтыны туралы қызықты сұрақ-жауаптар жасалып, суреттер салды. «Қоршаған ортамен танысу»атты серуендеу арқылы табиғатпен таныстыру жалпы табиғат құбылыстары туралы түсінік берілді.








Қазан айына 

Анықтама

           Сынып жетекшілер мен бірігіп бастауыш сынып оқушыларының тіл кемістігі бар балалар анықталды.Кемістігі анықталған оқушыларға дефектологқа келу кестесін құрылып циклограмма жасалды. 

     Үйден оқитын оқушылармен түзету- дамыту жұмыстары жүргізілді.Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың әлеуметтік қызметтерді меңгеру тәсілдерін қалыптастырылды.

    0А және 0Б сынып оқушылары және үйден оқитын оқушылар мен  «Бояуыштар» жаттығу жасалды. Әр түрлі бояу түрлерін атап,суретте берілген жеміс жидектердің түстерін анықтау және оны бояу жұмыстары жасалды.Ұқсас түстерді ажырату,біріктіру арқылы бояуыштар жаттығуы жасалды.

 3-4 сыныптармен «Уақытты анықтау» жаттығуы өткізілді. Жалпы сағат адам баласының өмірінде қандай роль атқарады және уақыттың адам өміріндегі маңызы жайлы жалпы түсінік берілді. 

Оқушымен жүргізетін жеке даму жұмысының әдістемелік бағдарламасы әзірленді.

    Аудан дефектологтарының әдістемелік бірлестік семинарларына қатыстым,тәжірибе алмасу мақсатында өзара сабаққа қатысу және сабақтарды талдауларға қатыстым.

Бастауыш және МАД тобы оқушылары сабақ барысында психологпен бірлесіп бақыланды;

Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мен тәрбиелеу мақсатында ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді;






Қараша айына 


Анықтама

      Кемістігі анықталған оқушыларды топқа және жеке дара жұмыс жасау тобына жинақталды. 1-6 сынып оқушыларының сөйлеу мәнеріндегі дыбыстың дұрыс шығуы қадағаланды .

      Арнайы білімді қажет ететін баланың психикасы мен қызметін дамытудағы компенсаторлық механизмерін дамыту жұмыстары жүргізілді. Түзету-дамыту жұмыстары. 1-6 сынып оқушыларымен « Көлем.Пішін.Қатты.Жұмсақ » жаттығулары жасалды. Заттардың жалпы сипаты яғни көлемі, пішіні, қатты, жұмсақ  немесе үлкен кіші екенін ажырату. Заттарды дұрыс сипаттауды үйренді.

Мұғалімдердің ашық сабақтарына, семинарларына және тағыда басқа мектепшілік іс-шараларға қатысып білімімді жетілдірдім.

  «Инклюзивті білім берудің мақсаты мен міндеттері» тақырыбында мектепшілік жыйында баяндама оқылды.

   Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына дефектолог маманынан кеңес берілді.

   Тіл кемістігі анықталған оқушылардың ата-аналарына   «Саусаққа арналған жаттығулар» ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар ұсынылды. Қол моторикасы оқушының мыйының екі жарты шарын толығымен дамытуға жақсы ықпал етеді. 

Нейрогимнастикалық жаттығуларда ұсынылды яғни адам бет бұлшық етімен қолмимикасының қатар қозғалуы дыбыстардың толық әрі нақты шығуын сонымен қатар есте сақтау қабілетін толық дамытуға ықпалын тигізеді.







Желтоқсан айына 

Анықтама

Әр тоқсан сайын түзету-педагогикалық жұмысқа түзетулер енгізілді. Оқушыларға жеке дара түзету-дамыту сабақтарын өткізілді. Үйден оқитын оқушылар мен және  0А 0Б сынып оқушыларымен «Құрастыру ойыны» ойнатылды түстеріне,көлеміне қарай әр түрлі құрастыратын фигураларды дұрыс орналастыруды үйренді.«Ермек сазбен жұмыс» берілген суреттерді қайталап және өздері қалаған фигураларды оқушылар жасады. Ермексазбен жұмыстағы ептіліктері артып,ой-қиялдары дамыды. 

Облыстық  байқауларға және курстар мен семинарларға қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстым.

        Үйден оқыту және тіл кемістігі бойынша оқушылардың ата-аналарына жеке лей кеңестер беріліп,үй жағдайында баламен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу жолдарына кеңестер ұсынылды.  Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мақсатында оқушылардың диагноздарына байланысты  пән мұғалімдерге кеңестер берілді.

Үйден оқитын оқушыларды психолог,соц.педагог және ДТІЖО мен бәрлесе құттықтадық.








Қаңтар айына 


Анықтама


         Үйден оқитын әр бір баланың психикалық даму ерекшеліктері мен білім, білік машық қалыптасу деңгейін қадағалау мақсатында диагностикалық тексеруден өткізілдіү. Көру ,есту, сөйлеу қабілеті бұзылған, сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға психологпен бірлескен көмек көрсетілді. 

 0-1 сынып оқушылары және үйден оқитын оқушылармен « Сіріңкемен немесе санау таяқшаларымен санау арқылы әр түрлі пішімдер жасау » жаттығулары жасалды. Санау және түстеріне қарай орналастыру,таяқшалар арқылы оқушылар әр түрлі фигуралар жасады. 

       "Біз өмірді қолдаймыз!"  тақырыбында 5-8 сыныптар арасында психологпен бірлескен баяндама оқылып жалпы өмір туралы оқушылардың пікірлерін сұрап ой бөлістік.

          Аудандық семинарға және педагогикалық кеңестерге қатыстым."Аутизм мүмкіндіктер әлемі" тақырынба  халықаралық конференцияға қатыстым. "Инклюзивті білім берудегі заманауи әдіс тәсілдерді пайдалану "тақырыбындағы аудандық семинарға қатыстым.

        Қоршаған ортаны бағдарлауын қалыптастыру үшін қыс мезгілі жайла деректер айтылып әр түрлі суреттер салында. 



Ақпан айына 


Анықтама


     Оқушылардың даму динамикасының ерекшеліктерін анықтау мақсатында сабақ барысында бақылау. Баланың мәселелерін кешенді түрде зерттеу қажеттіліктерін командалық   бағалау арқылы анықтау.

    «Қайшымен жұмыс істеу дағдыларын жаттықтыру» жаттығуы 0А 0Б сынып оқушыларымен әр түрлі апплекциялар жасалды. 

    Түстерді ажырату мақсатында үйден оқитын оқушылармен түстерді  ажырата отырып қысқыш арқылы дұрыс салу.

Жалпы мектепішілік және сыныптық ата-аналар жиналыстарына қатысып әріптерді айталмау,бала зейінінің тұрақсыздығына байланысты,қазіргі таңдағы актуалды мәселелердің бірі смартфонды көп қарау туралы психологпен бірлескен кеңестер берілді. Бір ана мен,бір әкемен ата-анасы ажырасқан және жетім балалардың үйлерін аралап психолог.соц.педагогпен акт толтырылды. Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мен тәрбиелеу мақсатында ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.





























Наурыз айына 


Анықтама


 «Жақсы  ұстаз туа болмайды, жүре болады» атты жас мамандар апталығы жүргізілді. 0 А сыныбымен «Р дыбысын қоюға машықтанамыз.Пазл» тақырыбында сыныптан тыс  сабақ өткізді.



Әлеуметтік,психологиялық және оқу-білім дағдыларының статусын жіктеу мақсатында ерекше білім беруді қажет ететін әр оқушымен психологпен бірлескен түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.

- «Тәні саудың - жаны сау » жаттығу. Адам дене мүшелерімен танысу және олардың қызметі. МАД тобы және үйден оқитын оқушылармен адамның дене мүшелері олардың атқаратын қызметі түсінік берілді.




Үйден оқитын оқушылардың ата-аналарына оқушы диагнозына байланысты, түзету-дамыту сабақары бойынша жекелей кеңестер берілді.







Сәуір айына


Анықтама

   Ерекше білім беруді қажет ететін әр оқушының оқу пәндері бойынша білімін және танымдық қабілеттерін,пәндер бойынша жекелей сабақ беретін мұғалімдермен  оқушы диагноздарына байланысты қабілеттері негізінде кеңестер берілді.

 Әр тоқсан сайынғы түзету-педагогикалық жұмысқа түзетулер енгізілді.Отбасы жағдайында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарына кеңес беру. 

- «Бағдаршам » жаттығу. Үйден оқитын оқушылармен бағдаршам тақырыбында суреттер салынды.Бағдаршамда берілген әр түстің қызметін,қолданылу тәсілдері туралы түсінік берілді. Бағдаршамды түстеріне қарай дұрыс бояу бойынша қарандашпен және бояуышпен бояды.





Мектептегі тіл кемістігі бар оқушылардың диагностикасын жасап нәтиже шыққан оқушылар  3Б Корсун Алина, Мади Адама. 1А Аманғажыұлы Жігер. тізімнен алынды.

Педагогтармен,психологпен,мектеп медбикесімен тіл кемістігі бар балаларға 












Мамыр айына


Анықтама

Даму динамикасын және жыл бойы жүргізілген жұмыстың нәтижелілігін анықтау мақсатында 0А,0Б сыныпоқуышалрын,тіл кемістігімен тіркелген оқушыларды және үйден оқитын оқушылардың  диагностикалық тексеруден өткізілді, соның негізінде келер жаңа оқу жылына болжамды жоспарлар құрылды.

Екінші жарты жылдық және жылдық атқарылған жұмыс бойынша есеп жазылды. Циклограмма бойынша атқарылған жұмыстар көрнекілігімен түгенделді.

Жыл бойы жүргізілген жұмыстың нәтижелілігін анықтау арқылы балалармен қалай жұмыс жасау керек және жазғы демалысты тиімді пайдалану бойынша ата-аналарға кеңес берілді. Ерекше балаларға білім беру және бағалау бойынша аудандық семинарға психологпен қатыстық.












Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2020-2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru