2022-2023 үйден оқитын оқушылармен жұмыс есебі » І.Жансүгіров атындағы орта мектепө МДШО
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 үйден оқитын оқушылармен жұмыс есебі
28
апрель
2023

2022-2023 үйден оқитын оқушылармен жұмыс есебі


«І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен және Базаркелді бастауыш мектебімен» КММ педагог-дефектологтың  үйден оқитын оқушылармен өткізілген жұмыстың тамыз-қыркүйек айларына 


Анықтама


          Бекітілген жылдық жоспар бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық даму ерекшеліктері туралы диагностикалық іс-құжаттары жинақталды. ОПМПК сараптамасы ВКК анықтамалары алынды. Мүмкіндігі шектеулі оқушылар мен танысып  мінездеме және отбасымен танысып акт толтырылды. Әр оқушының диагноздарына байланысты Ы.Алтынсарин бағдарламасынан жинақталып түзету-дамыту бағдарламасы және жылдық  жоспар бекітілді.

         Мектеп бойынша үйден оқытылатын 6 оқушы бар: 

  • 1 Б   Кузнецова  Диана
  • 1 А  Павлов  Демид
  • 5А   Пазылжан  Инабат
  • 5Б    Иванов  Виктор
  • 6Б    Плахин  Владимер












«І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен және Базаркелді бастауыш мектебімен» КММ педагог-дефектологтың  үйден оқитын оқушылармен өткізілген жұмыстың қазан айына 


Анықтама


      Үйден оқитын оқушылардың ата - аналарына  және сабақ беретін пән мұғалімдеріне кеңестер берілді. Тіл кемістігіне және мінез құлық ауытқуына байланысты кеңестер берілді. Оқушылар мен ойын жаттығулары өткізілді.           

      Түзету-дамыту сабақтары кесте бойынша өткізіліп күнделіктері толтырылды.Қол икемдерін дамыту мақсатында  «Суда жүзген балықтар», «Қолшатыр» т.б ермексазбен жұмыстар жүргізілді .

     Түстерді ажырата білуге машықтандырып  «Түстерді орналастырамыз» жаттығуы жасалды. Түстерге байланысты әр түрлі бояу түрлерімен суреттер салынды. Әр сабақ сайын саусақ жаттығулары,артикуляциялық жаттығулар жасалды. 












«І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен және Базаркелді бастауыш мектебімен» КММ педагог-дефектологтың  үйден оқитын оқушылармен өткізілген жұмыстың қараша айына 

Анықтама

    Үйден оқитын оқушылардың ұсақ қол моторикасын дамытуға икемдеуге байланысты.  «Таяқшалар», «Қайталап сыз» жаттығулары жасалды.

 Ата-аналардың әр түрлі  сұрақтарына жауаптар беріліп  "Баланың оқу іс - әрекетіне көмек"тақырында ата-аналарға төмендегідей  кеңестер берілді.

Баланың сабағын жеңілдететін  жағдай жасауға тырысыңыз:

      тұрмыстық – жақсы тамақтану, тұрақты  режим, толыққанды ұйқы, жайлы тұрмыстық жағдай, сабақ оқуға жайлы және ыңғайлы орын;

      эмоционалдық – баланың мүмкіндігіне сенімділік артыңыз, табысты орындауынан үміт күтіңіз, кішкене жетістігі болса да, қуанышыңызды білдіріңіз, баланың оқуына төзімділік, мейірімділік танытыңыз, бала үлгермей жатса қатты сөйлемеңіз; 

      мәдени – балаңызды анықтамалармен, сөздіктермен, атластармен, бейне таспалармен, мектептің оқу бағдарламасына сәйкес кітапшалармен қамтамасыз етіңіз.

  1.Өз балаңызды тыңдаңыз: ол жаттауға, есте сақтауға берген тапсырманы айтып шықсын, жазуға берген мәтінді бөліп-бөліп, асықпай оқыңыз, оқулықтағы сұрақтар бойынша сұраңыз т.с.с.

 2.Өзіңіздің бала кезіңіздегі жетістіктеріңіз туралы айтып, білімдеріңізбен бөлісіңіз.

 3.Ата-ананың назарында баланың бағасы ғана емес, білім болу керектігін есте ұстаңыз. Сондықтан да баланың болашағы туралы ойлап, алған білімінің қай кезде, не үшін  қажеттілігін түсіндіріңіз. Баланың оқуға белсенділігін тудыратын отбасылық дәстүрлер мен әдеттер құрыңыз.

5.Баланың бос уақытын құр қалдырмай, оны мазмұнды әрі, пайдалы етіп өткізуге көмектесіңіз.



«І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен және Базаркелді бастауыш мектебімен» КММ педагог-дефектологтың  үйден оқитын оқушылармен өткізілген жұмыстың желтоқсан айына 


Анықтама

      Үйден оқитын оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мақсатында. «Табиғатты аялайық» тақырыбында қыс мезгілі жайлы толық ақпараттар беріліп, әр түрлі видеороликтер мен мультфильмдер көрсетілді. Ауа райына қарай  таза ауада серуен жүргізілді. Жаңа жылдық шыршаларға қатысуға көмек берілді.  Қыс мезгілі тақырыбында суреттер салынды.

Ата-аналарға арналған «Сынақ» ойыны ойналды:

1 сынақ - ситуациялық сұрақтарға жауап беру.

2 сынақ - аяқталмаған мақал- мәтелдерді дұрыс жалғап аяқтау. 

3 сынақ - бұл кісілер өз балаларына қойылған аттарды (есімдерді) қорғайды, яғни, мектеп жасындағы балаларының атын қою тарихын, кім қойғанын, не үшін, кімнің құрметіне қойылғанын түсіндіріп айтып шығады.












«І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен және Базаркелді бастауыш мектебімен» КММ педагог-дефектологтың  үйден оқитын оқушылармен өткізілген жұмыстың қаңтар айына 


Анықтама

      Үйден оқитын оқушылар мен дұрыс дыбыстауды үйрендік. Үй жануарлары,жабайы жануарлардың қандай дыбыс шығаратындарын берілген үлестірмелер арқылы тауып,бірге қайталадық. Үй жануарларының мүсінімен ертегілер құрастыруды үйрендік. Артикуляциялық жаттығулар,саусаққа арналған жаттығулар және графикалық диктант жазуды үйрендік. Ата-аналарға үй жағдайында оқушымен бірге әсем әуен тыңдауға,таза ауада жиі серуендеуге және релаксатция жаттығуларын жасауға кеңес берілді. Мектепте жасалған жаттығуларды үй жағдайында баламен қайталау ұсынылды.















«І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен және Базаркелді бастауыш мектебімен» КММ педагог-дефектологтың  үйден оқитын оқушылармен өткізілген жұмыстың ақпан айына 

                                                                     

Анықтама

      Үйден оқитын оқушылар мен қоршаған ортадағы заттардың көлемін,пішінін анықтауға және оны ұстап сезу үшін жаттығулар жасалды. Жаттығуларды жасау барысында оқушылардың диагноздары ескерілді. Оқушылар заттардың   қатты, жұмсақ дене түрлерімен танысты және бірігіп жаттығулар жасалды. Қатты заттардың ауырлығы түр түсін ажырату жеңіл заттардың салмағы жайлы түсіндірілді. Әр сабақ сайын санауды қайталаймыз,аты-жөндерін толық айта алуы,отырған сыныпта немесе бөлмеде қандай заттардың бар екендігі олардың ауырлығы мен пішімдерін арнайы маманмен бірге қайталап үйрендік. Қыс мезгіліне байланысты «Ақ қар» тақпағын жаттадық. Аққала,қар,мұз және шанамен сырғанау жайында суреттер салдық. Жалпы қыс мезгілінде адамдардың не себепті қалың киінетіні туралы түсіндірілді.Әр сабақтаа артикуляциялық жаттығулар және саусаққа арналған жаттығулары жасалды.  














«І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен және Базаркелді бастауыш мектебімен» КММ педагог-дефектологтың  үйден оқитын оқушылармен өткізілген жұмыстың наурыз айына 

                                                                     

Анықтама

            Наурыз айында үйден оқитын оқушылар көктем тақырыбында суреттер салды. Апта сайынғы түзету-дамыту сабақтары жүргізілді. Ауа райына  қарай серуен,табиғатпен сырласу,үй жануарлары туралы әңгіме жүргізілді. Даму ерекшеліктеріне байланысты графикалық диктанттар алынды. Санамақ ойыны ойнатылды, саусақпен және санамақ таяқшалары арқылы түстерді ажырата отырып санауға,таяқшаны түстеріне қарай атап біріктіру мен санауды үйренді. Таяқшалардан әр түрлі фигуралар және үйшіктер құрастырып үйрендік. Қайталап сыз,нүктелерді біріктір жаттығулары жасалды.

          Бағдаршамның түстерімен танысып, бағдаршам арқылы жолда жүру   ережесін үйренді. Бағдаршамды дұрыс боя,қай түс қандай белгі береді ойындары ойнатылды. Артикуляциялық жаттығулар және мимикалық жаттығулар жасалды. Оқушылар Р,Ж,З дыбыстарын қоюға машықтанды.

Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2020-2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru