инклюзив жылдық план дефектолог 2021-2022
БЕКІТЕМІН
Мектеп директоры
Р.Сагидуллаева__________
«И.Жансүгіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен және Базаркелді бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-дефектологтың инклюзивті оқушылармен атқарылатын жылдық жұмыс жоспары
2021-2022 оқу жылы
Мақсаты: Инклюзивті оқушылардың интеллектуалдық және сенсорлық дамуындағы ауытқулардың алдын алу, түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу арқылы білім беру
Міндеті:
- Инклюзивті балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзеу жөніндегі шешімдерді жас ерекшелігіне байланысты қолдану.
- Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте коррекциялық көмек көрсету
- Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру
Жұмыстың негізгі бағыттары:
- Диагностикалық бағыт
Мақсаты: Тұлғаның жеке және психикалық даму ерекшеліктерін, сондай-ақ даму динамикасын зерттеу. - Түзету және дамыту бағыты
Мақсаты: Оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды түзету, жалпы оқу дағдысы мен біліктілікті дамыту. - Ағартушылық , әдістемелік бағыт
Мақсаты:Бала дамуының даму ерекшеліктері ,түзету-дамыту жұмысы бойынша ағарту. - Дефектологиялық консультация, кеңес жүргізу бағыты
Мақсаты: Педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмек көрсету.
Дефектологтың жұмыс бөліктері:
-оқушылармен жұмысы;
-оқытушылармен жұмысы;
-ата-аналармен жұмысы.
№ | Жұмыс мазмұны | Мақсаты | Мерзімі | Қатысушы | Әдісі | Жауапты |
Диагностикалық бағыт | ||||||
1. | Инклюзивті оқушылардың диагностикалық іс-құжаттарын жинақтау; Инклюзивті оқушыларға мен танысу. | Инклюзивті оқушылардың іс-құжаттарын жинақтау және толық танысу. | Қыркүйек | 9 ,11 сынып оқушылары | Іс-құжаттар | Педагог - дефектолог |
2. | Инклюзивті оқушылармен дара жұмыс жасау; | Оқушылардың дыбыстарды дұрыс айтуын қадағалау. | Қазан - Қараша | 9 ,11 сынып оқушылары | Жинақтау | Педагог - дефектолог |
3. | Әр тоқсан сайын түзету-педагогикалық жұмысқа түзетулер енгізу. | Оқушының білім деңгейін қорытындылау. | Желтоқсан | 9,11 сынып оқушылар | Сараптама | Педагог - дефектолог |
4. | Әр бір баланың психикалық даму ерекшеліктері мен білім, білік машық қалыптасу деңгейін тексеру. | Диагностикалық тексеруден өткізу | Қаңтар | 9,11 сынып оқушылар | Жинақтау | Педагог - дефектолог |
5. | Оқушылардың даму динамикасының ерекшеліктерін сабақ барысында бақылау. | Сабақ барысында оқушыларды бақылау. | Ақпан | 9,11 сынып оқушылары | Бақылау | Педагог - дефектолог |
6. | Анықталған оқушыларды топқа және жеке дара жұмыс жасау тобына жинақтау. | Оқушыларды топқа және жеке дара жұмыс жасау тобына жинақтау. | Наурыз - Сәуір | 9,11 сынып оқушылары | Жинақтау | Педагог - дефектолог |
7. | Даму динамикасын және жыл бойы жүргізілген жұмыстың нәтижелілігін анықтау мақсатында оқушыларды диагностикалық тексеруден өткізу. | Оқушыларды диагностикалық тексеруден өткізу. | Мамыр | 9,11 сынып оқушылары | Сауалнама | Педагог - дефектолог |
Түзету –дамыту бағыты | ||||||
1. | - Инклюзивті оқушыларға медициналық, педагогикалық мағлуматтар жинау. - «Дүкенге саяхат» жаттығу. | Оқушылардың бейімділігін зерттеу. | Қыркүйек - Қазан | 9,11 сынып оқушылары | Сауалнама | Педагог - дефектолог |
2. | - Инклюзивті оқушылармен оқушылармен түзету- дамыту жұмыстарын жүргізу. - «Жемістер» жаттығу. | Әр оқушымен дара жұмыс атқару | Қазан- Қараша | 9,11 сынып оқушылары | Дамыту-түзету | Педагог - дефектолог |
3. | Көру ,есту, сөйлеу қабілеті бұзылған, сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға дефектологиялық көмек көрсету арқылы үйрету. - «Оқушының есте сақтауын тексеру» жаттығу. | Оқушыларға психиологиялық көмек көрсету | Желтоқсан Қаңтар | 9,11 сынып оқушылары | Дамыту-түзету | Педагог – дефектолог Психолог |
4. | Бала дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып , жеке дамыту бағдарламасын жүргізу. - «Сиқырлы музыка» жаттығу. | Оқушылардың өзіне сенімділігін арттыру | Ақпан Наурыз | 9,11 сынып оқушылары | Дамыту-түзету | Педагог - дефектолог |
5. | Отбасы жағдайында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарына кеңес беру. | Ата – аналармен жұмыс | Сәуір | 9,11 сынып оқушылары | Кеңес беру | Педагог - дефектолог |
6. | Жыл бойы жүргізілген жұмыстың нәтижелілігін анықтау арқылы балаларға көмек көрсету. | Жалпы бақылау арқылы қорытындымен жұмыс істеу | Мамыр | 9,11 сынып оқушылары | Дамыту-түзету | Педагог - дефектолог |
Ағартушылық , әдістемелік бағыт | ||||||
1. | Жаңа оқу жылына кабинетті жабдықтау, сыныптың тізімін құру, жылдық, кешенді жоспар құру, сабақ кестесін құру . | Оқушының білім алуына жағдай жасау | Қыркүйек | Мектеп әкімшілігі | Жоспарлау | Педагог - дефектолог |
2. | Оқушымен жүргізетін жеке даму жұмысының әдістемелік бағдарламасын әзірлеу. | Әр оқушымен жеке жұмыс атқару | Қазан | 9,11 сынып оқушылары | Жоспар құру | Педагог - дефектолог |
3. | Мұғалімдердің ашық сабақтарына, семинарларына және т.б. қатысу. | Сабақ барысындағы оқушыларды қадағалау | Қараша | 9,11 сынып оқушылары | Қатысу | Педагог - дефектолог |
4. | Біліктілікті арттыру курстарына, семинарларға және т.б. қатысу. | Өз білімімді жетілдіру | Желтоқсан | 9,11 сынып оқушылары | Білімін жетілдіру | Педагог - дефектолог |
5. | "Біз өмірді қолдаймыз!" баяндама. | Оқушылардың өмірге деген көз қарасын жақсарту | Қаңтар | 9,11 сынып оқушылары | Білімін жетілдіру | Педагог - дефектолог |
6. | Өз білімін көтеру. | Курстар мен семинарларға қатысу | Ақпан | 9,11 сынып оқушылары | Іздену | Педагог - дефектолог |
7. | Педагогтармен,психологпен,мектеп медбикесімен тіл кемістігі бар балаларға ортақ көмек көрсету | Педагогтармен, психологпен, мектеп медбикесімен байланыс жұмыстарын жүргізу. | Наурыз Сәуір | 9,11 сынып оқушылары | Іздену | Педагог - дефектолог |
8. | Ерекше білім қажет ететін балаларды оқытуда ақпараттық технологияларды қолдануды игеру. | Жаңа технологиялармен танысу және жұмыс жасауды игеру | Мамыр | 9,11 сынып оқушылары | Білімін жетілдіру | Педагог - дефектолог |
Дефектологиялық кеңес беру бағыты | ||||||
1. | - Инклюзивті оқушылардың ата-аналарына кеңес беру; -Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мақсатында мұғалімдерге кеңес беру; Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес беру. | Кеңес беру | Қыркүйек | 9,11 сынып оқушылары | Кеңес беру | Педагог - дефектолог |
2. | -Оқушыларды сабақ барысында бақылау; - Инклюзивті оқушылардың дұрыс оқыту мен тәрбиелеу мақсатында ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу; | Түсінік жүргізу | Қазан | 9,11 сынып оқушылары | Түсінік жүргізу | Педагог - дефектолог |
3. | Жеке кеңес беру; - Дамуында кемістігі бар оқушылардың ата-аналарына кеңес беру; -Дамуында ауытқуы бар балаларды дұрыс оқыту мақсатында мұғалімдерге кеңес беру; | Кеңес беру | Желтоқсан | Ата – аналар және мұғалімдер | Бақылау | Педагог - дефектолог |
4. | Семинарларға, педагогикалық кеңестерге қатысу; | Іздену | Қаңтар | Педагог - дефектолог | Іздену | Педагог - дефектолог |
5. | Инклюзивті оқушыларды дұрыс оқыту мен тәрбиелеу мақсатында ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу; | түсіндіру жұмыстарын жүргізу | Ақпан | Ата - аналар | Кеңес, баяндама | Педагог - дефектолог |
6. | Жеке кеңес беру; | Кеңес беру | Наурыз | Ата-ана, мұғалімдермен жұмыс | Кеңес беру | Педагог - дефектолог |
7. | Жалпы ата-аналар жиналысына қатысу; Баяндама оқу, түсінік жұмыстарын жүргізу | Баяндама | Мамыр | Ата-аналармен жұмыс | Баяндама | Педагог - дефектолог |
Мекеп дефектологы: Адыбаева. С.